Ашы? саба? Сандарды? ??рамын ?айталау
«Абай ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ
Тақырыбы:
«Сандардың құрамын қайталау»
( Ашық сабақ )
Мектепалды даярлық топ мұғалімі
Түсупжанова Г.Н. 2016
Бекіту;___________
Сабақтың тақырыбы: Сандардың құрамын қайталау
Сабақтың мақсатың: Білімділігі: 10 көлеміндегі реттік және есептік санауды қайталау; заттың қасиеттерін (жуан – жіңішке, ұзын – қысқа, үлкен – кіші) қайталау; 10 көлеміндегі сандар құрамын бекіту; саусақ қимылын дамыту; геометриялық фигуралар мен олардың белгілері туралы білімдерін қайталау;
Дамытушылығы: Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, шапшандылыққа, достық қарым – қатынастыққа тәрбиелеу.
Тірек білімді жетілдіру: Ауызша жұмыс: 10-ға дейін тура және кері тәртіппен санау.
Көрнектілігі: 1-ден 10-ға дейінгі сандар, суреттер, әліппе-дәптер, санамалық, геометриялық фигуралар, «бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері.
Әдіс – тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ – жауап.
Сабақ өту барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Армысың, Алтын Күн !
Армысың, Жер – Ана !
Армысың, көк Аспан –Ата!
Әр үйге нұр түссін
Әр үйге күн түссін!
«Бауырсақ» ертегісі қалай басталып және қалай аяқталуын еске түсіру, көңіл-күй білдіретін смайлигін салу.
II. Өткен сабақты еске түсіру.
Қоянның тапсырмасы;
Қайдай геометриялық фигураларды білесіңдер?
Математикалық таңбаларды ата? (+;-;=;>;<)
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0 ( тура, кері санату)
Дәптермен жұмыс:Қасқырдың тапсырмасы;
1. Тапсырманы орындамас бұрын балалардың әр тобына ұзындығы мен түсі әртүрлі лента көрсетіледі. Ең ұзын лентаны көрсет. Оның түсі қандай? Ең қысқасын көрсет. Оның түсі қандай? Содан кейін балалар ең ұзын жіп пен ең қысқа жіпті өз бетінше бояйды. Одан да қысқа жіптің суреті салынады.
2. Тапсырманы орындау 5, 6 және 7 сандарының құрамы бойынша ауызша жұмыспен ұштастырылады. Содан соң балалар өздігінен ( немесе орындарында отырып түсіндірумен) тапсырманы орындайды.
Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Былай етіп қоссақ,
Болады екен он саусақ.
IІI. Тақтамен жұмыс:
Аюдың тапсырмасы: «Суретте неше құлпынай жидегі бар? Неше таңқурай бар? Санды жеміс санымен сәйкестендіріп, үлгіге жаз. Барлығы неше жеміс – жидек екенін сана. Дұрыс шешкеніңді тексер».
Түлкінің тапсырмасы: Тапсырманы орындар алдында ұжым болып ең үлкен шелек қайсысы екенін табамыз. Бізге қандай қарындаш қажет? (Көк, сары, қызыл). Қандай шарттар орындалуы тиіс?(Педагог тақтаға тапсырманы көрсетеді: үлкен шелек және оның жан – жағына көк, сары шелектер қойылады).
IV. Сабақты бекіту: Түлкіден бауырсақты құтқарып қалу үшін, 1-ден 10-ға дейін санамақ айтып берейік.
V. Сабақты қорытындылау: 1-ден 10-ға дейін тура, кері санау, геометриялық фигураларды атау,заттың қасиеттерін қайталау, 10 көлеміндегі сандар құрамын бекіту, саусақ қимылын дамыту, ертегіні қорытындылау.
Бағалау, мадақтау.