Доклад на тему: «Географиялы? ойындар — георафия саба?тарында ке?інен ?олданылатын жа?а технологияларды? бірі»


«Айнабұлақ» негізгі орта мектебі
География пәні мұғалімі Ахмедова Зиеда
БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Географиялық ойындар — георафия сабақтарындакеңінен қолданылатын жаңа технологиялардың бірі» .
ЖОСПАРЫ :І.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім.
Географиялық ойындар — георафия сабақтарында кеңіненқолданылатын жаңа технологиялардың бірі .А) Ойын сабақтарының тиімділігі.
Б) Танымдық ойындар арқылы дамыта оқыту.
ІІІ.Қорытынды.
Кіріспе
Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми — техникалық, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда. Бұл өзгерістер, сөз жоқ , білім беру саласына, соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне әсерін тигізуде. Сондықтан мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды Отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату-басты міндет болып қала береді. Қазіргі кезеңде қоғамдық пәндерді жаңа бағытта оқытуға, тәрбие және білім беру жүйелерін осыған сай жаңа деңгейге көтеруге көп көңіл бөлінуде. География пәнін оқыту, ұрпақтар бойына дарыту көп ізденістерді, сан түрлі әдістемелік тәсілдерді қажет етеді.
Мектептегі географиялық білім берудің басты міндеттерінің бірі-жас ұрпақтың болашақ өмір және еңбек тәжірибесі үшін қажетті туған елдің табиғаты, халқы, шаруашылығы туралы білім жүйесімен қаруландыру болып табылады.
Мектеп географиясының басты міндеттерінің бірі-оқушылардың географиялық мәдениетін қалыптастыру. Географиялық атластармен, анықтамалармен, газет материалдармен жұмыс жасай білу, өз еліндегі, шет елдердегі саяси т.б. құбылыстарды түсіне білу т.б.
Уақыт талабы оқу-тәрбие үрдісін батыл интенсивтендіру-оқушылардың білім жүйесін сапалық жаңа деңгейге көтеру үшін ұстаздан терең білімділікті, кәсіптік шеберлікті, ыждағаттылықты талап етеді. Осы талаптарға сай мұғалім қызметіндегі шығармашылық негіздерді нығайту-оқушыларға білімді игертуге бар мүмкіншілікті тиімді пайдалану, барлық әдіс-тәсілдерді жетілдіріп отырғанда ғана сапалы білім, дұрыс тәрбие беру жүзеге асады.
Адам баласы қоршаған орта туралы шындықты белсенді іс-әрекеттің нәтижесінде танып біледі. Ол іс-әрекеттер ойын, оқу және еңбек. Дегенмен , жас жеткіншектер үшін ойын-ең маңызды іс-әрекеттің бірі. Ойын-бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін « ойын » -өмір сүрудің белсенді формасы , сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады. Балалық шақ-бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті.
Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Мұғалім бағдарламада көрсетілген көріністі рөлдік, қимыл — қозғалысты, дидактикалық шығармашылық ойын түрлерін пайдалана, баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс.
Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп игерген білімге орай басты кейіпкерлерге еліктеуі, ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, таңдап алған рөлдеріне деген жауапкершілігі арта түседі.
Ойын-балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жоқ, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Жалпы , бала табиғаты өзін бірнеше есе үлкен ғып көрсетуге бейім. Тез есейгісі келіп, « бәрін өзім істеймін » деп талпынады. Баланың осы талпынысын мұқалтпай, « сен үлкенсің, мен көмектесіп жіберсем бәрін де өзің істей аласың» — деп, сенім білдіре тәрбиелеу ұтымды әдіс.
Үлкен адам мен баланың айырмашылығы — үлкендердің сана-сезімі мен іс-тәжірибесінің молдығында. Ізеттілік, ізгілік, инабаттылық, әдептілік бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл-балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп қалыптасатын қасиет. Мұғалімнің, ата-аналарының оқыған шығармалаларынан өздеріне ұнаған басты кейіпкерлерін бейнелейді. Осы орайда күнделікті өмірде балаларға түсінікті юморлық шығармаларды пайдалану- балалардың көңіл-күйін көтеріп, олардың қайырымдылығын, бір-біріне мейірімділігін тәрбиелеуге күшті әсер ететін атап өту лазым.
