Білімді мы?ды жы?ар. ?орытынды саба?.


№ 7 орта мектеп
Қорытынды сабақ
«Білімді мыңды жығар»
4 «Б» сынып
Өткізген: Мурынова Г.
Жаңаөзен қаласы
2014-2015 о/ж
Сабақтың тақырыбы: Білімді мыңды жығар.
Сабақтың мақсаты: Барлық пәндер бойынша өтілген тақырыптардан алған білімдерін тексеру, пысықтау; оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын молайту; шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту; оқушыларды ана тілін сүйетін, болашаққа үлесін қоса білетін білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе
ІІІ. Негізгі бөлім
І. «Тездет бірақ, қателеспе» (барлық пәндер бойынша)
ІІ. «Ұшқыр ой» (әдебиеттік оқу пәнінен)
ІІІ. «Тіл бәйгесі» (қазақ тілі пәні бойынша)
ІҮ. «Біліміңді мықта» (математика пәні бойынша)
Ү. «Тапқыр болсаң, талас жоқ» (дүниетану, дене, еңбек, бейнелеу бойынша)
І. «Тездет бірақ, қателеспе»
1-қатар
1.«Өсіп келе жатырмын» өлеңін кім жазды? (Төлеген Айбергенов)
2. 5 тоннада неше центнер бар?
3. 1-жақтың тәуелдік жалғауы. (ым, ім, м)
4. Исатайдың баласы. ( Жақия)
5. 7² нешеге тең?
6. Оқы сөзін жікте.
7. Тіктөртбұрыштың периметрі 72 см, оның ені 16 см. Тіктөртбұрыштың ауданы нешеге тең? S = (72/2-16) * 16=320 см²
8. «Алпамыс батыр» шығарманың қай түрі?
9. Үшбұрыштың периметрінқалай табамыз?
10. Барыс септігінің сұрағы.
2-қатар
1. «Дүрбелең» өлеңінің авторы кім? (Оспанхан Әубәкіров)
2. 6 центнерде неше кг бар?
3. 3-жақтың тәуелдік жалғауы. (сы, сі, ы, і)
4. Қабанбайдың азан шақырып қойған аты?
5. 3³ нешеге тең?
6. Суретші сөзін жікте.
7. Шаршының ауданы 25 см²-ге тең. Оның периметрін табыңдар.
8. «Ғажайып бақ» әңгімесі шығарманың қай түріне жатады?
9. Қашықтықты қалай табамыз?
10. Табыс септігінің сұрағы?
3- қатар
1. «Еріншек» өлеңінің авторы? (Шәкәрім Құдайбердіұлы)
2. 1 центнер 50 кг-нан неше есе артық?
3. 2-жақтың тәуелдік жалғауы. (ың, ің, ң)
4. Құрманғазының анасына арнап шығарған күйі қалай аталады? («Қайран шешем»)
5. 8² нешеге тең?
6. Жүр сөзін жікте.
7. Шаршының периметрі 36 см-ге тең. Оның ауданын табыңдар.
8. С.Торайғыровтың «Арыстан мен тышқан» өлеңі шығарманың қай түріне жатады?
9. Жылдамдықты қалай табамыз?
10. Жатыс септігінің сұрағы?
ІІ. «Ұшқыр ой»
1-қатар
1. Халық ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?
2. Ертегілер неше топқа бөлінеді?
3. Аңыз дегеніміз не?
4. Бір өлең жатқа айт. Авторын ата.
5. Шешендік сөз дегеніміз не? (халыққа танымал болған тұлғалардың тапқыр сөзі)
6. Тұрар Рысқұлов кім? Тұрар туралы роман жазған кім?
7. Батырлар жырының кейіпкерлеріната?
8. Кейіптеу дегеніміз не?
9. Қандай ақындарды білесің?
10. Үш жүздің басын қосқан хан кім?
2-қатар
1. Теңеу дегеніміз не?
2. «Жетім» әңгімесінің авторы және басты кейіпкері кім? (М.Әуезов. Қасым)
3. Бір өлең жатқа айту. Авторын ата.
4. А. Байтұрсынұлының мысалдары жазылған кітапты ата. (Қырық мысал)
5. Монолог дегеніміз не?
6. «Орындалған арман» әңгімесінің авторы. (С.Көбеев)
7. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Оян, қазақ» деген атпен жарық көрген ақын кім?
8. «Қорқарың бар, қораға кірме» деген нақыл сөз кімнің шығармасында кездеседі?
(С.Бегалин. Қырдың жас түлегі)
9. Туған жер туралы бір мақал айт?
