?ыры?буын т?різдес ?сімдіктер. ашы? саба?


Алматы облысы Талғар ауданы Еңбекші ауылы
№ 39 жалпы білім беретін негізгі мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Қырықбуындардың құрылысы, көбеюі және дамуы
Орындаған: Зейтқазиева Н.Б.
2013 – 2014 оқу жылы
Биология Сыныбы: 6а Күні: 18. 01. 2014ж
Сабақтың тақырыбы: Қырықбуындардың құрылысы, көбеюі және дамуы.
Сабақтың мақсаты: а. білімділігі
Оқушыларға қырықбуындардың құрылысы, көбеюі және дамуы. Қырықбуындардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы білім беру.
ә. дамытушылығы
Оқушылардың білімін, белсенділіктерін, ой-өрістерін, өз бетінше жұмыс істей білу, оны қорытындылай білу, жеткізе білу дағдысын дамыту.
б.тәрбиелілігі
Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: плакат, суреттер, үлестірмелі карточкалар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Балалармен амандасу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Қырықжапырақтәріздес өсімдіктер бөлімі
1. Қырықжапырақ тәріздестердің құрылысы қандай?
2. Қырықжапырақ қайда өседі?
3. Усасыр қырықжапырағында неге түрлі жапырақ болады?
4. Қырықжапырақ споралары қайда жетіледі?
5. Қырықжапырақтар қалай көбейеді?
6. Қазақстанда қырықжапырақтың қай түрлері қорғалады?
III. Өткен білімді еске түсіру
Сөзжұмбақ “Ботаника’’
Тігінен : 1. Өсідіктер туралы ғылым
Көлденеңінен : 1. Органикалық зат
2. Пластидің түрі
3. Жасыл жапырақтарда жүретін процесс
4. Күрделі көмірсу
5. Жапырақтар мен бүршіктер орналасқан сабақ
6. Протопластың негізгі құрамдас бөлігі
7. Тіршіліктің бастамасы, организмнің өсіп – өну ұясы
8. Вегетативтік мүше (өсімдіктің өсу мүшесі)

б о т а н
и к а IV. Жаңа сабақ. Қырықбуындардың құрылысы, көбеюі және дамуы.
Қырықбуынтәріздестер бұрынғы геологиялық кезеңдерде алуан түрлі болған. Ертедегі ағаш тәрізді өкілдері түгелдей жойылып, қазіргі кезде тек шөптекті түрлері ғана сақталған. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан өсімдікті қырықбуын деп атаған.
Қазіргі кезде кездесетін қырықбуынтәріздестерге қырықбуын туысы жатады, онда 30-35 түр бар. Қырықбуындар арамшөп ретінде егістікте, тың және тыңайған жерлерде, ормандарда, су жағасында өседі. Ол ылғалдылығы жоғары қышқыл топырақта кездесед. Бізге көбірек тараған өкілдерінің бірі далалық қырықбуын. Ол ұзын тармақталған жер асты тамырсабағы бар көпжылдық шөптекті өсімдік. Тамырсабағының буынынан қосалқы тамырлар дамиды. Қырықбуынның жерүсті өркендері екі түрлі: көктемгі өркен және жаздық өркен. Көктемгі өркендері ерте көктемде тамырсабақтың қыстық бүршіктерінен бірінші пайда болады. Оның биіктігі 20см, бұтақтанбаған жапырақтары қоңыр түсті, қабыршақты өркен ұшында масақтары болады. Масақтарында споралар дамиды. Қабыршақты жапырақтары өркенде топтанып орналасады. Жасыл түсті жаздық өркендерінде хлорофилл дәндері бар. Жаздық өркенде жанама бұтақтары топтанып орналасады. Ол – өсімдіөркен. Жапырақтары болмайтындықтан фотосинтез үдерісі осы жаздық өркендері арқылы жүзеге асады. Көктемгі өркендері көбею, ал жаздық өркендері өсу қызметін атқарады. Жаздық өркеннің тамырсабағының жанама бұтақтары түйнекке айналады. Онда қорек заттары қорға жиналады әрі өсімді көбею мүшесі болып саналады.
Қырықбуындар өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбеюі – тамырсабақтары түйнектер арқылы, жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады. Споралар тобы спорангийлерде орналасады. Қырықбуынның ұшында орналасатын спорангийлер тобының орны бүр деп аталады. Спора түзетін масақтарында көптеген споралар пісіп жетіледі де жерге шашылады. Споралардың барлығының мөлшері бірдей болғанымен, физиологиялық жағыныан әр түрлі. Бір споралардан – аталық өскіншелер, ал екіншілерінен аналық өскіншелер жетіледі. Осы өскіншелерде жынысты көбею жүзеге асады. Аталық өскіншеде – аталық жыныс мүшесі, аналық өскіншеде аналық жыныс мүшесі жетіледі. Аналық және аталық жыныс жасушалардың қосылуы нәтижесінде өсімдік ұрықтанады. Ұрықтан қайтадан жас қырықбуын өсімдігі жетіледі.
Қырықбуындар – егістік арамшөптері. Олар топырақты бүлінуден сақтайды. Қырықбуындардың бірқатар түрлері – улы өсімдіктер. Далалық қырықбуын – дәрілік өсімдік. Ол халық медицинасында ертеден қолданылып келеді. Дәрілік шикізат ретінде жасыл сабақтарын жинап, кептіреді. Дәрілік шикізаты қанайналымның әлсіздігінен болатын ісікке, несеп жүргізуге қолданылады. Сонымен бірге қырықбуынның споралар түзетін масақтары мен сабақтарын тамаққа пайдаланады.
V. Бекіту (үлестірмелі карточкалар арқылы)
1. Қазіргі кезде қырықбуындардың қандай түрлері сақталған ?
2. Қырықбуынтәріздестердің қазіргі кезде қанша түрі бар ?
3. Қырықбуындар қандай жерлерде өседі ?
4. Қырықбуындардың жерүсті өркендері қанша түрлі, оларды не деп атайды ?
5. Қырықбуындар қанша жолмен көбейеді, оларды не деп атайды ?
6. Өсімдікті не себепті қырықбуын деп атайды ?
7. Далалық қырықбуын қандай өсімдік ?
8. Қырықбуынды медицинада қандай ауруларға қарсы қолданады ?
VI. Қорытынды
Бүгін қандай тақырыппен таныстық ? Түсінікті ма ? Қырықбуын өсімдігі туралы не білдік ? (талқылау)
VII. Бағалау
Үй тапсырмасына дайындалып келген және сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау.
VIII. Үйге тапсырма беру
Қырықбуынтәріздес өсімдіктер бөлімі.