ІІ. Негізгі бөлім
Географиялық ойындар-география сабағында кеңінен қолданылатын жаңа техналогиялардың бірі.
А) Ойын сабақтарының тиімділігі.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларына түрлі техналогияларды пайдаланып білім мен тәрбие беру басты міндетіміз деп білемін. Географиялық ойындар-география сабақтарында кеңінен қолданылатын жаңа техналогиялардың бірі.
Географиялық ойындардың мақсаты:
Оқушылардың қызығушылығын арттыру. Сонымен бірге оқушылардың ұғымдарын кеңейту және картамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. Географиялық номенклатураны меңгеруге , тапқырлыққа, шығармашылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Географиялық ойындарға қойылатын дидактикалық талаптар:-Географиялық ойындар бағдарламаға сай келуі керек;-Мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы керек;-Уақыт мөлшері оқушыларды жалықтырмайтындай болып, алдын ала жасалған жоспар бойынша жүргізуі керек;-Ойын түрлері сабақ тақырыбының мазмұнын ашып іскелік пен дағдылар қалыптастыруға көмектесетіндей болуы керек;-Қажетті материалдар алдын-ала дайындалып, мүмкіндігінше картамен байланысты жүргізу керек;
Ойындар сынып оқушыларын 2-3топқа бөлу арқылы немесе екеуара, үшеу болып, шағын бір топ құру арқылы ойналуы мүмкін.
Ойындардың түрлері.
Оиындар мазмұны мен мақсаттарына, құрылысы мен сипаттарына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Ауызша, жазбаша орындалатын ойындар. Сонымен бірге карта арқылы орындалатын ойындар және ойын түрінде өткізілетін сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарда орындалатын ойындар.
Сабақ тақырыбы: Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы.Сабақ мақсаты: Оқушыларды «Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы » бойынша не меңгергендігін тексеру, жүйелі ойлау, өздігінен топ болып, жұмыс істеу дағдыларын одан әрі дамыту. Картамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сайыс сабақ.
Көрнекілігі: Карта, кескін карта, плакаттар, ромашка суреті, кадоскоп, сары белгі, таблицалар.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру.
-Бүгінгі сабағымыз «Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы» тақырыбын қайталап қорытындылауға арналған. Сабақ сайыс түрінде өтеді. Оқушылар екі топқа бөлініп отырызылған.
Әр топ өз командасының атын, эмблемасын дайындайды.
І топ « Ізденгіштер »
ІІ топ « Тапқырлар »
-Сабақ бойы географиядан алған білімдеріңді қолдана отырып, тапсырма бойынша географиялық материал дайындап келеді. Қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер.
Дұрыс жауап берген топқа сары белгі беріледі. Осы сары белгі арқылы қай топ жеңіске жеткендігін анықтаймыз. Бүгінгі сабақта алған білімдеріңізді мына турларда көрсете аласыздар.
І тур
Сен Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы туралы не білесің ?.
Сұраққа тез әрі дұрыс жауап беруі керек.
Дұрыс жауап 1-ұпаймен бағаланады.
1 топқа сұрақ.
1.Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданның құрамына неше облыс кіреді?
2.Солтүстік Қазақстан республикамызда жер көлемі жөнінен нешінші орын алатын экономикалық аудан?
3.Срлтүстік Қазақстандағы ауыл шаруашылығының жетекші саласы.
4.Солтүстік Қазақстан облысы қай жылы құрылған?(1936ж)
5.Темір кеніне бай облыс.(Қостанай)
6.Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы қандай пайдалы қазбаларға бай?
7.Ауданда көліктің қандай түрлері бар?
8.Солтүстік Қазақстанның қай қаласында мұнай өңдеу зауыты бар?(Павлодар).
9.Солтүстік Қазақстанда өнеркәсіптің қандай салалары дамығын?
10. Ірі альюминий зауыты қайда?(Павлодарда)
ІІ топқа сұрақ:
1.Солтүстік Қазақстан облысының орталығы?
2.Солтүстік Қазақстан республикамызда халқаның саны жөнінен нешінші орын алатын экономикалық аудан?(2-ші)
3.Ақмола облысы қай жылы құрылған?(1961ж)
4.Солтүстік Қазақстан экономикалық аудан шаруашылығының маманданған салаларын ата?
