В неклассная работа на тему Отбасы — алтын бесік


«Отбасы - алтын бесік.»
Тақырыбы: «Отбасы - алтын бесік.»
Мақсаты: Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру.Міндеті: Отбасы  құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру.Отбасы мүшелерінің міндеттерін орындауға байланысты қолданылатынбіліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру.Көрнекілігі: Қанатты сөздер, Қабырға газеті ойын элементтері: жағдаятжазылған үлестірмелі қағаздар, «менің отбасым» буклет.Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгіме,  сұрақ-жауап, пікіртерім, сайыс.Сабақтың барысы:I Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушыларды түгендеу.2. Сабақты қызықтыру мақсатында оқушыларды топтастырып, тақырыппентаныстыру. «Көңілді күн» әніне билеу шаттық шеңберіне тұрып.Кіріспе сөз: Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына дегенсүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенгеқызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.Бүгін біз «Отбасы - алтын бесік.» тақырыбындағы тәрбие сағатымыздаБала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортағасалмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласышыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығынабейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді.Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі.Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел  ананың тікелей міндеті.Мұғалім: Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар.Мұғалім: Әкең-қазақ, шешең-қазақ, қарағым,Сен де ұлысың мынау дархан даланыңӘр халықта ұлттық намыс деген бар,Оны биік қасиет деп санағын, дей отырып бүгінгі біздің «Отбасы - алтын бесік.», атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?Сол құдірет иесінің  алдында бәріміз бас июге тиіспіз.Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс.Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.Олай болса алған білімімізді, тәрбиемізді шыңдайтын кезде  жетті. Кезекті сайысқа түсетінтоптарға берсек. Топтар өздерін таныстыра кетсе.1. А) Топ аты. І топ «Алтын ұя»
ІІ топ «Аялы алақан» Ә) Ұраны. І топ «Алтын ұямда не көрсем, ұшқанда соны ілермін»
ІІ топ «Тәртіптің ең тамаша мектебі, Отбасым аялы алақан мекені» Б) Топ төс белгісі. (қорғауы керек)
2. «Болашақ білімді жастар қолында».
А) Сұрақ-жауап
Ә) Өлең-тақпақ
Б) Шығармашылық
3. «Аталы сөз – баталы сөз» (Тыйым сөздер, мақал-мәтелдер)
4. Ән айтыс
5. Әкем, анам және мен (жағдаят, ойын)
2. «Болашақ білімді жастар қолында» тақырыбында білім сайысы шарты әр топқа сұрақтар қойылады.А)
1-топқа1. Балдан тәтті не? (бала)2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)3. Балаға кім сыншы? (ата-ана)4. Әкеден балаға беріледі (мұра)5. Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстазқадірлі.)6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)7. Бес дұшпанды атаңдар? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)8. Отбасы мүшелерін ата? (Ата-әже, әке-ана, ұл, қыз)9. Ең алғаш қазақ хандығын құрған кімдер? (Керей мен Жәнібек)
10. Үш биді ата. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) 2-топқа1. Тәрбие мен білімнің ордасы (мектеп)2. Отбасында кім басшы? (Әке, Ана)3. Биыл қазақ хандығының қанша жылдығы? (550 жыл)4. Қазақстанда қандай білім алу міндетті. (орта білім)5. Бес асылды атаңдар (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
6. Отбасындағы шаруа қалай істеледі? (ақылдасып)
7. Отбасы табысы барлығына да қандай? (ортақ)
8. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
9. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? (бәйге, көкпар, теңге алу, қыз қуу)
10. Қандай салт-дәстүрлерді білесің?
Ә) Өлең тақпақ.
Аружан
Мені ойламай жүрмейтін,
Орынсыз көп күлмейтін.
Ондай жақсы ғылымды,
Елге керек білімді,
Ізденуден жалықпа
Басқалардан қалыспа
Бар ұстазың шақырса
Жүрме ойнап асыр сап
Дейтін әкем ақылды
Сөзі кісі нақылды.
