Презентация не тему: ?алам ?ашан ж?не ?алай пайда болды?
Амангелді жалпы білім беретін орта мектебі“Қалам қашан және қалай пайда болды?”Орындаған: Бодешов Ө.АЖетекшісі: Қуанышова Г.Б2014-2015 оқу жылы
Мазмұны:1. Абстракт 2. Кіріспе 3. Зерттеу бөлімі: Теориялық бөлім3.1. Қаламның шығу тарихы 3.2. Ласло Биро мәңгілік қауырсын3.3.Қаламның түрлері3.4. Қаламның пайдасы мен зияны Практикалық бөлім.3.5 . Қалам қалай жасалады?3.6.Қаламнан жасалатын заттар 3.7. Қалам туралы әзілдер, ертегілер, өтірік өлеңдер, жұмбақтар, суреттер, өлеңдер (оқушы шығармашылығынан) 4. Қорытынды 5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі 6. Аннотация 7. Ғылыми жетекшінің пікірі 8. Ғылыми консультант пікірі
Зерттеудің міндеттері:1. Қаламның шығу тарихын зерттеу2. Қалам түрлерін анықтау3. Қаламды қолға дұрыс ұстаудың маңыздылығын білу4. Қаламдардың адамға пайдасы мен зиянын ажыратып анықтау.Қойылған міндеттерді шешудің әдістері: Теориялық зерттеу Тәжірибе жасауБақылау әдісіСалыстыру Сызба Зерттеу жұмысының мақсаты:Қаламдардың қалай, қашан пайда болғанын және тұрмыстағы қажеттілігін білу. Қалам түрлерін зерттеу арқылы, көпшілікке насихаттау, материалдар (коллекциялар) жинақтау.Зерттеудің нәтижесі мен қорытындысы:Жұмысты жазу барысында ең алғаш пайда болған қаламдар мен қазіргі кездегі қаламдардың артықшылығын, пайдасымен зиянын зерттеп, сияны киімге төгіп алған жағдайда не істеу керектігі жайлы ақыл - кеңестер берілді.Зерттеуге қажетті құрал - жабдықтар: Ғаламтор желісі, өмірлік тәжірибе, ақпарат құралдары.Зерттеу жұмысының нысаны:Қазіргі кездегі қолданыста жүрген қаламдар түрлерін анықтау, салыстыра отырып зерттеу.
Қалам туралы аңыздармен, әзіл әңгімелермен, бейне жаңалықтармен таныстым.Қалам түрлерінен коллекциялар жинақтадым.Қаламнан әр түрлі заттар жасауға болатындығын білдімҚаламды түрлі бағалы заттардан қалай жасауға болатындығын үйрендімҚалам туралы мен білмейтін көптеген жаңа ақпараттармен таныстымҚалам туралы өз шығармашылығымды жинақтадым. (эссе, өлеңдер, суреттер, мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, жұмбақтар) Зерттеу жаңалығы:
Кіріспе Б.з.д. шамамен 1300 жылы римдіктер балауыз қолданды. Балауыз арқылы жазатын құрал «стилус» деп аталады. Ал қытайлықтар бұл кезде қола стилустарды қолданды. Б.з.д. 600-1800 жылдары қаздың қауырсыны қолданылды. Қауырсын рекордты түрде XVIIІ ғасырға дейін өмір сүрді. Шамамен 1790 жылы австриялықтар және француздықтар қаламға арналған гриель ойлап тапты. 1803 жылы қаламсапқа арналған қауырсын пайда болды. 1884 жылы Левис Эдсон Ватермен сия құюға болатын қаламсапты ойлап тапты. 1888 жылы Джон Лоуд АҚШ-та шарикті қаламсап жасады. 1945 жылдың қазан айында Нью-Йорктегі жәрмеңкеден кейін шарикті қаламсап үлкен сатылымға ие болды. 1953-1983 жылдары АҚШ-та 7 миллиард қаламсап сатылған. Әдемі жаза білу үшін қаламсап түрлерін өзгертіп, қолдың еттері жақсы жаттығу үшін әртүрлі формадағы қаламсап түрлерін пайдаланған жөн. Мысалы, ауыр, жеңіл, жұқа тағы басқа. Арзан бағадағы қаламсапты қолданбау керек. Қаламсап түрлерін алмастырып тұру ләзім.Қазіргі кезде қаламсаптың түрі өте көп. Олар әр түрлі формада жасалынып жүр. Мәселен жуандатылып жасалған әр түрлі формаға келтіріліп, жіңішкесі де бар, қолға ұстағанға ыңғайлысы да сол. Жуандатылып жасалған қаламсаптар жазуды бұзатыны қақ. Сырты әдемі болған соң балалар қызығып ұстағысы келеді, бірақ, ол баланың қолын талдырып жіберуі абзал, жазуы да бұзылып кетеді. Қаламсапты таңдар кезде оның тек әдемілігіне ғана қарамай қолға ұстағанға ыңғайлысын, сиясының түсіне, қою немесе сұйықтығына да қарап алу керек. Шарикті қаламсаптар оның жуандау немесе жіңішке жазатынына қарай ерекшеленеді.