5.Ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын ірі орталықтарын ата? (Астана, Қызылорда)
6.Ірі темір кен орындарын ата? (Соколов-Сарыбай т.б)
7.Солтүстік Қазақстанда көліктің қай түрі жақсы дамыған?(Теміржол)
8.Ферроқорытпа зауыты қай қалада?(Ақсуда)
9.Солтүстік Қазақстанда тамақ өнеркәсібінің қандай саласы аудан аралық маңызы бар?
10.Трактор зауыты қай қалада?(Павлодарда)
ІІ-тур
« Карта бойынша саяхат » географиялық нысандарды атап картадан көрсеру.
І-топқа
1.Рудный- қала(Қостанай облысында)
2.Майқайың- алтын кен орны.(Павлодар обл)
3.Атбасар- қала(Ақмола обл)
4.Ертіс- өзен(Павлодар обл)
5.Екібастұз- тас көмір алабы(Павлодар обл)
6.Соколов-Сарыбай- темір кен орны(Қостанай обл)
8.Степногорск- қала(Ақмола обл)
9.Есіл- өзен(
10.Теңіз- көл(Ақмола обл).
ІІ-топқа
1.Арқалық- қала (Қостанай обл)
2.Торғай- өзен (Қостанай обл)
3.Жетіқара- Қостанай облысындағы асбест комбинаты.
4.Васильков- ірі алтын кен орны (Ақмола обл)
5.Тобыл- Қостанай облысындағы көл.
6.Майкүбі- қоңыр көмір алабы (Павлодар обл)
7.Лисаков- темір кен орны (Қостанай обл)
8.Тобылжан- ас тұзы өндіріледі (Павлодар обл)
9.Ақбейіт- алтын өндіреді (Ақмола обл)
10Құсмұрын- көл (Қостанай обл)
ІІІ-тур
« Сарамандық жұмыс » жұмыс дәптердегі тапсырмалар. Кескін картаға« Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданын » түсіру. Шекарасын, облыс орталықтарын, өнеркәсібі мен пайдалы қазбаларын белгілеу.
ІV-тур
« Сәйкестендіру тест жұмысы »
Өндіріс салаларының орталықтары.
1-топқа.
1.Мұнай өңдеу зауыты а)Павлодар.
2.Автомобиль бөлшектері в)Петропавл.
3.Тас көмір алабы с)Екібастұз.
4.Ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын зауыт д)Астана
5.Алтын кен орны е)Майқайың
6.Темір кен орны г)Соколов-Сарыбай.
2-топқа
1Медицина аппараттарын шығаратын зауыт а)Көкшетау
2.Қоңыр көмір алабы в)Майкүбі
3.Алтын кен орны с)Васильков
4.Ферроқорытпа зауыты д)Ақсу
5.Трактор зауыты е)Павлодар
6. «Қазақсельмаш » зауыты г)Астана.
V-тур
Географиялық викторина «Ромашка ойыны ».
Тақтаға қағаздан қиып жазылған « Ромашка » ілінеді.
Жапырақтары жасыл түске боялып, рет сандары қойылады да арғы беттеріне сұрақтар жазылады. Содан кейін командалар кезекпен ойынға шақырылады. Ойынға шақырылған команданың мүшесі саны бар жапырақтың біреуін жұлады да, сұрағын дауыстап оқып сол бойда жауап береді, жауап бере алмаса капитан- команда-қарсы команданың капитан-командасы жауап береді.
Баға қою: Шақырылған ойыншының өзі жауап берсе 2 баллКоманда жауап берсе 1 балл, қарсы команданың капитаны жауап берсе 1 балл қойылады.
Ромашканың жапырағына жазылатын сұрақтар:
1.Екібастұздың көмірін не ретінде пайдаланады?
2.Солтүстік Қазақстан климатының қандай ерекшеліктері бар?
3.Ең көп астық дақылдарын себетін облыс?
4.Солтүстік Қазақстандағы ең ірі қала?
5.Солтүстік Қазақстанда мал шаруашылығының басым өркендеген бағыты.
6.Екібастұз көмірінің өзіндік құны неге арзан?
7.Қостанай қай өзеннің жағасында орналасқан?
8.Солтүстік Қазақстан аумағы қандай зоналарда орналасқан?
