Трапеция. Трапецияны? орта сызы?ы (8-сынып)


СабақатауыТрапеция.Трапециның орта сызығы
Жалпы мақсатыТрапеция туралы түсінік беру, оның түрлерімен, элементтерімен таныстыру, трапеция элементтерін табуға есеп шығару.Оқушылардың сыни тұрғыдан ой-өрісін, еске сақтау және ойлай қабілеттерін дамыту. Олардың төртбұрыш туралы түсінігін кеңейту.Оқушыларды топпен жұмыс жасауға, есеп шығаруға дағдыландыру, алға қойған мақсаттарына үнемі жетіп отыруға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесіОқушы сабақтың соңында:
Трапеция туралы түсінік қалыптасады
Түрлерімен және элементтерімен танысады.
Есеп шығаруда негізгі қасиеттерін пайдаланады.
Негізгі идеяларТапсырмалар арқылы сұрақтар қоя отырып немесе берілген фигураларды зерттей отырып жаңа сабақты өздігінен меңгерту
БағалауҚалыптастырушы (формативті) бағалау,жиынтық бағалау
Құрал – жабдықтарИнтерактивті тақта, компьютер, бағалау шкалалары, постер, маркер,түрлі- түсті қағаздар,тест тексеру құралы,қиылған фигуралар (трапеция түрлері),асық,тапсырма,тест бетшелері
КезеңМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекетіУақытмин
КіріспеСәлемдесуТопқа бөлу,топ ережелерімен, бағалау критерийлерімен таныстыруСәлемдесу.
Топқа бөлінуЕрежеге бағыну
Бағалау критерийін ескеру
3
НегізгібөлімОқушыларды топқа бөлу
«Қызығушылықты ояту»
Фигураларды (трапеция түрлерін ) беру
«Мағынаны ашу»
Жетекші сұрақтарды қоя отырып жаңа сабақты меңгерту
«Кім көп біледі? »
Тапсырма парақшаларын тарату
Тапсырма
Трапецияның түрлерін анықтау және қасиеттерін шығару.
«Адасқан әріптер »
Интерактивті тақта арқылы сөздер беру
«Тапқыр болса,тауып көр »
Тест беру
Сергіту сәті «Жаттығу»
Оқушылар берілген фигуралардың қабырғаларын, бұрыштарын зерттеу арқылы бүгінгі тақырыптың атын анықтайды.Анықтама береді
Берілген сұрақтарға жауап бере отырып тақырыптың мақсатын түсіну.
Әр топ берілген трапеция бойынша өз түсініктерін айтады.
Логикалық ойлау қабілеті арқылы жауаптарын ортаға салады.Постер арқылы қорғайды
Орындары ауысқан әріптер арқылы шапшаң сөз құрастыру
Тест орындау, тексеру құралдары арқылы шапшаң балл жинау
Бейнеролик көру.
Жаттығу жасау
2
3
5
10
3
5
3
«Асық ату»
деңгейлік есептер беру
«Ой толғау»
Топ басшылары асық атып алу арқылы асыққа жазылған есепті өз топтарымен бірігіп шығару
Өз пікірлерін постерге стикер арқылы білдіру. 6
ҚорытындыбөлімЖиынтық бағалау Бағалау. Критерий бойынша топты бағалау, өзара бағалау 3
Үйге тапсырма 2

Сабақтан кейінгі рефлексия
Барлығы қалай өтті? Өткен тақырыпқа шолу жасадым. Сұрақтар беру арқылы төртбұрыштарды бір бірінен қалай ажырататынын анықтадым. «Қызығушылықты ояту» стратегиясы бойынша түрлі түсті қағаздардан әр түрлі фигуралар (трапеция) қиып дайындадым,сол фигуралардың қабырғаларын,бұрыштарын зерттеу арқылы жаңа тақырыптың анықтамасын,түрлерін анықтау керек екенін айттым.Жетекші сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруді жоспарладым, өткен сабаққа қарағанда осы сабақта жақсы жауап беріп отырды, «Мағынаны ашу үшін» әр топқа үш түрлі трапецияның қасиеттерін ашуды тапсырма ретінде бердім. Аздап қиындықтар болды, себебі постерді қорғап шыққан оқушыларға сұрақты оқушылар емес өзім қойып отырдым, сол үшін алдағы уақытта оларға сыни тұрғыдан сұрақтар беруді үйретуді ұйғардым. Топтың бірін-бірі дұрыс тыңдамай отырғанын байқап, әр топқа осы қорғағандары бойынша әр түрлі сұрақтар бере отырып олардың тақырыпты толық түсінуіне бағыт бердім. Тақырыпты меңгерткеннен кейін төртбұрыштардың түрлерін ажыратып,есте сақтау үшін «Адасқан әріптер»ойынын ойнаттым. Сабақты бекіту мақсатында АКТ ны қолдана отырып,тест алу құралын пайдаланып, тест алдым.Ол оқушыларға өте қызықты болды. Олар шапшаң орындауға ,бір бірінен қалмауға ұмтылды.
Сергіту сәтіде өте көңілді болды. Тапсырмалар орындалғаннан кейін стикер жабыстыру әдісін пайдаландым, топпен араласпай отырған оқушылар біраз қиналды, дегенмен топтың көмегімен постерлерін қорғап шыға алды. Бағалау болды, Айсамалдың бағалауы шынай болды деп ойлаймын.Ол осы сабақтың өзіне ұнағанын айтты.
Не сәтсіз өтті? Оқушылар әліде топтық жұмысқа бірдей араласпай отыр, оқушылар өздерінің постер қорғайтынын білгенде біраз қиналды. Математикалық тілді әлі де дұрыс қолдана алмайды.Тілдері жаттықпаған.Уақытқа бағыну керек екенін ескермейді.
Нені өзгерткім келеді? Сыныптағы іс-әрекетті және өз шыдамсыздығымды.
Нені дамытар едім? Топтық жұмыста барлығының бірдей қатысуын қамтамасыз ету, оқушыларға сұрақты математикалық тілде қоя білуді үйрету Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,ережелерге бағына білуді үйрету, сабақты түрлендіру, оқушылардың қызығушылығын ояту үшін тәжірибе жинақтау.
Менің сүйенетім күштерім Мен өзімді еркін ұстадым.
Менің ұмтылатын нәрсем Тәжірибе жинақтап, сабақты түрлендіріп өту