Саба? жоспары ?ыры?жапыра? т?різдес ?сімдіктерге жалпы сипаттама (6-сынып)
Сыныбы: 6
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Қырықжапырақтәріздес өсімдіктерге жалпы сипаттама
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қырықжапырақтәріздес өсімдіктерге жалпы сипаттама туралы
мағұлмат беру
Тәрбиелілік: Оқушыларды қырықжапырақтәріздес өсімдіктерге жалпы сипаттама туралы
білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың қырықжапырақтәріздес өсімдіктерге жалпы сипаттама туралы
ой - өрісін дамыту
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың көрнекілігі: плакат
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеруII. Үй тапсырмасын тесеру
1. Көкек мүгі неліктен екі үйлі өсімдік?
2. Шымтезек мүгінің екінші аты қалай аталады?
3. Мүктердің аса кең тараған өкілдерін атаңдар?
III.Жаңа сабақ
Қырықжапырақтәріздестер - жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің ең ерте пайда болған тобы. Ертедегі жойылып кеткен үлкен ағаш тәрізді түрлері ылғалды тропиктік орман болып өскен.
Қазіргі кезде қырықжапырақтәріздестердің 10 000-нан астам түрлері белгілі. Қырықжапырақтылар тропикте ағаш, лиана(басқа өсімдікке оралып өсу) түрінде өседі.Суда өсетіндері де бар. Аустралия мен Жаңа Зеландияда ағаш болып өсетін түрлерінің биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Қазақстанда ағаш тәрізді қырықжапырақтәріздестерді тек ботаникалықбақтардан ғана көруге болады.
Қырықжапырақтылар - тең споралы және әр түрлі споралы өсімдіктер. Қазақстанда көпжылдық шөптекті түрлері ғана кездеседі. Олардың кең тараған өкілдерінің бірі - усасыр қырықжапырағы. Ол ылғалды, көлеңкелі жерлерде, орман шетінде және сайлар мен жыраларда өседі. Усасыр қырықжапырағы - тамырсабақты өсімдік. Тамырсабақтарынан төмен қарай - қосалқы тамырлары, ал жоғары қарай жапырақтары өседі. Бізде шөптекті болып өсетінқырықжапырақтың жерүсті сабағы дамымаған. Оның есесіне жерасты тамырсабағы жақсы дамыған. Сондықтан тамырсабағын қысқарған сабақ дейді. Усасыр қырықжапырақтың жапырақтары өте баяу өседі. Мұнда үш түрлі жапырақ бар. Бірінші жылғы жапырақтар бүршік түрінде болады және тамырсабақтың ұшына жақын орналасады. Осы бүршіктерден екінші жылғы жапырақтар пайда болады. Екінші жылғы жапырақтары биіктеліп, сыртын түктер жауып тұрады. Үшінші жылы көктемде бүктелген жапырақтар жазылып, қауырсынды тілімделген нағыз жапыраққа айналады. Жапырақтары ұшынан шексіз өсетіндіктен, өте ірі болады. Олардың мөлшері бірнеше миллиметрден 30 метрге дейін жетелі.
Қырықжапырақтылардың жапырақтары 2 түрлі қызмет атқарады:
фотосинтез үдерісінде ағзалық зат түзіледі;
споралар түзіліп, көбеюге қатысады.
Фотосинтез үдерісі болатын жапырақтарында сағағы мен тақтасы бар. Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімделгендіктен, өсімдік қырықжапырақ деп аталады.
Қырықжапырақтар өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбеюі тамырсабақтары және өкім бүршіктері арқылы жүзеге асады. Өнім бүршіктері қырықжапырақтардың барлығында бірдей бола бермейді. Мұндайбүршіктер жапырақтың негізгі жүйкесін бойлай орналасады. Олардан жапырақтың нышаны бар кішкентай қырықжапыраққа бекиді де нағыз қырықжапыраққа айналады.
Жыныссыз көбею жаз кезінде усасыр қырықжапырақ жапырағының астыңғы бетінде, орталық жүйкені бойлай қоңыр төмпешіктер түзіледі. Оларды сорустар деп атайды. «Сорус» дегеніміз спорангийлердің жиынтығы. «Спорангий» - споралар дамып жетілетін орын - қалта. Сорустың үстін жауып тұратын жарғақша жамылғысы болады. Спорангийлері жапырақтың астыңғы бетінде ұзын аяқшалары арқылы негізгі жүйкеге бекініп тұрады. Пісіп жетілген споралар спорангийдің қабықшаларының жыртылуы нәтижесінде жерге шашылады. Қолайлы жерге түскен споралар өніп, өскіншелер береді. Усасыр қырықжапырақ - тең споралы өсімдік.
