Разработка на тему Отбасы. Отбасы м?шелері

Сыныбы: Пәні: Дүниетану Күні: Уақыты:
Сабақтың тақырыбы Отбасы. Отбасы мүшелері.
Сілтеме
Жоспар
Оқып-үйренудің
негізгі мақсаты
-Отбасы мүшелері туралы білетін болады.
-Отбасы дегеніміз – әкесі мен анасы, олардың балалары және ата-әжесі екенін түсіну.
-Отбасындағы өздерінің қандай құқықтары мен міндеттерінің бар екенін үйрену.
Күтілетін нәтиже - Отбасы мүшелері туралы біледі.
-Отбасы дегеніміз – әкесі мен анасы, олардың балалары және ата-әжесі екенін түсінеді.
-Отбасындағы өздерінің қандай құқықтары мен міндеттерінің бар екенін үйренеді.
Негізгі идеясы Отбасы-шағын қоғам.
Отан-отбасынан басталады.
Тапсырмалар Сөзжұмбақ шешу.
«20 сұрақ әдісі».
Тапсырмалар Топтық жұмыс. «Бірге ойлаймыз».
Жұптық жұмыс. «Құрастыр, одан кейін жауап бер».
Жеке жұмыс. Эссе жазу.
Негізгі дерек көздері,көрнекіліктер Мұғалімге арналған нұсқаулық,жұлдызшалар,бағдаршам
сигналдары,стикер, дүниетану оқулығы,интербелсенді тақта.
Ұйымдастыру кезеңі
5 минут Мұғалімнің іс-әрекеті
1-Ұйымдастыру
1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
2.Топқа бөлу. 3 топқа бөлінеді.
А парағын тарату.
Оқушыларға жұлдызша жинау арқылы сабақ соңында бағаланатынын ескеру. . Оқушының іс-әрекеті
«Басбармақ» әдісі арқылы балалар көңіл-күйін білдіреді.
Әр топ таймкипер,төраға,хатшы, баяндамашы, жалпы бақылаушыларды белгілеп алады.
Үй тапсырмасын сұрау
5 минут
«20 сұрақ» әдісі арқылы пысықталады.
1.Аспан денелерін ата.
2.Жердің серігін ата.
3.Күнді айналып жүретін ғламшарды ата.
4.Күн дегеніміз не?
5.Адамдар күннің қуатын қалай пайдаланады?
6.Тұңғыш ғарышқа ұшқан кім?
7.Ғарыш айлағы қайда орналасқан?
8.Қазақ ғарышкерлерін ата.
9.Күн мен түн қалай алмасады?
10.Тәулік дегеніміз не?
11.Бір тәулікте неше сағат бар?
12.Күн қай кезде жақсы жылытады: көкжиектен төмен тұрғанда ма, әлде биікте тұрғанда ма?
13.Жер күнді қалай айналады?
14.Жердің үлгісі қалай аталады?
15.Жыл мезгілдерінің ауысуы немен байланысты?
16.Адамдар Жердің өз білігінен айналатынын неге сезбейді?
17.Күн болмаса, Жер бетінде не болар еді?
18. «Күн гүлі» деп қандай гүлді атайды?
19.Жер орбитасы деген не?
20.Осы жылы ақпан айы неше куннен тұрады?
Оқушылар әр сұрақтарға жауап бере отырып, Ғарыш туралы алған білімдерін ортаға салады.
Мақтау, мадақтау арқылы бағалау.
Тұсаукесер 2 мин Мағнаны таныту. Сөзжұмбақ шешу.
Ой қозғау. Сөзжұмбақ шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады. Балалар сөзжұмбақты қызыға отырып шешеді. Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.
Жаңа сабақ
5 мин.
Оқулықпен жұмыс.
3 мин.
Мәтінмен жұмыс.Оқулықтағы мәтін бойынша топтарға тапсырмалар беріледі.
«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы оқушылар, жеке, жұпта, топта жұмыстар жасалады.
1-топ.Отбасы деген не?
2-топ. Отбасылық кіріс-шығыс жайлы баяндау.
3-топ.Оқулықтағы сызба -сурет бойынша әңгімелеу.
Оқушыларды «Бағдаршам» арқылы бағалау. Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды.
Оқушылар жеке ойланады, жұпта бірігеді, топта бөліседі.
Тыңдап бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды.
Сергіту сәті 2мин. . Топтық жұмыс.
7 мин. 1-топ. Сызбаны толтыр.
2-топ.Мақалдарды толықтыр. Суреттеп көрсету.
3-топ. Сөзжұмбақ шешу: «Менің туысқандарым».
Топтар арасында өзара бағалау..
Мадақтау сэндвичі
1.бөлік – позитивті
комментарий, не ұнады;
2.бөлік – сындарлы сын, не
нәрсені жақсарту керек;
3.бөлік – келешекке арналған
комментарий: маған ұнады,
бірақ келесі жолы…
Топ болып тапсырманы орындайды.
Топ пікірлерін тыңдау.
Топ бір-бірін бағалайды.
Жеке жұмыс.
5мин. «Отан – отбасынан басталады» тақырыбында эссе жазу.
Кері байланыс.
2мин
Бағалау.
Оқушылар кестені толтырып береді.
Оқушылар бағаланады.
Кейінгі оқу. Мәтінді оқып, түсінік айту. Кейінгі тапсырма.
1мин. Отбасында сенің қандай құқықтарың мен міндеттерің бар? Жазып келу. Күнделіктеріне жазады.