9.Петропавл қаласы қандай ойпатта орналасқан?
10.Солтүстік Қазақстанда қандай дәнді дақыл көбірек өсіріледі?
11.Тау — кен химиясы қандай облыстарда жақсы дамыған?
12.Аудан аумағы арқылы қандай темір жолдар өтеді?
13.Ауданның ең ірі қалаларын ата? (Астана, Қостанай)
14.Ірі ет комбинаты қай қалада? (Семей).VІ-тур.
«Картаны жина» ойыны. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданның бөлшектелген кескін картасын екі топтан, екі оқушы шығып тез арада құрастыру керек. Бұрын болған топқа 1-ұпаймен бағаланады.VІІ-тур
«Венн диаграммасы». Екі облысты Венн диаграмасы арқылы салыстырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табу.
Қорытынды бөлім:
Үйге тапсырма:
&26,27 Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданын қайталау.
І-топ. Ақмола облысына.
ІІ-топ. Қостанай облысына.
Рефераттар дайындап келу.
ББК кестесі
Білемін
Білгім келеді Білдім
Климатының салқын болатынын, басқа ұлттардың үлес салмағы басым екендігі, астықты аймақ екендігі.
-Сонымен екі жақтың балдық жүйесін есептейік.
-……………….Бағалау:
-Сабаққа жиі қатысып отырған оқушыларды бағалаймын.Көріп отырғандай сабақ жарыс түрінде (оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынта-жігерін арттыру мақсатында)7турдан тұрады.Сабақ тиімді және қызықты өтті. Сабақта оқушылардың өз беттерімен ізденуіне, мұғалім емес, оқушы көп сөйлеуіне мүмкіндік жасалды.Оқушылардың география деген көзқарасын және ой-белсенділігін шыңдау мақсатында сыныптан тыс шаралардың бірі «Атажұрт» этногеографиялық ойыны ұйымдастырылды. Мен бұл ойынды үлкен залда арнайы кеш ретінде ұйымдастырдым. Ойынға 9-10-11-сынып оқушыларын қатыстырып, екі топқа бөлдім. Оның біреуі осы ойынға белсенді түрде қатысып, өз біліктілерін көрсете білді. Теледидардан көріп жүргендей «Атажұрт» этногеографиялық ойыны 6 бөлімнен тұрады. «Өзін-өзі таныстыру», «Өткел» , «Белес» , «Бекет» , «Асу» «Жерұйық».
Ойын барысы төмендегідей бағытта жүреді.
«Жайық» командасы , «Каспий» командасы.
І-бөлім
«Өзін-өзі таныстыру» екі команда өздерін таныстырады.
ІІ-бөлім
«Өткел» Топ басшыларына 5-сұрақтан қойылады.
Әр сұрақ 5-сандық ұпаймен бағаланады.
«Жайық» командасына қойылатын сұрақтар:
1.Қазақстан тәуелсіздігін 1-ші болып таныған мемлекет.(Түркия)
2.Батыс Қазақстан экономикалық ауданның ең ежелгі қаласы. (Орал).
3.Шапшаң нейтронды жұмыс істейтін атам электр станциясы қай облыста орналасқан? (Ақтауда).
4.Республикамыздағы мұнай өңдейтін зауыттар (Атырау, Шымкент, Павлодар).
5.Қ.Иассауи кесенесі қай жерде (Түркістанда).«Каспий» командасына қойылатын сұрақтар:
1.Дүние жүзіндегі көп ұлтты мемлекет (Үндістан, Қазақстан, Ресей).
2.Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым-географ (Ш.Уалиханов).
3.Қазақстанның миллионер қаласын ата. (Алматы).
4.Еліміз неше сағаттық белдеуде орналасқан? (4,5).
5.Мекке, Медина кесенесі қайда орналасқан? (Сауд Арабиясында).
ІІІ-бөлім.