{C4B1156A-380E-4F78-BDF5-A606A8083BF9}Аты-жөні:Ласло БироАтқарған қызметі:Журналист, ғалымТуған күні, айы, жылы:29 қыркүйек 1899 жылТуған жері:Будапешт, ВенгрияЕлі: ВенгрияҚайтқан күні:24 қараша 1985 ж (86ж)
Қаламның шығу тарихы Бұрынғы кездe жазу құралдары қауырсыннан басталмаған еді. Ең басында адамзат жазу үшін 4000 жыл бұрын дымқыл саздан жасалған тақтайшаға ағаш таяқшамен қырып жазған. Одан соң Римде балаyызға жазуды ойлап тапқан. Осы әдіс англосакстардың пергамент ойлап тапқанынша 18-шы ғасырға дейін қолданылған еді. Біздің ғасырымыздың 600-1800 жылдары пергаменттың көбею және арзандауы барлығына қолжетімді жазу құралын ойлап табуға түрткі болды. Осылай адамзат сияға батырылатын кұc қауырсынымен жазуды ойлап тапты. Ағылшынның "pen" сөзі латынша "penna" құс қауырсыны деген сөзден шыққан. Құс қауырсындары 18-ғасырға дейін рекордтық yақыт қолданылды. 19-ғасыр соңында темір қаyырсынды қаламсаптар тез тозғыш, Жиі ауыстыруды қажет ететін құc қауырсындарын түгелдей қолданыстан шығарды. 1884 жылы қауіпсіздендіру агенті Левис Эдсон Ватерман сия арқылы толтырылатын қаламсаптың ойлап шығарушысы ретінде тарихқа енді. Ол жұмыста өте көп жазатын болғандықтан қаламсапты ойлап шығарды. Ватерман өз жұмысын қалдырып "Ideal Pen" компаниясын ашады. Осылай ол сияға толтырылатын қауырсынды қаламсаптарды сатуды бастады. Бұл 1943 жылы Ласло Биро iске кіріспесе мәңгілік жалғасар еді. Өзінің жұмысына байланысты (ол журналист болды) ол типографияда жиі болып, ротиациялық машинадан шыққан сиясы құрғақ газетті көріп ойлана бастады. Неліктен қаламсаптарды да типография сиясы секілді тез кебетін сиямен толтырмасқа? Сонда автоқаламмен жұмыс істеу өте ыңғайлы болар еді. Журналист бұндай сияның қою болу керек екенін түсіндi. Бірақ сия қою болса ол автоқаламның капилляр системаларын бітеп тастайды. Сондықтан ол басқа бірдеңе ойлап тапқысы келді. Дипломы бар химик ағасымен ақылдасады. Осылай Биро қауырсынды бос айналатын шармен алмастырады. 1938 жылы алғашқы қаламсап шығарылды. Екінші дүниежүзілік соғыс алдында Венгриядағы жағдай Ласло Биро секілді либеральды журналисттер үшін қауіпті болды. Сондықтан Ласло Бироға Парижге, Парижден Испанияға ақыр соңында Аргентинаға көшеді. Парижде болған кезде ол өз қаламсаптарының шығарылуына патент алады. Ал Аргентинада ол өзіне қаражат жағынан көмектесетін финансистты табады. Осында Ласло Биро қаламсап құрылысын жақсартып, шарлы өзек жасап шығаратын машинаны өңдейді. Биромен құрастырылған шағын фабриканың алғашқы бұйымдары Аргентинада 1943-інші жылы сатылымға шығады. Олар бұрынғы сияға толтырылатын қауырсынды автоқаламға карағанда қымбаттырақ болды. Ең алғашқы сатып алушылардың бірі ұшқыштар болған еді. Ұшқыштар үшін бұндай қаламсаптар ыңғайлы. Себебі ауада ұшу кезінде атмосфералық қысым төмен болады. Биро ойлап тапқан қаламсаптар сиясы ұшу кезінде құс қауырсынды автоқаламның сиясындай ағып кетпейтін еді. Бұл каламсаптар туралы АҚШ-тың қорғаныс министрлігіне дейін жетеді. Ол ең күшті қалам фабриканттарына Ласло Бироның автоқаламсаптарымен танысып, сондай қаламдарды американдық ұшқыштарға шығаруға бұйрық берді. 