М.Ма?атаев Райымбек, Райымбек поэмасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.А.Бакмаганбетованың
қысқа мерзімді жоспары
Күні: Пәні:қазақ әдебиеті
Сыныбы: 9А
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев "Райымбек, Райымбек" поэмасы
Жалпы мақсаты: Шығарманың мазмұнын меңгерту, ақырыбы мен идеясын ашқызу, тіл көркемдігін табу.Шығарманы бөлімдерге бөліп әдеби тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Сілтеме: Оқулық;
Әдебиет оқулығы, "Алып шаһар " докуменалистикасы, https://www.youtube.com/watch?v=fGpSQViRy38
М.Мақатаев әндері
Оқу нәтижесі: Сындарлы және топтық жұмысқа қатысу балалардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді, оқушы -көшбасшыны анықтауға болады. Белсенділігі артады, бақылау, талдау, қорытынды жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасайды.
Негізгі идеялар: «Халқымыздың тәуелсіздігін баянды ету жолындағы Райымбек батырдың ерлігіне тоқталып, бүгінгі күнмен байланыстырады.».
Қолданылатын материалдар: АКТ
Постер, фломастерлер
Оқыту формасы, технологиясы, әдістері: Топпен жұмыс , жеке жұмыс. (АВС тобының оқушыларын ерекше бақылау) Блум таксономиясы
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Психологиялық
Дайындық
2мин АКТ. Мұқағали Мақатаевтың "Поэзия! Сен менімен егіз бе едің" өлеңін тыңдату арқылы "Жылы лебіздер" тренингін өткізу.
Музыка ырғағымен оқушылар бүгінгі сабаққа тілектерін, жылы лебіздерін айтады.
І.Білу
5мин "Ішкі, сыртқы шеңбер" стратегиясы бойынша үй тапсырмасы тексеріледі.
М.Мақатаевтың сөіне жазылған әндер бойынша топқа бөлінеді.
Видео арқылы Мұқағали өміріне, шығармашылығына шолу жасау. Музыка ырғағымен ішкі шеңбер оң жаққа, сыртқы шеңбер сол жаққа айналады. музыка тоқтағанда сол орындарында қалып үйге берілген тапсырма бойынша бір-біріне сұрақ қойып, жауап алады.
Тақтада әннің сөздері жазылған жапырақшаларды алып, сөздері бойынша топқа бөлінеді. Әр топ өз әндерін шырқайды.
1 топ – “Сарыжайлау”
2-топ – “Есіңе мені алғайсың”
3-топ – “Сәби болғым келеді”
4-топ – “Ана! Сен бақыттысың!!!
ІІ.Түсіну
6мин Қазақтың ержүрек батыры Райымбек батыр туралы бейнеролик көрсетіледі.
Сергіту сәті. Мұқағали өлеңдерін жатқа сұрау.
Өлең оқыған оқушыларды гүл шоқтарымен марататтау. Бейнероликті тамашалап, Райымбек батыр туралы өз білетіндерін ортаға салады.
Мұқағали Мақатаев өлеңдерін жатқа айтады.
ІІІ. Қолдану
8мин І топ –Райымбек батырдың портретін ашып, мінездеме беру;
ІІ топ –Шығармаға композициялық және тілдік талдау жасау;
ІІІ топ –Поэманың тарихпен байланысын суреттеу;
ІҮ топ –Мұқағали және “Райымбек” поэмасындағы байланыс; Топпен ақылдасып, жұмыс жасайды.
ІҮ. Талдау
8мин Әр топ өздірінің дайындаған постерлерін, көріністерін қорғайды. Постер мен көріністерін қорғайды.
Ү.Жинақтау
3мин “Түймедақ” толтыру
1 топ – Мұқағали кім?
2 топ – Райымбек батырды суретте.
3 топ – Жырдағы Қабай жырау бейнесі.
4 топ - Тарихи роман мен тарихи поэмаға анықтама бер.
Түймедақтың жапырақтарын толтырады.
ҮІ.Бағалау
2мин
ӨӨБ және ӨБ кестесі арқылы бағаланады.
Мұғалім қазақтың ұлттық тағамдары арқылы бағалаймын.
ӨӨБ және ӨБ кестесі арқылы бағалайды.
V. Үйге тапсырмасын беру
1мин М.Мақатаев шығармашылығынан қалауларың бойынша 1 өлең жаттау;
408 беттегі деңгейлік тапсырмаларды орындау Оқушылар күнделіктеріне жазады.
VII. Рефлексия
5мин
"Тілек шары" арқылы рефлексия жүргізіледі.
Шарға тілектерін жазып, барлық тілектерді бір түйінге жинап, аспанға ұшырады.