«Белес» (ұпайы көп топ бастайды).Әр командаға екі сұрақтан қойылады. Егерде көмек берілсе ұпайының жартысы кемиді.1.Республикада 40-тан астам ет комбинаттары бар. Ірі ет комбинаттары үлкен қалаларда орналасқан, оларға сойыс малы, мал шаруашылықты аудандардан әкелінеді.Сұрақ: Солардың ең ірілері? (Семей және Петропавл ет комбинаттары).Көмек: Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданда орналасқан қала).2.Қазақстан үшін республикаішілік көлік-экономикалық байланыстырудың маңызы барған майын арта түсуде. Қазіргі уақытта Қазақстан темір жолының ұзындығы жөнінен, яғни ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейін 3-ші орын алады. Темір жол көлігі бұл жүктің барлық түрін тасымалдай алады және ол қымбатқа түспейді.Сұрақ: Қазақстандағы ескі темір жолдардың бірі қай бағытқа қарай өтеді және нешінші жылдары салынған?(Орынбор-Ташкент темір жолы. Солтүстік — батыстан Оңтүстік-Шығысқа қарай өтеді. 1905-07ж салынған).3.Таралуы мен алатын орнына қарай барлық дін дүние жүзілік және ұлттық дінге бөлінеді.Сұрақ: Дүниежүзілік діндерден ең көп тараған діндерді ата?(Христиан, Ислам, Буддизм).Көмек: Орта ғасырларда пайда болған діндер, осы уақытқа дейін дүниежүзілік діндердің қатарындағы діндер.4.Көмір-еліміздегі отынның негізгі түрі. Еліміз көмір өндіруден дүние жүзінде 8-ші, ал таяу шетелдер бойынша Ресей мен Украинадан кейін3-ші орынды алады. Көмірдің негізгі қоры Қазақстанның Солтүстік, Орталық бөлігінде шоғырланған. Солардың бірі Қарағанды, Екібастұз, Торғай Обаған ірі көмір бассейіндері бар.Сұрақ: Қарағанды аумағынан алғаш рет көмірді тапқан кім және Екібастұз ауданынан алғаш рет ашқан кім?(1831ж қойшы бала Аппақ Байжанов, 1867ж Қасым Пішенбаев).
ІV-Бөлім
«Бекет» Топтардың жанкүйерлеріне сұрақтар беріледі. Әр команда жанкүйерлері өз топтарына ұпай жинауға атсалысады.1.1615ж Жайық өзенінің сағасындағы балықшылар қонысы ретінде негізі қаланған ескі қала. Көмек: алғашқы атауы үйшік негізін қалаған орыс көпесі Гурий Назаров.(Атырау).2.Целлюза-картон комбинаты салынған қала. Көмек: Қазақстан Республикасының бұрынғы астаналардың бірі. (Қызылорда).
V-бөлім:
«Асу» Үлкен кесте ілініп, 14 сұрақ жабыстырылады. Қазақстанның14 облысы бойынша сұрақтар беріледі. Әр команда 4 сұрақтан таңдайды.
Б.Қ.О А.О М.О АҚ.О С.Қ.О
Қ.О А.О АТАЖҰРТ П.О О.Қ.О
Қ.О Ж.О А.О С.Қ.О Қ.О
1.Б.Қ.О. Еліміздегі ірі газ кен орны . (Қарашығанақ).2.А.О. Батыс Қазақстанда тамақ өнеркәсібінің қандай саласы аудан аралық маңызы бар? Балық).3.М.О. Газ өңдейтін зауыт қайда орналасқан? (Жаңа Өзен ).4.А.О.Қазақстанда медициналық прибор және рентген аппаратурасын шығаратын зауыт орналасқан қала. (Ақтөбе ).5.С.Қ.О. Марал шаруашылығымен айналысатын аймақ. (Солтүстік Қазақстан ).6.Қ.О. Темір рудасын өндіретін кен орындары. (Атасу, Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков ).7.А.О. Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға қашан көшірілді? (1997ж ).8.П.О. Ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын ірі орталықтар. (Павлодар, Астана, Қызылорда ).9.О.Қ.О. Республикамыздағы мақта өсіретін аудан. (Оңтүстік Қазақстан облысы).10.Қ.О. Адамның шаруашылық әрекетінен екі есе кішірейген көл. (Арал ).11. Ж.О. Қазақстандағы ең ірі ЖЭС қай қалада. (Тараз ).12.А.О.Аккумулятор зауыты қай қалада . (Талдықорғанда ).13.С.Қ.О. Қай қалада трактор шығарылады. (Павлодарда).14.Қ.О. Не себепті Орталық Қазақстанда қара металлургия дамыған. (Шикізат пен отын энергетикасы бар ).