Жыныстық көбеюі осы өскіншеде жүзеге асады. Өскінше жүрек пішінді, жасыл түсті, диаметрі 4 миллиметрдей. Ол ризоидтары арқылы топыраққа бекиді. Өскіншенің астыңғы бетінде аталық және аналық жыныс мүшелері жетіледі. Аталық жыныс мүшесінен - аталық жыныс жасушалары, ал аналық жыныс мүшесінен аналық жынысжасушасы(жұмыртқа жасушасы) пайда болады. Екі әр түрлі жыныстық жасушалардың қосылуының нәтижесінде өсімдік ұрықтанады. Ұрықта болашақ өсімдік тамырының, сабағының, жапырағының бастамасы болады. Ұрық алғашқы кезде өскіншенің есебінен қоректенеді. Кейін ұрықтан тамыр және жапырақ жетіледі.
Қырықжапырақтәріздестерді сәндік өсімдіктер ретінде өсімдікжайда (оранжереяларда) өсіреді және жұмыс орындарын көгалдандыруға жиі пайдаланады. Кейбір түрлері дәрілік өсімдіктер болып табылады. Мысалы, усасырқырықжапырағы дәрілік өсімдік ретінде көп уақыттан бері белгілі. Оны ішекқұрт ауруларына қарсы қолданады. Жапырағынан жараларды жазатын тұнбалар, суық тигенде және ауырғанды басатын препараттар алынады. Ағаш тәрізді жойылып кеткен қырықжапырақтар тас көмірдің түзілуінде орасан зор рөл атқарған.
Бұдан 300 млн жыл бұрын қырықжапырақтәріздестерден түзілген орманға су көп жайылған. Сөйтіп жер жиі батпақты жерге айналған. Жердің батпақтануына климаттық өзгеріп, қалың нөсердің болуы да әсер еткен. Спора арқылы ғана көбейетін, биіктігі 40 метрге жететін қырықжапырақтәріздес ағаштар құлап, лайға батқан, құм басқан. Су қысымы үйінділер астында қалған қырықжапырақты ағаштарды нығыздап, оттегінің қатысуына мүмкіндік қалдырмаған. Миллиондаған жылдар бойы оттегі қатысынсыз нығыздалған ағаштардан тас көмір пайда болған.
Тас көмір - өте қызулы отын. Тас көмірден алынатын химиялық шикізаттар қаншама? Жанғыш газ, пластмасса,асфальт, сабын, шайыр, өзге де халық шаруашылығына қажетті өнімдер тас көмірлен алынады. Демек қырықжапырақтәріздестердің табиғат және адам тіршілігі үшін маңызы ерекше екенін естен шығаруға болмайды.
Қазіргі кездерде қырықжапырақтың кейбір түрлерінің саны жылдан-жылға азайып келеді. Соған байланысты оларды қорғаудың қажеттігі туындауда. Мысалы, Қазақстанда олардың сирек кездесетін, тіптен жойылуға жақын түрлері бар. Бұларға мыңжылқы қырықжапырағы мен шолпаншаш сүмбілі жатады. Олардың екеуі де Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Қырықжапырақтәріздестер - өсімдіктер дүниесінің бір бөлімі, қарапайым құрлық өсімдіктері. Бұлардың (өзге де жоғары сатылары өсімдіктердегідей) сабағы, тамыры, жапырақтары, су және минералды, қоректі заттарды тасымалдайтын өткізгіш жүйесі бар. Тіршілік айналымы екі сатыла өтеді. Бірінші сатыла спора түзеді. Ал екінші сатыла аталық және аналық гаметалардың қосылуы арқылы көбейеді. Қырық - жапырақтардың қауырсын тәрізді ірі жапырақтары - вайялар (грекше «байон» - пальма бұтағы деп аталады). Жапырақтың астыңғы жағында спорангийлерорналасады. Топтасып жинақталған спорангийлер сорус деп аталады. «Қырықжапырақ» деген атау өсімдік жапырақ тақтасының қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімделуіне негізделген. Табиғатта олардың биіктігі бірнеше миллиметрден 30 метрге дейін жететін өкілдері кездеседі. Қырықжапырақтар сәндік өсімдіктер ретінде, көгалдандыруға пайдаланылады. Олардың дәрілік түрлері де бар. Жойылып кеткен түрлерінің тас көмір түзілуде маңызы зор. Қазақстан Қызыл кітабына қырықжапырақтардың екі түрі: мыңжылқы қырықжапырағы және шолпаншаш сүмбілі тіркеліп, қорғалуда.
