ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫ? ?ЛЫ ОТАН СО?ЫСЫНДА?Ы БАТЫРЛАРЫ


ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ БАТЫРЛАРЫ
Е.Т. Марзатаев,тарих пәнінің мұғалімі
А.Ж.Смагулова, 10 сынып оқушысы«Павлодар қаласының №20 мектеп-лицей» ММ
Павлодарда, барлық елдегі сияқты, фашистік Германияның басып кіруі қаһарлы және қатты ашумен, адамдардың кез келген сәте Отан қорғаушыларының қатарына қосылуға әзірлігімен қарсы алынды.1941 жылдың маусым – шілде айларында облыста жастың он төрт санатындағы адамдар әскерге шақыртылды. Олар негізгінен атқыншылардың 314-дивизиясына қабылданды, бұл дивизия соғыстың алғашқы күндері Петропавл қаласында жасақталған болатын.Көп ұзамай Ленинградтың манына жіберілді.
Кейін павлодардықтар Ленинград үшін көптеген шақастарға, оның ішінде 1943 жылғы 18 қаңтарда қоршауды бұзуға қатысты.Осы шайқастарда біздің көптеген жерлестеріміз – саперлер бөлімшесінің командирі, Ақсу ауданы Қызылжар ауылында Қызылжар ауылында туған Слем Әлібаев, аға сержант, баралаушы Қайсар Әлейінов (Ақтоғай ауданы), мерген Рамазан Өмірзақов (Железинка ауданы), ефрейтор Антон Денисович Горбенко (Успенка ауданы), артиллерияшылар Қашырдан Василий Григорьевич Валюта мен Павлодар ауданы Демьяновка селосынан Гавриил Максимович Ткаченколар ерлерімен көзге тускен.Успенка ауданының тумасы Кузьма Александрович Семенченко ірі әскер басшы болды.
Соғыс біздің халыққа шексіз зардап пен қайғы әкелді. 21802 павлодарлық майданда қаза болды немесе хабар ошарсыз кетті.Әрбір отбасы бір, екі немесе одан көп туысынан айырылды деуге болады. Песчаное селосынан 217, Шарбақты ауданының Галкино селосынан 167, Ертіс ауданының Суворово селосынан 147 адам майданда қаза тапты.
Соғыс жылдары облыс тұрғындарының 80-ге жуық пайызы ауылдық жерлерде тұратын.Соғыс аждаһардай жауыз күш сияқты адамдарды, танктерді, артиллерияны, ұшақтарды, оқ – дәріні, азық – түлікті жұтып алатын.Әйелдер, қарттар мен жасөспірімдер «екінші майданда» болған.
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл жетпіс жыл толады. Осы ұлы жеңіске жеткізгендер – біздің ардақты ардагерлеріміз. 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германияның Кеңес Одағына опасыздықпен басып 1945 жылғы 2 қыркүйекте Жапония жеңілгендігі туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.биылғы жылы 70 жыл толмақ. 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мыңдаған бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болғаны – ащы шындық. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақтатты. Мына төменде беріліп отырған Кеңес Одағының Батыры атағын алған қандастарымыздың тізімі – соның айғағы. Павлодар облысынан отыз шақты жауынгер Кеңестер Одағының Батыры деген жоғары атақ алған екен. Олар: И.В.Бабин, А.Ф.Горобец, А.Н.Елгин, С.А.Елистратов, К.А.Семенченко, В.В.Степаненко, Қ.М.Сұрағанов, М.К.Қайырбаев, М.М.Катаев, А.О.Квитков, И.И.Корнев, И.И.Кривенко, Г.П.Кравченко, И.Н.Кудин, И.В.Кутурга, И.Г.Ледовский, В.М.Милевский, С.К.Токарев, К.Ф.Шувалов.
Павлодар қаласының орталығында тамаша Даңқ саябағы орналасқан. Саябақта Ұлы Отан соғысына қатысқан павлодарлық жауынгерлердің құрметіне үлкен ескерткіш бой көтерген. Биіктігі жиырма төрт метр бұл ескерткіштің түбінде Отан үшін өмірін қиған боздақтарға арналған Мәңгілік алау жанып тұр. Сондай-ақ Даңқ саябағында соғыстан қайтып оралмаған бір мың екі жүз жауынгердің аты-жөні жазылған мәрмәр тақта орнатылған.
Еліміз бойынша Ұлы Отан Соғысы жылдары Қазақстан бір миллион екі жүз мың адамды майданға аттандырды. Алты жүз мың қазақстандық жауынгер майданнан оралған жоқ. Қазақстандық жауынгерлердің бес жүздейі Кеңестер Одағының Батыры атанды. Оның жүз он бірі – қазақ. Қазақстандық сексен бір жауынгер – Даңқ орденінің толық иегері. Оның он тоғызы – қазақ. Соғыста Кеңестер Одағының Батыры атағын екі мәрте алған жауынгер саны – алпыс екі. Төртеуі – қазақстандық. Оның бірі - Қанаш Қамзин. «Ертіс бойының ерлері» арнайы жобасының кезекті шығарылымы жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Қанаш Қамзиннің жасындай болып өткен қысқа ғұмырына, ерлік дастанына арналады.
Қанаш Қамзин 1919 жылдың 29 қарашасында қазіргі Ақсу қаласы Жолқұдық ауылында (бұрын Каганович, кейін Ермак ауданы болып аталған) дүние есігін ашты. Әкесі Қамза мен анасы Сағила қарапайым адамдар болған.
