Жылу с?йгіш ?сімдіктер. Суы??а т?зімді ?сімдіктер. Жары? с?йгіш ?сімдіктер. К?ле?кеге т?зімді ?сімдіктер 3 сынып
Тақырыбы: Жылу сүйгіш өсімдіктер. Суыққа төзімді өсімдіктер. Жарық сүйгіш өсімдіктер. Көлеңкеге төзімді өсімдіктер
Мақсаты: Оқушыларға жылу, жарық сүйгіш, суыққа көлеңкеге төзімді өсімдіктер туралы түсінік беру; тілін, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:1. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. – оқыту.
2. Мазмұнын айтқызу. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:1.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу: - Құрғақшылықта өсетін қандай өсімдіктерді білесіңдер? - Олардың ерекшеліктері? Құрғақшылықта өсетін өсімдіктердің тамыры қандай болады? Неліктен?2. Қорытындылау
ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жылу, жарық сүйгіш, суыққа, көлеңкеге төзімді өсімдіктер.
V.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Сурет бойынша жұмыс
Жылу, жарық сүйгіш, суыққа, көлеңкеге төзімді өсімдіктер
Жылу сүйгіш өсімдіктер: мақта, асқабақ, күріш, жүгері, қияр, үрмебұршақ. Суыққа төзімді өсімдіктер: бидай, сұлы, арпа. Жарық сүйгіш өсімдіктер: мақта, жүгері, жолжелкен, өгейшөп, қоңыраубас. Көлеңкеге төзімді өсімдіктер: қырлышөп, саумалдақ,әйкен, қазтабан, қырыққұлақ.
2. Оқулық бойынша жұмыс: оқып, түсіндіру 3. Сергіту сәті
VІ .Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу: - Әр түрлі орта жағдайында өсетін өсімдіктер туралы әңгімеле. 2. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. 3. Дәптермен жұмыс: Өсімдіктер түрлерін жазу
VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау. VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 120-123 бет оқу. 2. Бағалау