Бейімбет Майлин. К?лпаш. 3 сынып. Ана тілі


Пәні: Әдебиеттік оқу 3- сынып
Сабақтың
тақырыбы Б.Майлин «Күлпаш»
Сілтеме Оқулық, ғаламтор материалдары
Жалпы мақсаттар Ел басынан өткен бұл әңгімедегі оқиға қай кезеңде болғандығын білу. Аштықтың елге әкелген зардабы туралы әңгімелеу.
Оқыту нәтижесі Ел басынан өткен бұл әңгімедегі оқиға қай кезеңде болғандығын білді. Аштықтың елге әкелген зардабы туралы білді.
Негізгі идея Оқушыларды іс-әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетелеу. Аштықтың зардабы туралы түсіндіру.
Дереккөздер Оқулық, ресурстар, қосымша ақпараттар, интернет желісі, мақал-мәтелдер.
Тапсырмалар І.топтық тапсырма:
І- топ: Мәтіннің І бөлімін оқу
ІІ-топ Мәтіннің ІІ бөлімін оқу
ІІІ-топ: Мәтіннің мазмұнын айту.
ІІ. топтық тапсырма
І-топ: Ел басынан өткен бұл әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған?
ІІ-топ: Күлпаш пен Қали Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?
ІІ-топ: Мақтым мен Күлпаш неге жылады?
ІІІ.топтық тапсырма
Мәтін мазмұны бойынша сахналық қойылым қою. Жеке жұмыс Сурет бойынша әңгіме құрау
Өзін-өзі
реттеу Көп сөйлемеу, тыныш балаларды қозғау.
Мұғалім
Үй тапсырмасын қорыту І.Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу.
ІІ. Үй жұмысын сұрау :
«Азаттық жолында » әңгімесін сұрау
Сандарға байланысты топқа бөлу.
Сұрақ-жауаптар арқылы Оқушылар шаттық шеңберін құрып, сыныпта жақсы ахуал орнатады.
Біз көркембіз, қанағатпыз,Шуақ шашқан күндеймізЕркеміз естіміз.Келешектің гүліміз.
3-топтан 3 оқушыдан сұрау
І-топ: 1-саны ІІ-топ: 20-саны
ІІІ-топ: 24саны
Оқушы жауаптары

Ой қозғау
Сабақтың мақсаты түсіндіріледі.
Дәптермен жұмыс Ой қозғау:
-Ел басына туған қиын күн дегенді қалай түсінесің?
- Соғыстың болуы, аштық, қуаңшылық, апаттардың болуы.
-Сондай қиын кезеңнің бірі Б.Майлиннің «Күлпаш» әңгімесімен танысамыз.
Майлиннің өмірімен қысқаша таныстырылады.
Қазақ шаруаларын күштеп ұжымдастырудың барысында үкімет халықтың күн көрісінің жалғыз ғана жолы қолындағы малын зорлық пен жинап алып, қоғамдық мемлекеттік меншікке айналдырады.Сөйтіп негізгі кәсібі мал шаруашылығы болған қазақ шаруалары төрт – түлік малдан түгел жұрдай болып, ашыға бастады. Табысы жоқ колхоздан, жергілікті үкіметтен жәрдем ала алмаған халқымыз ендігі жерде ашаршылыққа ұшырады.1921 - 1922 жылдары және 1930 - 1932 жылдар Қазақтың тіпті адамзат тарихында бұрын - соңды естіп білмеген қасіретке толы жылдар. Кейбір деректер бойынша4 млн қазақ баласы қайтыс болды.31 мамырды «Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, 1997 жылы Елбасымыз жарлыққа қол қойған.
Күннің жадын жазу
Өрім-өрім-тозған,жыртылған
Бөкебай-басқа жамылатын шәлі
Ызғырық-суық жел
Өлмелі кедей-өте кедей Оқушылар жаңа тақырыптың атын атады. «Күлпаш»
Видеоролик көрсетіледі.
Күлпаш видео
Топтық тапсырмалар Негізгі тапсырма жазылған қағаздар әр топқа бөлініберіледі.Әр топ оқушысы берілген тапсырма мәтінімен танысады. І топтық тапсырма:
І-топ: Мәтіннің І бөлімін оқу
ІІ-топ Мәтіннің ІІ бөлімін оқу
ІІІ-топ: Мәтіннің мазмұнын айту.
Топтық бағалау шапалақ арқылы
Сергіту Сергіту сәті: Гимнастика Барлығы қосылып жаттығулар жасайды.
ІІ топтық тапсырма
Мұғалім Тапсырманың шартын түсіндіру, оқушыларға бағыт-бағдар беру, оқушыларға плевчард тарату.
Ауызша сурауІІ топтық тапсырма
ІІІ топтық тапсырма Тапсырманың шартын түсіндіру, оқушыларға бағыт-бағдар беру. ІІІ топтық тапсырма:
Мәтін мазмұны бойынша сахналық қойылым қою.
Жеке жұмыс Сурет бойынша әңгіме құрау Оқушылардың барлығы жеке тапсырма орындайды.
Сабақты қорытындылау «Бидай масағын жинайық!» ойыны арқылы жаңа сабақты бекіту. Масақтың артында бүгінгі өтілген тақырып бойынша сұрақтар жазылады.
1.Бүгін кімнің шығармасымен, қандай әңгімесімен таныстық?
2.Мәтін не туралы?
3. Осы әңгімедегі өмірмен қазіргі өмірдің айырмашылығы
Әр топ өздеріне берілген сұрақтарға жауап береді, неше сұраққа дұрыс жауап берсе сонша сәбіз жинайды.
Топтық бағалау жүреді.
Видеоролик көрсетіледі
Кері байланыс Оқушыларға стикер таратылады. Оқушылар кері байланыста стикерге жазып іледі. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсері мен нені үйренгені, нені білгісі келетіндігі туралы өз пікірлерін жазады.
Бағалау Формативті бағалау Топтық бағалау
Үйге тапсырма Әңгімелеу.№9 тапсырма Үй жұмысын дәптерлеріне жазу