Қорыта келе, Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық. Соғыстың алдында Қазақстанда  6,2 млн. адам тұрды. Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам аттанды. Сталиндік тәртіп 1916 жылғы патша үкіметінің тәжірибесін пайдаланып, арнайы құрылыс батальондарын да  құрды. Бұл батальондар Орта Азия және Қазақстанның жергілікті халқынан және құғын-сүргінге түскен халықтардан жасақталды. Қазақстаннан әскери комиссариат арқылы  еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында қорғаныс объектілерінде еңбек етті. Осылайша әрбір төртінші  қазақстандық қорғаныс және майдан объктілеріне тартылған. Республиканың мобилизациялық деңгейі тіпті Германиядан да жоғары болды, Германия халқының 12% мобилизацияланса, Қазақстанда халықтың 24% мобилизацияланған. Мобилизацияланған халықтың 50-60% қазақ ұлтынан еді. Қорғаныс, көмір, ауыр өнеркәсіп жұмысшылары соғысқа тартылудан босатылса, Қазақстан тұрғындары түгелімен дерлік армияға шақырылды. Өйткені Қазақстанда шаруалар басым болды. Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы мәліметтерде соғыстан оралмаған  қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқардардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Бұл пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі. Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста  қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.
1946 жылы Кеңес армиясы қатарынан Бесқарағай ауданына оралған Махмет Қайырбайұлы Бесқарағай аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі, Бесқарағай аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы, төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. Содан кейін қызметін Успен ауданында Успен аудандық атқару комитетінің төрағасы лауазымында жалғастырды. Одан кейін Ермак, Куйбышев аудандық атқару комитеттерінің төрағасы, Куйбышев аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Павлодар облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, Павлодар облыстық атқару комитетінің төрағасы болып абыроймен еңбек етті. Өзінің еңбек жолында Махмет Қайырбаев тың жерлерді игеру, Екібастұз жанар-жағармай-энергетикалық кешені сияқты және т.б. облыс тарихы үшін маңызды өркендеу кезеңіне мол үлесін қосты.
        1960-1971 жылдар аралығында М. Қайырбаев Қазақстан Компартиясы ОКнің мүшесі болып сайланды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, Павлодар облыстық Кеңесінің депутаты болып бірнеше рет сайланды.     
        Көрмеге барлығы батырдың жеке қорынан алынған, 100ден астам экспонат, құжаттар қойылды. Оның көбі түпнұсқа. Оларды кезінде  М. Қайырбаевтың отбасы сақтауға берген.
        Экспонаттардың бірқатары «аса құнды» мәртебесіне ие және де көрмеге келушілердің қызушылығын тудырады. Атап айтар болсақ, олар: 1941 жылғы 23 қазанда берілген Семей педагогикалық институты тарих факультетінің студенті М. Қайырбаевтың сынақ кітапшасы, Семей педагогикалық институтының 1-ші курс студенті М. Қайырбаевтың 1942 жылғы 26 қаңтардағы экстернатқа қабыдлау туралы өтініші; Ұлы Отан соғысына қатысқандығы туралы құжаттар: 1944 жылғы 04 қарашадағы Кеңес Одағының батыры М. Қайырбаевтың марапаттау парағы,  М. Қайырбаевтың майдандағы жолдастары – Шауляй қаласы түбіндегі ұрыстардың батырлары Г.Г. Мельниковпен, Н. Сазановпен, Долгановпен, Горшковпен 1945 жылғы мамыр айында түскен фотосуреті, 1946 жылғы 3 маусымда толтырылған Кеңес Одағының батыры М. Қайырбаевтың есептік карточкасы және басқалар. Сондай-ақ көрмеге батырдың соғыстан кейінгі жылдардағы еңбек жолынан сыр шертетін құжаттар: қызметтік куәліктер, мандаттар, КОКП ОК, Қазақстан Компартиясы ОК съездеріне қатысқан сәттерінен фотосуреттер және т.б. қойылды.
Ұлы Отан соғысы кезеңінде Қазақ халқының қаһармандық қасиетін бүкіл әлемге паш еткен батырлар дүркіреп шықты. Майдан даласында атағы аспандаған жарық есімдердің бірі - Қанаш Қамзин. 3-інші Украин майданы 52-нші атқыштар дивизиясының 429-ыншы атқыштар полкінің 3-інші рота командирі, лейтенант Қанаш Қамзин 24 жасында Кеңес Одағының Батыры атанды. Тағдырдың бұйрығына қараңызшы, «Алтын жұлдызға» ұсынылған күннің ертеңінде қаһарман жауынгер ерлікпен қаза тапқан. Қазақтың батыр ұлына Молдавияның топырағы бұйырды. Оның ерлігін Днестр өзені мәңгі ұмытпасы хақ.
1944 жылдың 13 қыркүйегінде жарық көрген КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша берілген тапсырмаларды үлгілі орындағаны және батырлығы мен ержүректілігі үшін Қанаш Қамзинге Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. «Ленин» ордені және «Алтын жұлдыз» медалімен қоса марапатталады.
Пайдалынған әдебиет:
1.Герои Советского Союза: краткий биогр. Слов Т.1. – Москва, 1987.
2. Герои Советского Союза – казахстанцы. Книга 1. Алма – Ата, 1965.
3.Воспоминания о герое Советского Союза М. Каирбаева, Азаров, Е.Г. Эскизы характеров ушедших в историю.
4.Коренев А.А. Пароль – подвиг. Кишинев, 1968.
5.Казахстан в период Великой Отечественной войны... – Алма-Ата, 1967.
6.Тереник М.С. Почетные граждане г. Павлодар 2003-80 с.
7.Азаров, Е. Г.
8.Эскизы характеров, ушедших в историю / Азаров Е.Г. - Павлодар : ЭКО, 2008. - 160 с.