Бастауыш сыныпта?ы математика п?нінен 10 к?леміндегі сандар ?айталау саба?ы (1 сынып)


Математика 10.12.15ж
Сабақтың тақырыбы: 10 көлеміндегі сандарды қайталау
Сабақтың мақсаты: 1. 10 санының құрамымен таныстыру.Сандарды салыстыру. 2. Ұқыптылыққа, тапқырлыққа баулу. 3. 10 санының құрамын жіктеп айта білу,түсіну. 1-10 көлеміндегі сандарды қосу азайту.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, Астана қаласына саяхат, деңгейлік тапсырмалар,
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың мазмұны.І Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Математика сабағын Мен меңгеріп аламын Қазір есеп шығарып Ата – анамды қуантып Бестік баға аламын.
ІІ Жаңа сабақ:
Балалар, сендер Астана қаласына барып көрдіңдер ме?
Онда қандай ғимараттар бар?
Бүгінгі сабағымызда біз «Астана» қаласының сәулетті жерлеріне саяхат жасаймыз.
Алдымен саяхатқа шықпас бұрын, мына кішкене достарымызды сапқа тұрғызайық.
Бұны математикалық тілмен қалай атаймыз? (сандар тізбегі)
Сандарды кему ретімен санайық.
1 таңбалы сандар деп қандай сандарды айтамыз? (1-ден 9-ға дейінгі сандар)
Ал 10 қандай сан? Неліктен? ( екі таңбалы сан)
1 дм неше см бар?
Кесінді дегеніміз не?
Геометриялық фигураларды ненің көмегімен сызамыз?
«Көршісін тап»
2 3 4 4 5 6 1 2 3 4 5 6 3 4 5 5 6 7 7 8 9 7 8 9 9 10 11
Жақсы, біз алдымен «Думан» ойын-сауық орталығына барайық. Бұл жерде текше ойыны бар екен. Ойынның шарты санды орынына қойып есептеу.
Кумизим әдісі «Кім жүйрік?»
3 + = 10 - =
5 + = 10 - =
4 + = 10 - =
2 + = 10 - =
Өте жақсы, балалар. Келесі біздің баратынымыз «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы».
3. Дәптермен жұмыс: Бір,екі үш
Қолға жинап күш.
Дәптерімізді ашамыз,
Көркем санды жазамыз.
Көркем сан: 10
Математикалық диктант; 2,4,5,8,10.
Енді, Ақ Ордаға қарай бет бұрайық. Онда кім жұмыс істейді ?
Алдыңға аптада қандай мейрам болды?
Алда күтетін қандай мейрамдар бар?
Ақ Ордаға баруға алдымызда кедергілер тұр. Осы кедергіден өтейік.
4. «Шығармашылық есептер»
Шығармашылық есептер8 тоқаш болды.2-уі желінді. Қанша қалды?Бұтақта 10 торғай отыр еді, 6 торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды?Өзенге 8 үйрек келеді, ал қаздардың 2-уі одан кем. Қаз нешеу?7 кесе болды. 2-уі сынып қалды. Қанша кесе қалды?Құмырада 3 гүл бар еді,тағы 4 гүл салды,ал 2 гүлді алып тастады. Қанша болды?Тимурда 6 кітап бар, Ал Анарда 2 кітап артық.Анарда неше кітап бар?Сыныпта 10 бала. Оның 6-уы ер бала. Қыз бала нешеу?Дария 5 жаста, Мадияр Дариядан 2 жас кіші. Мадияр неше жаста?Сабинада 7 қалам бар еді. Ол досына 3-уін сыйлады. Сабинада қанша қалам қалды?
Сергіту сәті: «Көңілді күн!» (1 минут)
Енді қайда барамыз? Ия, циркке барамыз. Ол үшін алдарыңдаға билеттегі есепті тез орындайық. Уақыт кетті.
5. Билет
2 + 3 + 1= 5 + 1 – 2 = 7 – 2 + 3 = 5 + 5 – 2 = 4 + 2 – 0 =
«Бәйтерек» Астана-Бәйтерек» монументі
Ағылшын архитекторы Норман Фостердің жобасы бойынша салынған.
Оқушыларды тақтаға шығару.
6. Өрнектерді салыстыру;
2 + 3 * 5 + 1 6 – 4 * 10 – 8 7 - 1 * 6 + 1 10 + 0 * 2 + 7
Сергіту сәті; (Көз жаттығуы))
«Хан Шатыр» оныңда тапсырмасын орындайық.
7. Тізбектей есепте.
7 + 2 = 9 – 3 = 6 + 1 = 7 – 2 = 5 – 1 = 4 + 2 = 6 – 3 = 3 + 2 = 5 + 5 = 10
Бүгін біз Бас қаламыз Астананың көрнекті жерлерін арладық. Енді қайтуға жолға дайындалайық. Ол үшін Астананың темір жол вокзалына барайық.
Вокзалда адасып қалған жолаушылар бар екен. Оларға да көмегімізді тигізейік.
8. «Орынын тап»
5 – 2 6 + 2 3- 1 7 – 2 2 + 2 9 + 2
9. Сабақты қортындылау: Біз нені үйрендік?
- Астана қандай қала?
- Қандай сәулетті орындарына бардық?
- сонымен қатар біз нелерді еске түсірдік?
Шаршы дегеніміз не?
Кесінді мен сәуленің нендей айырмашылығы бар?
Тақ сандарды атап бер
Жұп сандарды ата.
Бағалау; жұлдызша
Үйге тапсырма: ауызша