1944-інші жылы Биро АҚШ патентімен өз қаламсаптарын қорғады және екі үлкен американдық компанияларға лицензия сатты. 1947-інші жылы Ласо Биро Ватерман автоқаламсаптар жұмысынан алыстады және өзін живописьқа арнады. Басында шарлы өзектер технологиясы қымбат болды. Бірақ 1953 жылы француз предприниматеелі Марсель Бич арзан шарлы өзегі бар және бір қолданбалы қаламсаптар шығаруға қаражат енгізді. Қаламсап бағасы түскені соншалықты, ол барлығына қолжетімді болды. Осылай шарлы өзегі бар автоқаламсаптар бүкіл әлемге тарады. Ал сосын біздің үстелімізге де түсіп, таптырмайтын затқа айналды.
Қаламның шығу жылдары{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}№ЖылдарыТүрі14000 жыл бұрынДымқыл саздан жасалған тақтайшаға ағаш таяқшамен қырып жазу2Б.з.д. шамамен 1300 жылы Стилус3Б.з.д. 600-1800 жылдарҚаздың қауырсыны 41790 жыл ойлапҚаламға арналған гриель 51803 жылҚаламсапқа арналған қауырсын 61884 жылЛевис Эдсон Ватермен сия құюға болатын қаламсап71888 жылДжон Лоуд АҚШ-та шарикті қаламсап 8 1943 жылыЛасло Биро шарикті қалам92013 жылыRecorder102012 жылLernstift112010 жыл3D-принтері қаламсап122012 жылҚұран оқитын қаламсап132007 жылСенсорлы қаламсап142014 жылЗерек қаламТестке арналған қалам
Қаламсап дегеніміз - біздің күнделікті өмірімізде қолданып жүрген жазу құралы. Ойлап қарасаңыз қаламсапсыз өмір өте қиын болар еді. Мысалы біз құстың қауырсынымен әлі күнге дейін жазатын болсақ маңызды құжат жазу кезінде сияны төгіп алуымыз мүмкін. Сондықтан қаламсапты ойлап тапқан адамдарға үлкен алғыс айтуымыз қажет.Қаламсап екіге бөлінеді. Жай қаламсап Сиясын толтыруға болатын қаламсап. Аудармалары: Қазақша - қаламАғылшынша: pen Жапонша: ボールペン(bo:rupen), ペン(pen)Орысша: ручка
Қаламсаптың түрлеріҚауырсынды қаламАсыл тастардан жасалған бағалы қаламдар"Lernstift" ағылшын фирмасы қағаздағы қателікті табуға арналған қаламсап Құран оқитын қаламсапЖадында сақтайтын флешкалы қалам (Қолжазбаны электронды түрге айналдыратын қаламсап)3D-принтері қаламсапШарикті қаламсапЖуанЖіңішке Сия толтырып отыратын қаламсапRecorder 1654321098711Тестке арналғанқаламсапЗерек қаламСенсорлы қаламсап1312
Тестке арналған қаламсапТестке арналған қаламсап. 11 сынып оқушыларына арналған қаламсап деп атауға да болады. Өйтені бұл қаламсапты тест тапсыру кезінде жауап парағындағы дөңгелектерді белгілеуге арналған. Қаламсапты сол дөңгелекке тигізсең сыртына шығармай, толық бояп береді. Тест тапсыру барысында оқушылардың уақыттарын үнемдейтін өте ыңғайлы және тиімді қаламсап.
