Планирование по неклассной работе на тему Осений бал


Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Екпінді ауылы
«Екпінді орталау мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Алтын күз»

Кистауова Н.А.

2015-2016 оқу жылы
Кеш тақырыбы: «Алтын күз» танымдық кешіМақсаты:1.    Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге,сақтауға үйрету.2.    Оқушылардың әртістік қабілетін, өзгешеліктерін дамыту, инабатты, иманды, іскер, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру.3.    Ұқыптылыққа,  шымырда шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, тәрбиелеу.Көрнекіліктер: Сахнада күз көріністері, күздік дастархан мәзірі, нақыл сөздер, шарлар.
1-жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!2- жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!Бірге: Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!1-жүргізуші:
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,Көңілді серіппелі күйін ашсын.Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,Береке бірлікпенен ортақтассын.2- жүргізуші: Өнерпаздар жарысып сан-салалы,Жиын десе, той десе жан салады-демекші бүгінгі «Алтын күз» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші: осы сайысымызда саралап, даралап, әділ баға беретін әділ қазылармен  таныстырып өтсек. Әділ баға берушілер:1.
2.
3.
4.
2- жүргізуші: Сайысымыздың шарттарымен таныстыра өтсек:
Таныстыру (оқушылар өздерін жеке-жеке таныстырады)
Күз тапсырмасына көркем сөз оқу (қатысушының мәнерлеп оқуы керек)
Өнер сайысы (ән, би)
Мерекелік дастархан мәзірі
Сән үлгісі
Білгенге-маржан (сұрақ-жауап)
1-жүргізуші: Таныстыру бөлімі.Өнер қуып жұптарымыз өтер дейміз,Бір басына өнері жетер дейміз.Сайысқа келген жұптар кезектесіп,Таныстырып өздерін өтер дейміз, - дей келе, әр сыныптың таныстыруына кезек берейік. 
2-жүргізуші: Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз.
1-жүргізуші: әділ баға беретін әділқазылар алқасы сөзді сіздерге берсек, таныстыру бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.( 5,4,3-балдары бойынша бағаланады)
2-жүргізуші: Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.,-деп Қадір Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзгі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік. Мұнда қатысушыларымыздың екеуі де күз тақырыбына көркем сөз оқиды.
1-жүргізуші: Ортаға 5 сынып оқушысы __________________шақырамыз.
2-жүргізуші: Ортаға 6 сынып оқушысы __________________шақырамыз.
1-жүргізуші: Ортаға 7 сынып оқушысы __________________шақырамыз.2-жүргізуші: Ортаға 8 сынып оқушысы __________________шақырамыз.
1-жүргізуші: Ортаға 9 сынып оқушысы __________________шақырамыз.
2-жүргізуші: әділ баға беретін әділқазылар алқасы сөзді сіздерге берсек, күз тапсырмасына көркем сөз оқу бөлімінің бағасын берсеңіздер екен.( 5,4,3-балдары бойынша бағаланады)
1-жүргізуші:
Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой.
2-жүргізуші:
Ендеше, құрметті көрермендер
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымы
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден. Ортада сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық біздің мектепте әншілер де, бишілерде бар екен.
1-жүргізуші: Ортаға 5 сынып оқушысы __________________шақырамыз.
2-жүргізуші: Ортаға 6 сынып оқушысы __________________шақырамыз.
1-жүргізуші: Ортаға 7 сынып оқушысы __________________шақырамыз.2-жүргізуші: Ортаға 8 сынып оқушысы __________________шақырамыз.
1-жүргізуші: Ортаға 9 сынып оқушысы __________________шақырамыз.
2-жүргізуші: Олай болса, ардақты да, аяулы әділқазыларға жүгінейік. Оқушыларымыздың өнерлерінің бағасын берсеңіздер екен.
1-жүргізуші: Алтындай сылдырлайды күздің үні,
Жібектей майда шуақ алтын күні.
Биылғы мерекелі нұрлы күздің тамаша бірдей сұлу күн мен түні
Сондықтан биылғы күз мерекелі,
Байлығы өте-мөте берекелі
Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,
Міне осы, шын бақытты ел екені,-деп ақын ағаларымыз тебірене жырлаған.
2-жүргізуші: Көрсетеді өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Қыздарымыз бармақтары майысып. Келесі бөліміміз мерекелік дастархан мәзірі деп аталады. Мұнда сайыскерлеріміз күзгі өнімдерден салаттар дайындап әкелу керек болатын, олай болса, әр сынып өз салаттарымен таныстырып өтсін.
1-жүргізуші: Саусағынан бал тамған ханшаларымыздың ас мәзірлерімен танысып болсақ, әділқазылар алқасынан өнер сайысының бағасын сұрасақ.
2-жүргізуші: Ал, халайық, ықыласпен демелік,Сыныптардың сән үлгісін көрелік.Сырыменен сымбатына қарап біз,Әділдікпен бағаларын берелік.
1-жүргізуші: Ортаға 5 сынып оқушыларын шақырамыз.
2-жүргізуші: Ортаға 6 сынып оқушыларын шақырамыз.
1-жүргізуші: Ортаға 7 сынып оқушыларын шақырамыз.2-жүргізуші: Ортаға 8 сынып оқушыларын шақырамыз.
1-жүргізуші: Ортаға 9 сынып оқушыларын шақырамыз.
2-жүргізуші: Сымбатты ұл-қыздарымыздың өз қолдарымен жасаған киім үлгілерін тамашалап болсақ, әділқазыларға сөз берсек, сайыскерлеріміздің жапырақтардан жасаған аппликацияларының бағасын көрсетсеңіздер дейміз.
1-жүргізуші:Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл ойға кел дейді
Білім ой мен арымыз,
Рухани ол нірімізСайыскерлер сіздерге,
Қол соғамыз бәріміз!
Келесі бөліміміз «Білгенге маржан»деп аталады. Мұнда конверттегі сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.
2-жүргізуші:Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шешендіктерін білдірсе, ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. «Білгенге маржан» атты бөлімінің бағасын берсеңіздер.
1-жүргізуші: Жомарт көңіл жарқын күз,        Сары алтынға малынған.        Жетті міне Алтын күз,        Сары алтыннан бұрын да.        Сары пүліш көйлегі,        Алтын күзді шынында,        Ару дерсің бейнелі.        Келістіріп бар сәнін,        Берген өзі табиғат. Бүгінгі күз ханшасын,        Қарсы алайық, жамағат!дей келе, құрметті көрермендер қатысушы ханшаларды қошеметпен ортаға шақырайық! 
2-жүргізуші: әділ-қазыларлар жеңімпаздарды анықтағанша ортаға ____сынып оқушысы __________________ _________________әнімен ортаға щақырамыз!
1-жүргізуші: осы сайысымызды саралап, даралап, әділ баға берген әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз!(жеңімпаздар мараппаталады)
2-жүргізуші: Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Арайлы алтын күз» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!