?аза? батырлары 5-сынып. ?аза?стан тарихы


Сабақтың тақырыбы :Қазақ батырлары 5-сынып
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : Қазақ халқы үшін Отан соғысы болған ХҮІІ – ХҮІІІ ғ. Жоңғар шапқыншылығына
қарсы күрескен қазақ батырларының ерлігі туралы білім беру.
Дамытушылық : оқушылардың ойын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушылардың бойында ерлік, батылдық қасиеттерін қалыптастыра отырып,
елін – жерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі : Қазақстан картасы ,батырлардың суреттері, сөзжұмбақ.
Типі: Жаңа білімді меңгеру.
Түрі: Аралас.
Әдіс – тәсілі : Топтастыру, сұрақ – жауап, тарихи диктант, тірек – сызба.
І. Ұйымдастыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
І – сөздікпен жұмыс : Сөздердің мәнін ашып сөйлем құрау.
«Жарғы», «Қанға - қан», «Құн төлеу», «Жер дауы», «Мүлік дауы».
ІІ. Тарихи диктант : «Жеті жарғы» бойынша нүктенің орнына тиісті сөзді қой.
І. Егер ер адамды өлтірсе , кісі өлтіруші ------------------- қой төлеген.
ІІ. Егер әйел адамды өлтірсе , ---------------------------- қой төлеген.
ІІІ. Сұлтан мен қожаны өлтірсе , ------------------- адамның құнын төлеген.
ІҮ . Құлды өлтірсе, ------------------ төлеген.
ІІІ. Ауызша сұрақ – жауап .
1. Тәуке ханның билік құрған жылы ?
2. «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан қазақ билері?
3. Тәуке ханды халық қалай атаған ?
4. «Жеті жарғыда» қандай жаза түрлері қарастырылған ?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары :
1. ХҮІІІ ғ. Басындағы Қазақ хандығы
2. Жоңғар хандығы
3. Отан соғысы
4. Қазақ батырлары
1. Сөздік жұмыс .
Жоңғарлар ----------------------- Монғол жерінде мекендеген тайпа .
Қонтайшы ---------------------- Жоңғар ханы.
Тайшы, ноян -------------------- Жоңғарлардың әскер басшысы.
«Ақтабан шұбырынды» ---------Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығы кезінде елін – жерін тастап көшуі.
Отан соғысы ----------------- Туған елін – жерін жаудан қорғау үшін болған соғыс
2. Тірек сызба арқылы түсіндіру :
ХҮІІІ ғ. Қазақстан хандығы



Кіші жүз
Ұлы жүз

Орта жүз


Әр жүзді әр хан басқарды

Әр хан ұлы ханға бағынғысы келмеді
Ауыз бірлік болмады
Жаулар қауіптөндірді

Еділ қалмақтары
Сібір казактары
Жайық башқұрттары
Жоңғар хандығы
ХҮІІІ ғ. Қазақстанға қауіп төндірді

Батыр

«Батыр ел қорғаны»дегенді қалайтүсінесің?
Батырлық ерлік туралы мақал – мәтел?
Қандай батырларды білісіңдер ?
деген кім ?


3. Жасырынған сөздерді тап :
Қазақ әскерін 50 жылдай басқарған , 100 – ден астам жорыққа қатысқан батыр
Б
Қазақтарда қолбасшы ерлігімен көзге түскен адам ?
Б
«Дарабоз батыр » атанған кім ?
Қ ІҮ . Жаңа сабақты пысықтау .
«Иә », «Жоқ » ойыны : ИӘ ЖОҚ
«Елім – ай » әні «Ақтабан шұбырынды »оқиғасына байланысты дүниеге келді. Жоңғар мемлекетінің әміршісіне боғдыхан лауазымы берілген . Халық ержүрек, тапқыр, қайратты адамға «батыр деген құрметті атақ берген.» Қалмақ батырлары Жамалхан мен Қаскелеңді жекпе – жекте өлтірген батыр Қабанбай. Жоңғар шапқыншылығы 150 жылға созылды . Бөгенбай батыр Қожа Ахмет Йассуи кесенесінде жерленген. Ауызша сұрақ – жауап :
1. ХҮІІІ ғ. Қазақ хандығының саяси жағдайы қандай болды ?
2. Жоңғар хандығы қай жылы құрылды ?
3. «Ақтабан шұбырынды » қай жылдары болды ?
4. Жоңғар шапқыншылығына қатысқан қазақ батырларын ата ?
5. Жоңғарларға қарсы соғыс неліктен «Отан соғысы » деп аталады ?
Эссе жазу :
«Қазіргі заманда қандай адамды батыр деуге болады ? »
Ү. Қорытындылау :
Міне, бүгінгі сабақта елін – жерін жаудан қорғаған батыр бабалырымызбен таныстық. Осы батыр бабаларымыздың арқасында өз жерімізді жаудан қорғап қалдық. Енді туған жерді қорғау – сендердің қолдарыңда. Әр оқушы патриот болуы керек. Отанға деген сүйіспеншілікті жақсы оқу, тәртіпті болу арқылы көрсетуге болады.