Қазіргі таңда жазуға құралдары ғылыми техникалық прогреске сай болу керек. Бүгінде жазудың кең таралған құралы шарикті қаламсап. Оқушылар қаламсаппен жаза білу керек. Ол өте қолайлы және жеңіл. Шарикті қаламсап бұрыштан 50 – 55 0, перо – 35 – 45 0. Сабақ барысында қаламсапты ашып, шашпау керек. Әр түрлі түсті сия тек мұғалімде ғана болады. Шарикті қаламсап
Қауырсындықаламсап. Біздің ғасырымыздың 600-1800 жылдары пергаменттың көбею және арзандауы барлығына қолжетімді жазу құралын ойлап табуға түрткі болды. Осылай адамзат сияға батырылатын кұc қауырсынымен жазуды ойлап тапты. Ағылшынның "pen" сөзі латынша "penna" құс қауырсыны деген сөзден шыққан. Құс қауырсындары 18-ғасырға дейін рекордтық yақыт қолданылды. 19-ғасыр соңында темір қаyырсынды қаламсаптар тез тозғыш, жиі ауыстыруды қажет ететін құc қауырсындарын түгелдей қолданыстан шығарды.
Асыл тастардан жасалған бағалы қаламдар
Дизайнерлер жазған-сызғаныңызды жадында сақтайтын қасиетке ие қаламсап ойлап тапты. Recorder деп аталатын қаламды 7 ғалым бірігіп, жоғары технологияның мүмкіндіктерін пайдаланып жасап шықты. Recorder-дің ерекшелігі, қағазға жазған жазбаңызды арнайы орнатылған лазерлі жадқа сақтап отырады. Ал сақталған жазбаны Bluetooth-дің көмегімен компьютеріңізге жібере аласыз. Жазу құралының ерекше жүйесі тіпті қателерді де тексереді. Әзірге эксперимент ретінде шығарылған қаламның ағылшын тіліне арналған нұсқасы ғана бар. Оны құрастырушылар тауар қолжетімді жағдайда сатылымға түседі деп отыр.
"Lernstift" ағылшын фирмасы қағаздағы қателікті табуға арналған қаламсап Өнертапқыш иелері жаңа қаламсапты жастарға арнап шығарған. Әсіресе, енді-енді жазуға бет бұрып келе жатқан мектеп оқуышылары басты нысанда болған екен.Қаламсап әлі де жаңартылу үстінде. Шынайы өмірде тұрақты қолданысқа ену үшін аз-маз өзгертулер керек. Анықтау жүйесі кең әрі толық көлемде қарастырылмақ. Ерлі-зайыпты Фалька мен Мэнди Вольски алғашқы сынақты да өткізіп көрді.Осы жылдың соңынан бастап қаламсапты жасап шығару мәселесі бір ізге қойылмақшы. Әзірге, кеңселік тауарларды шығаратын компаниялармен шарт жасасып жатқан көрінеді
Қаламның зияны мен пайдасы(түріне қарай)Жуан қаламЖіңішке қалам
Сия толтырып отыратын қаламсап 1884 жылы қауіпсіздендіру агенті Левис Эдсон Ватерман сия арқылы толтырылатын қаламсаптың ойлап шығарушысы ретінде тарихқа енді. Ол жұмыста өте көп жазатын болғандықтан қаламсапты ойлап шығарды. Ватерман өз жұмысын қалдырып "Ideal Pen" компаниясын ашады. Осылай ол сияға толтырылатын қауырсынды қаламсаптарды сатуды бастады. Бұл 1943 жылы Ласло Биро iске кіріспесе мәңгілік жалғасар еді. Өзінің жұмысына байланысты (ол журналист болды) ол типографияда жиі болып, ротиациялық машинадан шыққан сиясы құрғақ газетті көріп ойлана бастады.
3D-принтері қаламсап түрінде көлемді нысандарды суретке салуға мүмкіндік береді3 Doodler — бұл қаламсап түрінде орындалған, ең нағыз 3D-принтері. Хат жазу үшін стандартты 3-миллиметрлік пластикалық шыбықтар пайдаланылады. Қаламсаптың салмағы 200 граммнан кем, Кикстартерге алдын ала тапсырыс беру 75 долларға жетеді (жеткізілім жинақтамасына пластикалық шыбықтың екі жиынтығы енеді). 3D-қаламсаппен тек қана «қолдан жазу» ғана емес, сонымен қатар сайттан жеке-жеке «айналдыруға» болатын, сосын құрылымдаушы сияқты, үш өлшемдік құрылымды жинауға болатын, қағазға басып шығаруға арналған бөлшектердің үлгілерін жүктеуге болады.
