Т?рбие са?аты?лытау т?ріндегі ?ла?атты ??гіме


«Ұлытау төріндегі ұлағатты әңгіме»
Тақырыбы: «Ұлытау төріндегі ұлағатты әңгіме».Мақсаты: 1. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ұлытау төрінде айтқан ұлағатты сұхбатын әңгімелеу арқылы, өскелең ұрпақты, ұлттық санасын қалыптастыруға, ұлттық рухтарын асқақтатуға, Қазақстандық патриотизм – Тәуелсіздікті сақтап, нығайта беру үшін жауапты екендерін сезінуге тәрбиелеу. 2. Елбасымыздың құнды сұхбатынан, өнегелі істерінен тәлім алуы арқылы адамгершілікке, тазалыққа, қайырым мен мейірім сияқты көптеген адами қасиеттерге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Слайд, бейнетаспа, тілек- ұсыныс парақшалар.Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу, талдау.Кіріспе: Қазақстан Рспубликасының Гимні орындалады.- Балалар,Еліміздің еңсесін тіктеп, мемлекетімізді мығымдап, халқымызды әлемге танытқан, абыройын асқақтатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Біздің бейбіт өмір сүруімізге жарқын жол ашқан президентімізді әрқашан мақтан етуіміз керек. Алдымен Тәуелсіз еліміздің тарихына үңілсек.Бұл туралы бізге Айдана айтып береді: - Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды. (7слайд)-1991 жылы 1 желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті сайланды.(8слайд) -1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. (9,10,11 слайд)-1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы- Теңге айналымға енді.-1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі елорданы Алматыдан Ақмолаға көшу туралы қаулы шығарды. Алайда бұл үш жылдан кейін ғана жүзеге асты. 1997 жылы Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев елорданы Алматыдан Астанаға көшіру туралы жарлыққа қол қойды. (12,13,14,15,16слайд )- 2006 жылы 7 қаңтарда әнұран жаңарды. «Менің Қазақстаным». Автолары әнін жазған Шәмші Қалдыаяқов, сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Елбасымыздың өмірбаяны туралы айтып беруге Диасты шақырамын. (17, 18,19,20 слайд)- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы, Шамалған ауылында туған. Мектепті жақсы оқып, ата- анасының берген өнегелі тәрбиесі арқасында, алғыр, білімді болып ер жетті. Орта мектепті бітіре салысымен, Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі боп жұмыс істеді. Украинаның Днепродзержинск қаласында металлург- жұмысшы мамандығын меңгерді, кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Қалалық, облыстық, республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. 1991 жылы 1желтақсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланды.Негізгі бөлім:- Қазақстан Республикасы Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қасиетті қазақ жерінің бір киесі – Ұлытау төрінде айтқан ұлағатты ойларын көгілдір экраннан тыңдап, газеттен оқығанда боларсыңдар.- Алдымен мұндай сұхбатты беруге неліктен Ұлытау жерін таңдағандығына тоқталайықшы. Елбасы сұхбатында:– «Ұлытау – өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар. Қазақтың ен даласының қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады. Шығысқа барсаң – Берел қорғаны бар, Орталыққа келсең қалмақтармен соғысқан Аңырақай шайқасы өткен жер бар. Батысқа барсаң Алтын Орданың хандары тұрған Сарайшық сияқты қасиетті мекен бар, Оңтүстікке барсаң Түркістан тұр. Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. Дегенмен, Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Оны білуіміз керек, қолға алып та жүрміз. Тарих жылы деген жылды жарияладық. Дүниежүзінен Қытайдан, Ираннан қазақ тарихының жазба жәдігерлерін жинадық» дейді Елбасы. (21 слайд)Ұлытау – қазақ үшін Отан деген ұғымды білдіреді. Ұлытау – қазақ жерінің кіндігі. Тарихқа жазылған талай оқиға осы жерде өткен. Ұлытауда Алаша, Жошы мен Тоқтамыс хандардың, Едіге ердің, өзге де тарихи тұлғалар жерленген. Еліне жайлы қоныс іздеген Асан қайғы да Жерұйығын осы жерден тапқан.«Бұл – айырықша құт мекен. Біздің ғасырлардан бастау алатын тамырымыз осы жерде жатыр. Бұл жерде хан ордасы бар. Сол хан ордасында Жошы ханнан бастап Кенесары ханға дейін бәрі ұлықталған. Сондықтан, бұл өңір ұлылар ұлықталатын қасиетті жер дегенді білдіреді». Мемлекет басшысы тіл, дін, діл төңірегінде елдік, ұлттық мәселелерді осы Ұлытау төрінде қасиетті бұлақтың суын ішіп отырып айтты.- Балалар, жер жүзінде әр адамзаттың жүрегіне жақын, ең ыстық та қымбат орны бар- ол туған Отаны. Отан – қандай жүрекке жылы, кеудеңе қуаныш ұялататын ұғым!-Ендеше балалар, Елбасымыздың «Ұлытау төріндегі әңгімесінде»:«Отан – үлкен ұғым. Отанды қорғау дегенде, әрине, адам баласы алдымен өзінің шаңырағын ойлайды. Әкеңді, шешеңді, бауырларыңды, балаларыңды, немерелеріңді ойлайсың. Сол жүрекпен, сол тілекпен Отаныңды қорғайсың. Сондықтан тарихыңды білген жөн болады. Тарихын білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр. Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан тарихымызды таныту үшін қазір көп нәрсе жасап жатырмыз. Сондай тарихтың куәгері – Ұлытау. Оны білуіміз керек, – дейді Президент Нұрсұлтан Назарбаев.-Бұл сөздерді қалай түсіндіңдер?-Неге еліміздің болашағын емен ағашына теңеп айтқан?-Сендердің қазіргі негізгі міндеттерің қандай?1. Білім алу.2. Отаныңды сүю.3. Ана тілін сүю, құрметтеу4. Ұлтжанды азамат болу.5. Денсаулығымыз мықты, салауатты ұрпақ болу.6. Ата- анаңды сыйлау.7. Ел болашағын берік қолда ұстайтан азамат боп өсу.Осы орайда тағы бір атқарылған игі істі атап өтсек, ол- Елбасымыз «Мерейлі отбасы» атты ұлттық конкурс жеңімпаздарын ұдайы марапаттауы. (22слайд)Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: «Менің арманым, ойым – Қазақстанның мәңгілік болуы. Сондықтан Мәңгілік ел деген идеяны ұсындым. Мәңгілік ел болу үшін бәрін жасап жатырмыз» деді. Бұл туралы сендердің ойларыңды білгім келеді. (23слайд)«Мәңгілік ел» әні- Ендеше,балалар Елбасының Ұлытау төрінде айтқан ұлағатты сөздері Қазақ елінің дамуындағы жаңа кезеңге аяқ басқанымызды аңғартады. – «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек»,– дейді президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау төрінде берген сұхбатында. - Өз сөзінде тарихты да, дінді де, тілді де тиек еткен Елбасының сұхбатынан, қазақ елінің, сендердің болашақтарыңа алаңдайтыны көрінеді. Қазақ тарихындағы осындай киелі жерде айтқан Елбасымыздың әңгімесі сендерді ата- бабаларымыз аңсаған жолымен жүруге бастауы тиіс деп санаймын. Ол жол – сара жол, Мәңгілік елдің жолы!.«Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» дегенді қадап, қайталап айтып жүрген Президенттің Ұлытау төріндегі жүрекжарды сұхбатынан біз Елбасының ана тілге деген құрметін де айқын екенін аңғарамыз. Тіл болмаса, халық та жоқ. Жүсіпбек Аймауытов айтқандай: «Ана тілі – халық болып жасалғаннан бері оның жан-дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерек». (25 слайд )- Тіл туралы мақал- мәтелдер білесіңдер ме? Мағынасын ашып, түсіндіріңдер.«Тілім менің- тірлігімнің айғағы» атты сайыстың жеңімпазы- Анель Ризабекова өлеңін оқиды. - Шындығында да қазақтың тарихы әлі де зерттелуде. Тарихты білу үшін оны алдымен зерттеу керек. Бізде Елбасының бастамасымен құрылған «Мәдени мұра» бағдарламасы бар. Мемлекетіміз тарихты қайта зерделеуге көп көңіл бөліп отыр.- Сұхбатта кеңінен әңгімеленген өткір проблеманың бірі – дін туралы болды. Бұл мәселе төңірегіндегі Елбасының саясатын бүкіл әлем көріп, мойындап отыр. Әртүрлі көзқарасы бар, әртүрлі дін өкілдерін Астанаға жинап, бір столдың басында жинауының өзі көп нәрсені аңғартады. Діннің қоғам мен мемлекет өміріндегі маңызы, жастардың әртүрлі теріс ағымдарға еріп, адаспау жолдары жайлы айтқан ойларын көкейімізге түйіп, бағалауымыз керек. Сол көп жолда адаспай дұрыс бағытпен жүруіміз маңызды.(26,27,28)- Балалар,әлемде бес мыңнан астам ұлт бар болса, соның 192-сі ғана мемлекеттік деңгейге жетті. Сол биікке көтерілгендердің қатарында Тәуелсіз Қазақстан әлемдік қауымдастықтан арасында беделді мемлекет. Мысалы, ЭКСПО- 2017 Астанада халықаралық көрме өткізуді қолға алды. (29,30,31,32,33,34 слайд)Тақырыбы: «Жасыл экономика- Болашақтың энергиясы» деп аталады. Бұл көрменің пайдасы, Қазақстанды әлемге тағы бір қырынан көрсетеді.Үлкен жетістіктерге жету Елбасымыздың 2050 жылға дейінгі белгіленген стратегиясында Қазақстанды алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қосу мақсаты тұр. Бұның бары Елбасымыз Нұрұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегінің арқасында екенін бәріміз білеміз. Президент осыған орай әр жылдары парасатты ойлар, жолдаулар айтып келеді. Ұлытау төрінде айтылған ұлағатты ойлар соның жалғасы.Қорытынды: -Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сендер қандай үлес қосар едіңдер?-Басшы адам қандай болу керек?Ой қозғау «Болашаққа саяхат» Егер мен президент болсам....Бүгінгі «1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне» арналған сынып сағатымызды Елбасымыздың «Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз. Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті сақтаңдар» деген сөзімен аяқтаймын. Әрқашан өз Отанын шексіз сүйетін Елбасымыздай ұлтжанды азамат боп өсіңдер! (35слайд) Үйге тапсырма: Шыгарма жазып келу. Тақырыбы: «Ұлытауда туған ұлы ойлар», «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» , ЭКСПО- 2017 «Жасыл экономика- Болашақтың энергиясы», .
Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп
0719455«Ұлытау төріндегі ұлағатты әңгіме»
0«Ұлытау төріндегі ұлағатты әңгіме»
Сынып сағаты:
Дайындаған: Айтбаева Жанар Ашманқызы
№16 жалпы орта білім беретін мектептің дене шынықтыру мұғалімі