Коучинг О?у ?деріісінде сын т?р?ысынан ойлауды? тиімділігі
Талдықорған қаласы
№4 орта мектеп
Бірінші деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі
Жаутикова Нурбуби Тохтарбековна
«Шәкірт – нығыздай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды қажет ететін шырақ». Ал мектеп – конвейер емес, керісінше кең түрде ойлай алатын жеке адамды қалыптастыратын сфера. Сол себепті, мектепте білім беру ісіндегі басты міндет -оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу болып табылады. Сондықтан, сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңа технологиямен жаңарып отырса, жас жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болатынында сөз жоқ. Еліміздегі білім беру жүйесіне енгізіліп отырған ерен өзгерістердің бірі - «Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері» болып отырғаны бәрімізге белгілі. Әлемдік жоғары деңгейге жету үшін бұл жобаның алатын орны орасан зор. Курстың бағдарламасының негізгі міндеті қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу, қазіргі заман талабына сай оқушыларға сапалы білім беру. Осы орайда мен бастауыш сынып мұғалімі ретінде заман талабына жауап беру мақсатында деңгейлік курс бағдарламасын оқып меңгердім. Әріптестер назарына коучинг-сессия жоспарымды ұсынып отырмын.
Коучинг-сессия жоспары
Тақырыбы: Оқу үдерісінде сын тұрғысынан ойлау әдісін қолданудың тиімділігі
Жалпы мақсаты: Мұғалімдерді сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің мақсаттары, негізгі ұғымдары, әдіс-тәсілдерімен таныстырып, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау.
Табыс критерийлері:
1Сын тұрғысынан ойлаудың оқушы шығармашылығын арттыруда тиімді әдіс екендігін түсінеді.
2.Сын тұрғысынан ойлауды оқу процесінде қолдана білу дағдысын тереңдетеді
3.Талапқа сай өлшемдерді қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.4.Топтық жұмыстар арқылы ынтымақтастық атмосфера қалыптасады.
5.Сыни ойлай отырып логикалық ойлау қабілеттерін дамытады
Ресурстар: флипчарт, маркер, түрлі-түсті стикерлер, суреттер, бояу құралдары.
Коучинг барысы:
І.Психологиялық ахуал: «Ақ тілек» Түрлі-түсті стикерлерге әр түрлі сөздер жазылған.Жаныңызда отырған әріптеске сол сөздерді қатыстыра отырып, тілек жазыңыз. /1минут/
ІІ. Пазлдар арқылы топқа бөліну: /жыл мезгіліне байланысты пазлдар/
1-минут
ІІІ.Кіріспе сөз: Жақсы дерлік те,жаман дерлік те бір әдіс жоқ.Олақтылық белгісі - бір ғана әдісті болу ,шеберліктің белгісі - түрлі әдісті білу,керек кезінде жоқ әдісті таба білу. Мұғалім әдісті көп білуі тиіс, оларды өзіне сүйеніш, көмекші ретінде қолдануы тиіс.
Тақырып пен мақсатты жариялау:
Тақырып: Оқу процесінде сын тұрғысынан ойлау әдісін қолдану тиімділігі
Мақсаты: Мұғалімдерді сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің мақсаттары, негізгі ұғымдары, әдіс-тәсілдерімен таныстырып, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау. /2 минут/
ІҮ. Ой қозғау: «Идеялар» мен «Ұғымдар» себетін толтыру.Идеялар қайталанбауы тиіс.
Сын тұрғысынан ойлау туралы не білесіздер?
Блум таксономиясы туралы не білесіздер?
Сын тұрғысынан ойлаудың қандай тәсілдері сіздерге таныс? /5 минут/
Ү. Теориялық бөлім: Сын тұрғысынан ойлаудың анықтамасы мен мақсаттары т.б./топта талқылау /10-минут/
ҮІ. Сергіту сәті: Әлқисса әуені/3 минут/
ҮІІ. «Жүзім» кластер толтыру /3 минут/
ҮІІІ. Әр топ бір-бірінің жауабын бағалайды «Екі жұлдыз бір тілек» /1 минут/
ІХ. Тәлімгер мен оқушы /тренинг//1 минут/
Х.Ақпараттық материал: Топтық жұмыс /10 минут/
Берілген сұрақтарды Блум таксономиясына салу. Флипчарт қорғау.1. Алманы пайдаланудан денсаулық үшін қандай пайда бар?2. Алмамен тамақ дайындаудың төрт тәсілін сипаттаңыз және олардың қайсысы денсаулыққа анағұрлым пайдалы екенін түсіндіріңіз. Сіздің сөздеріңізді айғақтауға арналған сілтемелер беріңіз.3. Алма мен апельсинді пайдаланудың денсаулыққа пайдасын салыстырыңыз4. Алма бәлішінің «пайдасыз» рецептісіне өзіңіздің қалауыңызша басқа заттарды қосып, бір «пайдалы» рецепт жасаңыз. Өзіңіз таңдап алған заттардың алғашқысынан пайдалырақ екенін дәлелдеңіз.5. Мектептен кейін балаларға алма бәлішін берген пайдалы деп санайсыз ба? Неге – ия немесе неге – жоқ?6. Бәліш пісіру үшін алманың қандай түрі жарамды, неге?
ХІ.Рефлексия :/3 минут/
Сабақ соңындағы кері - байланыс. «Тазалық» ойыны түрінде алу.Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:Чемодан(суреті) қоқыс жәшігі (суреті) еттартқыш (Суреті)- Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендеріңіз болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)Осылайша қатысушы мұғалімдер коучингтен не білім алғандарын көрсетеді.
Коучинг барысынан көріністер