VІ-бөлім:
«Жерұйық»
Әбу Насыр Әл-Фараби қай жерде, нешінші жылы дүниеге келген жердің көне аты? (Көне аты Фараб қаласы. 870-950).Бұл жерде оқушылар бұрын бұл ойынды тек теледидардан көріп жүрсе енді өздері белсенді түрде араласып, қатысуға болатынын анық көздері жетеді. Қорыты айтсақ бұл ойынды жекелеген пәндерде ұйымдастыруға болады.
Ойын өткізудің ережелері:
-Ойын оқытудың маңызды, байыпты түрі.-Ойын барысында көтеріңкі дыбыстарды шу деп қабылдамау керек.-Балалардың барлығы үздіксіз іс-әрекетте болуы керек. Өзгеше талаптары бар оқушыларды ойынға қатыстыру керек. Олар үшін арнайы ойластырылған ойынның ережелерін ойлап табуға болады.Ойыннан шығып кеткен балаға арнайы тапсырма беріңіз. Ол ойынды басқарып кетуі мүмкін. Ойынға барлық оқушылар қатысуы керек.-Егер сізде ойынға қатыссаңыз ойынның барлық тәртібіне бағынуыңыз керек. Жүргізушінің басқа ойынға қатысушыларға көмектесіп, көзге түсуі қажет емес.-Ойынды сырттан бақылап тұруға болады. Сіздің көмегіңіз ойын жалғаспайтын жағдайда ойынға араласуы керек.Ойын барысында қиындық туындаса шара қолдануға асықпаңыз. Оқушыларға проблеманы шешу үшін ойлануға уақыт беріңіз.-Балаларға даяр жауапты бермес бұрын олардың өздері ізденуіне түрткі болыңыз.-Ешқашан балалар айтқан сөзді қайталамаңыз. Олардың жай және түсініксіз айтқан сөздерін қайталап айтқызыңыз, қалған оқушылардың көңіл қойып тыңдауын талап етіңіз.-Балаларға ойынды өздері ұйымдастыруына уақыт беріңіз.Кеткен қателіктерді түзете беру қажет емес, себебі, бұл оқушылардың ойынға деген қызығушылығын, ынтасын төмендетеді.-Көбірек ойнау керек. Қызықты, жағымды ойындар барысында оқушылар қызығып оқып үйренеді. Сізде олардан көп нәрсені үйренесіз.
Б) Танымдық ойындар арқылы дамыта оқыту.
Оқу мектеп жасындағы балалардың негізі таным әрекеті.Баланың дамуы мектептегі пәндік сабақтар мен өздігінен оқуына, қызыға іздене оқуымен тығыз байланысты. Оқушының оқу әрекеті күрделі, жан-жақты үрдіс, оқушының барлық әрекетін, рухани күштерін керек етеді. Ақыл-ой еңбегі белсенді болуға тиісті. Оқушының өздігінен, қызығып оқуы жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек. Ол үшін танымдық ойындарды ойнатудың маңызы зор. Ғылымның әр саласында білімнің мазмұны мен көлемі өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезінде жүзеге асуы оқушылардың танымдық қызығып қалыптасуына тікелей байланысты.
Оқушылардың білімге қызығуын дамытып, толық игеруін қамтамасыз ету әр мұғалімнің көп еңбектеніп, ізденуін талап етеді. Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің білім деңгейіне байланысты. Бұл жөнінде Д.И.Менделеев «Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкәрттерінің бәріне жемісті ықпал жасай алатынын ескертті ».Расында да, оқушыларды білім жүйесімен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын, білгендерін, жадында сақтай білу қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, өмірге көсқарасын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, ізденпаздығын, шығырмашылық қабілетін, жетілдіретін оқу-тәрбиелік және педагогикалық негізгі мақсат болуы керек. Оқушылардың алған білім дәрежесін саралауға, өзі қызығатын пән төңірегіндегі білімін тексеруге, білмегенді білуге ұмтылдыратын миды шынықтырып жаттықтыру танымдық ойындар деп аталады.Танымдық ойындарға сөзжұмбақтар, сауалғылар, басқатырғылар және жұмбақтар т.б жатады.
Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылар мен жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде қол жеткізуге болады.Сондықтан да оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйендім:
Ойындар пәннің мәніне, тақырыпқа байланысты болуы және берілген тапсырмалар, ойын сұрақтары оқушылардың ойлау қабілетін дамытарлықтай болуы керек. Сонымен қатар ойын түрлері, танымдық ойындар жаңа сабақты түсіндіруде, бекітуде, білім тексеруде және қайталануда қолданылады.Ойын арқылы тапсырма беру оқушылардың үй жұмысын орындауда құлшынысын арттырады. Сабаққа дайындықсыз келетін оқушылар да ойын тапсырмаға бар зейінін салып дайындалады.
Мысалы: 5-сыныпта « Жаратылыстану » пәнінен § 22 « Ауа қозғалысы жел » тақырыбында өткенде тақырыпты бекіту, қорытындылау барысында төмендегідей сөзжұмбақ құрастырып пайдаландым.
Сөзжұмбақ : « Атмосфера »
А У АО Т Т Е Г ІМ А Ш И Н АҚ О Ң Ы РС У Ы ҚТ Р О П О С Ф Е Р АЖ Е ЛҚ А РГ А З
1.Тіршілік көзі (Ауа).2.Адам ауадағы немен дем алады ? (Оттегі).3.Ауаны ластайтын көліктің түрі (Машина).4.Өнеркәсіптен шығатын түтіннің түсі қандай болады? (Қоңыр).5.Жоғарыдағы ауа қандай ауа? (Суық).6.Атмосфераның ең төменгі қабаты (Тропосфера).7.Ауаның қозғалуын не дейміз? (Жел).8.Қыста буланудың әсерінен жер бетіне не түседі? (Қар).9.Ауа қандай күйде болады? (Газ)Ойын нәдижесінде оқушылардың бүгінгі сабаққа қызығушылығын байқадым. Кейбір нашар үлгеретін оқушылардың өзі белсене араласып отырды.
9-сыныпта § 24, 25 « Батыс Қазақстан экономикалық ауданы » тақырыбын өткенде мынадай сөзжұмбақты пайдаланып қорытындыладым.
Сөзжұмбақ : « Батыс Қазақстан »
БАТЫС
ҚАЗАҚСТАН
1.Батыс Қазақстан экономикалық ауданына кіретін облыстыата?(Ақтөбе).2.Батыс Қазақстанда қандай ойпат кездеседі?(Каспий маңы).3.Атырауда қандай зауыт бар?(Полиэтилен).4.Батыс Қазақстанда қандай дақыл көбірек өсіріледі?(Тары).5.Өндірілетін құрылыс материалдарының бірі?(Гипс).6.Батыс Қазақстан облысындағы ірі мұнай кен орны?(Қарашығанақ).7.Балық шаруашылығының ірі орталықтарының бірі?(Баутино).8.Қазақстанда алғашқы газ өңдеу зауыты қай жердесалынған?(Жаңаөзен).9.Қандай ірі тігін фабрикасын білесің?(Клара цеткин).10.Аудан аумағының 92%-ын не алып жатыр?(Шабындық).11.Қазақстандағы ескі мұнай кәсіпорындарының бірі?(Доссор)12Батыс Қазақстанға қандай климат тән?(Шұғыл континенті).13.Батыс Қазақстандағы хром мен никель кендерінің ірі қоры, қараметаллургия өнеркәсібінің орталығы?(Кемпірсай).14.Өнімі 32 елге шығаратын, рентген аппаратын шығаратын зауыттыата? (Рентген).
8-ші сыныпта Қазақстанның өзендері деген тақырыпты өткенде мынадай географиялық басқатырғыны құрастырып пайдаландым.
І 11 22 31 32 21ІІ 43 52 15 44 22 31ІІІ 32 15 44 32 23ІV 54 32 15 25 22 15 41 24V 22 21 54 34VI 54 22 15 32 54 34VII 54 33 51 35 43 33VIII 43 22 51 22 54IХ 55 22 15 32 53Х 54 22 15 32 13 23 35 53ХІ 54 22 44 32 23ХІІ 21 22 54 42 35 51 35 45ХІІІ 53 12 15 22ХІV 55 33 25 35 15 33ХV 43 35 53 43 35 42ХVI 35 15 43 33 54ХVII 51 35 14 54 33
1 2 3 4 51 Ж Ұ Ө П Р2 Қ А З Я Д3 Й Ы І У Е4 И К Т Г Ң5 Л О Н С Ш
Шаршы төркөздердегі цифрлар мен әріптерді пайдаланып, сол жақтағы рим цифрларымен белгіленген жолдарды әріптік баламаларға дұрыс тыуып орналастыра білсеңіз, он жеті (17) Қазақстанның өзендерінің атауларын оқи аласыңдар.