Құран оқитын қаламсап Қазіргі кезде технология заманы болғандықтан,заман қарыштап дамып келе жатыр.Адамды неше түрлі техникалармен құлтемірмен (робот) таңқалдыруда. Оған мысал, Құран Кәрім кітабын оқитын қалам. Бұл құралды Құран сүрелеріне тигізсеңіз болды арабша мәнерлеп айтып береді.Тағы тамсандырғаны,аударма қызметінде атқара алады екен. Қазақша,ағылшынша,ұйғырша,орысша,өзбекше т.б тілдерді қамтиды.Бұл дегеніміз Құран үйренушілерге таптырмайтын құрал екені даусыз.Оныммен бөлек кішкентай кітапшасы бар екен. Бұл араб әліппесін үйренушілерге арналған кітапша. Кәдімгі қалта телефоныны сияқты зарядтау мүмкіндігіне ие бұл құрал сізге ұзақ 7-8 сағат қызмет ете алады. Осындай пайдалы дүние жасайтын адамдарға Аллаһ разы болсын дегім келеді.
Сенсорлы қаламЖаңа технологиялардың бірі сенсорлы қалам. Бұл қалам андройд функциялары бар ұялы телефон мен планшеттерге арналған. Сенсорлы қаламмен жұмыс істеу өте оңай. Өзіміздің күнделікті қолданып жүрген қаламнан айырмашылығы жазуларды элетронды түрде телефонға енгізіп, жазғандарды сақтап қоюға да болады. Сенсорлы қаламды қолдану арқылы телефонның экранына сызат түсірмей, таза қалпында сақтауға болады.
«Зерек» сөйлейтін қалам «Зерек» атты сөйлейтін қаламның ерекшелігі неде? Пайдалану туралы нұсқаулықта көрсетілгендей, сөйлейтін қалам – заманауи технологияның сапалы және қауіпсіз электронды өнімі. Оның атқаратын функциялары да аз емес. 2-3, 4-5 және 6-7 жастағы балаларға арналған жеке-жеке суретті кітапшаларды пайдалана отырып, қаламды оған тигізу арқылы баланың айналамен таныстығы, ортаны танып білуі басталады. «Зерек» қаламы бүлдіршіндердің қызығушылығын арттырып, ойлау, көру, түсіну, сөйлеу, сурет салу қабілеттерін дамытады. Әр баланы өз ана тілінде еркін, жатық сөйлеуге, сөз мәнерін қалыптастыруға, оқуға, есептер шығаруға, тақпақтар жаттауға, ән айтуға жаттықтырады.
Бүгінде көптеген адамдар қалам алып қағаз бетіне жазудан бас тартып жатады. Себебі, ара-тұра кездесіп тұратын қателіктер қаламсап иесін бей-жай қалдырмасы сөзсіз. Оның үстіне үстел үстіндегі заманауи технология өзіне еріксіз тартып, бүкіл қателіктеріңіздің ізін суытып, бар жағдайды жасауға тырысқан.
Практикалық бөлім.Қалам қалай жасалады?Күнделікті өмірде, мектепте жиі қолданылатын қаламның қалай жасалатынын білгіңіз келеме?1) Қалам жасау үшін қажет болған ағаш. 2) Ағаштың бетіне жолдар ашылып, арнайы желім жағылады. 3) Әр бір жолдарға қаламның ұштары орналастырылады. 4) Жолдар жабылатындай етіліп үстіңгі жағы да ағашпен жабылады. 5) Екі ағаш бір-біріне тығыздалып жабыстырылады. 6) Ыстық жерде құрғатылады. 7-8) Қаламдарды арнайы түрде кесіп алу процедурасы жасалады. Міне қаламыңыз дайын! Сұхбат