Қазіргі кезде тіршілік ететін ең үлкен споралы өсімдік Жаңа Зеландиядағы цианеа туысына жататын ағаш тәріздес қырықжапырақ деп есептеледі. Бұлардың жеке өкілдерінің биіктігі 24 метрге дейін жетелі және жапырақтарының ұзындығы 5 м. Норфол аралдарындағы алеофила эксцелла қырықжапырағының орташа мөлшері - 18,28 м. Споралы өсімдіктердің ең үлкен өкілдері бұдан 300 миллион жыл бұрын (тас көмір кезеңінде) тіршілігін жойған ежелгі плаундарлепидодендрондар - қабыршақты ағаштар болған еді. Бұлардың жеке даналарының діңі 2 м, биіктігі 40 м болған.
Ең кішкене қырықжапырақ хецистортерис пумила деп есептеледі. Ол Орталық Америкадан табылған. АҚШ су қоймалары отаны болып есептелетін азолла карилиниана да кішкене қырықжапырақ. Қырықжапырақтардың бұл түрлерінің жапырақ ұзындығы 12 миллиметрге әзер жетелі.
Суқырықжапырақ(Сальвиния)Суда өсетін өсімдіктердің ең зиянды арамшөбі Африкадантабылған суқырықжапырақ (сальвиния) болып табылады. Ол 1959 жылы наурызда Кариб суқоймасынан табылған. Сужапырақ көлемі 199 шаршы шақырымдық суқойманы 11 айда ығыстырып, 1963 жыл қарсаңында суқойманың 1002 шаршы шақырым бетіне қаптал өсті
IV. Бекіту
1. Қырықжапырақтар қайда өседі?
2. Қырықжапырақтардың қандай маңызы бар?
3. Плаунның құрылысы қандай?
V. Қорытынды
Қырықжапырақтәріздестер - жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің ең ерте пайда болған тобы. Ертедегі жойылып кеткен үлкен ағаш тәрізді түрлері ылғалды тропиктік орман болып өскен.
Қазіргі кезде қырықжапырақтәріздестердің 10 000-нан астам түрлері белгілі. Қырықжапырақтылар тропикте ағаш, лиана(басқа өсімдікке оралып өсу) түрінде өседі.Суда өсетіндері де бар. Аустралия мен Жаңа Зеландияда ағаш болып өсетін түрлерінің биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Қазақстанда ағаш тәрізді қырықжапырақтәріздестерді тек ботаникалықбақтардан ғана көруге болады.
Қырықжапырақтылар - тең споралы және әр түрлі споралы өсімдіктер. Қазақстанда көпжылдық шөптекті түрлері ғана кездеседі. Олардың кең тараған өкілдерінің бірі - усасыр қырықжапырағы. Ол ылғалды, көлеңкелі жерлерде, орман шетінде және сайлар мен жыраларда өседі. Усасыр қырықжапырағы - тамырсабақты өсімдік.
Қырықжапырақтылардың жапырақтары 2 түрлі қызмет атқарады:
1. фотосинтез үдерісінде ағзалық зат түзіледі;
2. споралар түзіліп, көбеюге қатысады.
Қырықжапырақтәріздестер - өсімдіктер дүниесінің бір бөлімі, қарапайым құрлық өсімдіктері. Бұлардың (өзге де жоғары сатылары өсімдіктердегідей) сабағы, тамыры, жапырақтары, су және минералды, қоректі заттарды тасымалдайтын өткізгіш жүйесі бар. Тіршілік айналымы екі сатыла өтеді. Бірінші сатыла спора түзеді. Ал екінші сатыла аталық және аналық гаметалардың қосылуы арқылы көбейеді
№ 19 Зертханалық жұмыс
Шоқпарбас плаунның құрылысы
VI.Үйге тапсырма
§36 Қырықжапырақтәріздес өсімдіктерге жалпы сипаттама
VІІ.Бағалау
Сабақ айтқан оқушыларды бағалау