Нұрхан
Жақсы ісіне баланың
Қуанбақ бар ата-ана
Әкеме мен баламын
Немеремін атама
Қайда барса тастамай
Қасына ертіп жүреді
Мен дегенде анамның
Далада екен жүрегі
Жаннұр
Менің анам жақсы адам
Ондай ана бар ма екен
Қатты ренжіп қалмайтын
Кешірімшіл жан екен
Менің апам тамаша
Еркелеткен иіскеп
Мен өскенде апама
Беремін әсем үй істеп
Анар
Бала бала бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Ақмаржан
О, ата-ана
Таянатын тірегім
Бар бақытты бір басыңа тіледім
Бізді жақсы болсын екен деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің
Алдымен сүй, ардақты ата анаңды
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Б) Шығармашылық жұмыстар: (Жасаған буклеттерін қорғау)
3. Халқымыз «Аталы сөз – баталы сөз» деп бекер айтпаған. Ендеше кезекті сөз сайысына берсек.
(Отбасына, бала тәрбиесіне байланысты тыйым сөздер, мақал-мәтелдер)
Мысалы:
Бала тілі – бал
Балалы үй базар
Баласыз үй қу мазар
Атаңа не қылсаң
Алдыңа сол келер
Атасыз үй батасыз
Анасыз үй панасыз
4. Ән айтыс (Өздері білетін отбасы туралы әндер
Мысалы: «Ананың тілі», «Қошақаным», «Бала тілегі» т.б.
5. Әкем, анам және мен. (жағдаят, ойын)
«Тығырықтан шығу» тақырыбында жағдаяттық сұрақтар.
1-топқа
1. Сенің өзіңе жақын адал достық бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?
2. Сен тәртіпсіздік жасадың мұғалім  сені қатты сөкті. Сен не істейсің?
3. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалатын оқушы бар. Ол оқушыға деген
көз қарасың қандай. Сыныптасың ретінде не айтар едің?
2-топқа
1. Саған мұғалімің сеніп, жауапкершілігіңді бағалап ертеңге жұмыс тапсырды. Бір себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың. Не істейсің?
2. Сыныпта тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен оқушы бар. Ол оқушыға көз қарасың қандай. Сыныптас досың ретінде не айтар едің?
3. Сенің адал досың бар. Оның көңіл-күйі болмай бір жағдаятқа өте алаңдауда. Сенің досыңа көмектесіп көңілін көтергің келеді. Сенің әрекетің, не істейсің?
 Ата-аналарға тығырықтан шығу жолдары
Сіздің балаңыз мектептен үйге біресе көзін көгертіп, біресе шалбарын жыртып келеді. Сіздің іс-әрекетіңіз?
Балаңыз күнде 1-ші сабаққа кешігіп. Қалай жөнге келтіресіз?
Бала тілді бір айтқаннан алмаған жағдайда не істеу керен. Қалай тәрбиелеу керек?
Балаңыз мектептен шағым айтып келеді. Енді мектепке барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?
Кезекті ойынға берсек. Ойын міндеттемелер таразысы деп аталады.
Ортаға оқушы және ата-ана шығады
Оқушыға  «Менің ата-анаға қатысты міндеттерім» міндеттерін тізіп жазады
Ата-анаға «Менің балаға қатысты міндеттерім»
Кімдікі көп болса сол жеңімпаз.
Келесі ойынымыз. Отаға бір оқушы мен ата-ананы шақырамыз.
Үлестірмелі қағаздарда ата-ана мен балаға қатысты жақсы, жаман қасиеттер жазылған.
Ата-анаға «Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе ….» деп жақсы қасиетті бір қорапқа, жаман қасиетті бір қорапқа жинақтайды.
Оқушыға «Менің  ата-анам бақытты болсын десем….» деп әрі қарай сөйлем құрап жақсыны бір қорапқа, жа манды бір қорапқа жинақтайды.
Мұғалім: Отбасының екі тірегі әлпештеген әке мен  аялаған ана. Әке
мен шеше баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар.
«Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да  ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу  үшін әркімнің өз тәжірибесі  жетпейді.Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек деп қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Мағжан Жұмабаев айтпақшы бүгінгі сабағымызға алтындай уақыттарыңызды бөліп, ата-міндетін орындап ой бөліскендеріңізге рахмет. Әрбір отбасына бақыт, қуаныш, табыс тілейміз. Үміт еткен балаларыңыз үміттеріңізді ақтап тек биіктен көрініп, жемісін берсін.
Күтілетін нәтиже: Өз ұлтының тарихын мәдениетін, тілін қастерлейтін, өз ойын ашық жеткізетін, көпшілік алдында сөйлей білетін білімді, саналы,
Отбасы құндылықтарын құрметтейтін тұлға.
Сыдық Мұқамеджанов атындағы орта мектеп
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:
Отбасы – алтын бесік
2 - сынып
Мұғалім: Аманжанова А. С.
2015-2016 оқу жылы