Қалам туралы әзілдер: Қаламсап Сыныпта диктант жазып жатқан оқушылардың бірінің қаламсабының сиясы таусылып қалса керек, қасындағы досынан ақырын ғана:-Қаламсабым жазбай қалды, ұштағышыңды бере тұршы,-депті.ҚаламсапСабаққа Айбек келді. Диктант жазып жатқан кезде қаламының сиясы бітіп қалды.Апайы неге жазбай отырсың дегенде, қаламсабымның бинзині бітіп қалды дептіҚалам туралы жұмбақтар: Тiл жоқ өзiнде, Сөзi бар iзiнде. (Қаламсап) Денесi бар шыбықтан, Темiр тұмсық құдықтан, Сусын алып iшедi, Ойы iз боп түседi. (Қаламсап) Бір басты,екі тілді бір мақұлық, Жүреді айдалада ырғатылып, Менсініп ешбір жанмен тілдеспейді, Өзінің сөйлеспесе досты барып. Жиһанда қанша ділмар болсаң-дағы Тұрасың сөйлесе алмай болып ғарып, Онымен тілдесе алсаң сөз шығарып, Кісіге пайдасы көп, залалы жоқ, Дос болсаң бар мұқтажың бітер анық. ҚаламОйларынды аңсаған, Асыл сөздi ақ алаңға, Түсiруден шаршаған, Мен емеспiн әмәнда. (Қалам) Қаралаяқ ат міндім қаздаңдатып, Су ішпесе жүрмейді қырсау тартып, Бір аяғын шалшыққа малып алып, Тар көшеге салдым табандатып. Қалам Жаны жоқ қаршыға қолға қонар, Жем алып қиын жерден аузы толар, Мен өзім қаршығамнан баһра алдым, Шешуі осы сөздің қиын болар. Қалам Ат міндім қарала аяқ қаздақтатып, Жүргенде жол салады табандатып. Қалам Астында төсегі бар салған тағы, Адамша сөз сөйлейді тілі жоқ, жағы, Теңізден салған жолы сайрап жатыр, Мүдірмей ойлап тапшы мұны-дағы. Қалам
ҚАУЫРСЫН ҚАЛАМ, АҒАШ ҚАЛАМСАП ЖӘНЕ БОЛАТ ҚАЛАМҰШ ТУРАЛЫ ЕРТЕГІАқ қаз су жағасында мамырлай жайылып жүр едi, құлағына шаң-шұң керiскен дауыс естiлдi. Дауыс шыққан жаққа мойын созып қараса, о, ғаламат, кәдiмгi ағаш қаламсап пен болат қаламұш! Екеуi терезенiң алдына шығып алып, бiрiне-бiрi кiжiнiп, салғыласып тұр.– Менiң пайдам адамға сенен гөрi он есе артық тиедi. Мен оның көңiлдегiсiн қағазға айнытпай жазып беретiн қолғанатымын. Менсiз сен түкке де аспайсың, – дейдi Қаламұш шiңкiлдек жiңiшке үнмен.– Мен болмасам, сия сауыттың iшiне күмп етiп, батып кетер едiң, болмаса иеңнiң қолын былғап, сөгiс естiп жатар едiң, – дейдi Қаламсап оған дау айтып.Ақ қаз бұл сөздердi естiп, өз-өзiнен мырс етiп күлiп жiбердi. Содан соң мойнын одан бетер созыңқырап:– Әй, достарым, сәл сабыр етiңдер. Екеуiңнiң таластарың менiң күлкiмдi келтiрiп тұр, – дедi.– Неге? – деп үрпиiстi Қаламсап пен Қаламұш. Ақ қаздың бұған ашуы келiп кеттi де:– Мен болмасам, сендер дүниеге келмес едiңдер. Бүйтiп таласып тұрмас едiңдер. Мен сендердiң аталарың болам! Сендер, екеуiң де менiң қауырсынымнан жаралғансыңдар! – дедi Ақ қаз.– Қайтiп?– Бiлмесеңдер, тыңдаңдар әулекiленбей, – деп, Ақ қаз әңгiмесiн шұбырта жөнелдi. – Адам бiр кезде менiң қауырсынымды ұштап, ұшын екi айырық қып үшкiрлеп, жазуды сонымен жазатын едi. Оны қауырсын қалам деп атайтын. Арада талай заман өттi. Жер бетiнде жазу бiлетiн адамның саны көбейдi де, қаздың қауырсыны оларға жетпейтiн болды. Содан соң адам ағаштан қаламсап жасап, оған қаз қауырсынынан қаламұш тiлiп орнататын амал тапты. Бұлай еткенде бiр қауырсын талай адамның пайдалануына жарайтын едi.Арада тағы да көп-көп жылдар өттi. Жазу бiлетiндер бұрынғыдан да молайды. Қаздың қауырсынына мұқтаждық арта түстi. Сонан соң адам әрi толғанып, берi тол-ғанып мына сенi, болат Қаламұшты ойлап тапты. Екеуiңнiң дүниеге келу тарихтарың, қысқартып айт-қанда, мiне, осындай, – деп, Ақ қаз сөзiн түйдi.Ағаш Қаламсап пен болат Қаламұш бұл жайды бұрын-соңды естiмегендiктен, екеуi бiр-бiрiне таңырқаса қарасып тұрып қалды.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!