Ойын өткізу барысында мұғалім психологиялық, дидактикалық талаптарды ескеру керек. Осыған сәйкес ойын оқушының жас ерекшелігімен мүмкіншілігіне сай, тәрбиелік, дамытушылық мәнде болуы керек. Сол себепті «Кім тапқыр?», «Тест-ойыны», «Шығамын білім шыңына», «Хан талапай», «Ойна-ойла», «Бейнесөз», «Құпия хат», «Крассворд», «Сөзжұмбақ» т.б ойын түрлерін сабақ мазмұнына, сынып ерекшелігіне қарай қолданамын.
Қорытынды.
Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, педагогика ғылымның прадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше. Олардың эмоциялық сезім-түйсіктеріне әсер ете білген ізденістерден көп пайда болатыны айтпаса да түсінікті. Ақыл-парасаттан гөрі сезім-түйсігі ұшқыр балаларға көп жағдайда бағдарламалық тақырыптарды тосын тәсілдер арқылы түсіндіру пайдалы. Ол үшін мұғалім сабақ өткізуде дәстүрлі шеңберде қоймай, тың ізденістер жасауы тиіс. Сондықтан жаңа педагогикалық техналогияларды енгізу-оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, басқа да көптеген мәселелерді шешеді. Оқушы мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды, өз қабілетіне қарай таңдау, әрә қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Ойын психикалық қабілеттерін жетілдіріп, баланың жеке басын қалыптастырып, әлеуметтік өмірмен жанастыратын әрекеттің бірі. Баланың ойын тәжірибесінде ұжымдық өмір дағдылары қалыптасады. Бала қылығын ережеге бағындыруға, керексіз амал-әрекетті тоқтатып, кедергіні ығыстыруға үйренеді. Ойын баланың дүние танитын қабілетіне, іс-әрекетін жетілдіреді. Ойынның әдісіне, мазмұнын, ережелерін мектепте педагогтер дайындап отырады. Сонымен бірге баланың эмоциялық күйі және көңілі көтеріңкі болады. Манипуляция жасайтын жасқа толғанмен балалар ойын үстінде жаңа көріністерге мәз болады. Оның үстінде баланың сана-сезімі, еркі, өзін-өзін бақылауы, өзінің іс-әрекетімен салыстыру қасиеттері жетіледі. Сондай — ақ зейін, ес, қиял сияқты психикалық үрдістері қалыптасып, сөйлеу тілі дамиды.Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан да мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру керек. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілетіне, психологиялық ерекшелігіне сай байланысты жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды. Жаңа технологиялардың бірі ойын элементтерін сабақта жүйелі түрде қолдана отырып, төмендегідей жеткен жетістіктерім мен сапа көрсеткіштерімді схема түрінде ұсынамын.
40
30
20
10
2008 2009 2010 2012
Көптеген ойын түрлері балалар денесін шынықтырып жылдамдығын арттыруға, мергенділікке, қырағылыққа, тапқырлыққа, табиғатпен сырласуға шақырады. Икемділік, сергектілік, күш-қабілетін толықтыратын болса, мақал-мәтелдер, викториналық сұрақтар мен жұмбақтар шешу ой сергітіп, байыта түсуге септігін тигізеді. Ең бастысы ойынды мазмұнды, қызықты ету, ой- санаға лайықтыету-ойыншының өз қолында.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Е.Қаженбаев. Географияны оқыту әдістемесі.Атырау, 2003жыл.
2.Е.Қаженбаев. Географиялық ойындар.Атырау, 2003жыл.
3.Тәрбие құралы. 5.2005ж
4.Геграфия және табиғат. 4.2006ж.
5.География және табиғат. 1.2006ж.
6.Биалогия. География. Химия. 2. 2002ж.
7.Бастауыш мектеп. 4.2000ж.
8.Биалогия және салауаттылық негізі. 2.2005ж.