10. Шөкі қай әңгіменің басты кейіпкері? (Алтын балық .Жолтай Әлмашев.)
3-қатар
1. Диалог дегеніміз не?
2. «Абай жолы» романының авторы.
3. Атақты қазақ палуаны.
4. Бір өлең жатқа айту. Авторын ата.
5. Қорқыт ата кім болған? (8-9 ғ. өмір сүрген ақын,жырау,қобызшы,ойшыл)
6. Қазына көтерген бала кім? Ол кім болған? (геолог-ғалым)
7. Батырлар жыры әдебиетте қалай аталады? (эпикалық)
8. Абайдың бір шумақ өлеңін жатқа айт.
9. Сатира дегеніміз не?
10. Балалар Ақкөл жағасында кіммен кездесті?
«Ол кім?» ойыны
Танымал тұлғалартуралы мәлімет беріледі, сол мәліметтер арқылы кім екенін табу.
1. Балалар жазушысы, оның кейбір шығармалары экранға шығарылды. Оның повестері балалардың сүйіп оқитын шығармаларына айналып, көптеген тілдерге аударылған. «Жұлдыз», «Балдырған» журналында қызмет атқарған. (Б.Соқпақбаев)
2. Ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы. Сазгер ретінде де қазақ музыкасының дамуына қосқан үлесі зор.Үш бәйтеректің бірі. Ол халықтың жүрегінде мәңгі жасайды. (С.Сейфуллин)
3. Кеңес одағының батыры, жазушы, халық қаһарманы, даңқты жауынгер, әскери қолбасшы. Ол бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман сау алып шығады. Оның «Тәртіпке бас иген құл болмайды» деген қанатты сөздерінің бірі болашаққа өсиет боп қалады. (Б.Момышұлы)
«Мақалды тап» ойыны
(топтарға суретті мақал жасыру)
1. Көп күлген, бір жылар.
2. Оқу – инемен құдық қазғандай.
3. Отан оттан да ыстық.
«Мені түсін» ойыны(пантомима)
Әр топ бір шығарманы қимылмен жасырады.
1-топ: «Компас» Бердібек Соқпақбаев
2-топ: «Аққу, Шортан һәм Шаян» А.Байтұрсынұлы
3-топ: «Құмырсқалар» Кәдірбек Сегізбайұлы
ІІІ. «Тіл бәйгесі»
1. Морфологиялық талдау дегеніміз не?
2. Синтаксистік талдау дегеніміз не?
3. Лексикалық талдау дегеніміз не?
4. Фонетикалық талдау дегеніміз не?
5. Қосымша нешеге бөлінеді?
6. Үстеу дегеніміз не? Үстеуге мысал келтір.
7. Буын түрлерін ата.Ынтымақ сөзін буынға бөліп,буын түрін ажырату.
( ын- тұйық буын, ты- ашық буын, мақ – бітеу буын)
8. Кітап, дәптер, қалам сөздерін септеу. (әр топқа бір сөзден)
9. Бастауыш сөзінен бірнеше сөз құрастыру.
10. «Тәтті торт» ойыны.
Сан есім, сын есім, зат есім, етістіктен сөйлем құрастыру.
11.Сөз табына талда.
1. Айгүл мен Асан мектепке бірге барады.
(зат есім, шылау, зат есім, үстеу, үстеу, етістік.
Асан мен Үсен бірыңғай мүшелер)
2. Мен ініме сары ала доп сыйладым.
(есімдік, зат есім, күрделі сын есім, зат есім, етістік)
3. Бүгін себелеп жаңбыр жауды. (үстеу, үстеу, зат есім, етістік)
12. Сөйлем мүшелеріне талда.
Әр топтың өздеріне сөйлем құрату. (сөйлем мүшелеріне талдату)
1-топ: 1-мамыр мерекесіне байланысты сөйлем құрайды.
Мысалы: Бірінші мамырда отбасымызбен шеруге шықтық.
2-топ: 9-мамыр мерекесіне байланысты.
Мысалы: Ұлы Жеңіске – 70 жыл.
3-топ: Бастауышпен қоштасу мерекесіне байланысты.
Мысалы: Біз биыл бастауыш сыныппен қоштасамыз.
13. Семантикалық картамен жұмыс.
14. Сәйкестендір.
дәрігермін
ұстазыма
әжесіне
студенттер көптік жалғау
әншімін септік жалғау
ақындар тәуелдік жалғау
оқушымыз жіктік жалғау
төбесінде
кісінің
15. «Бір сөзбен айтқанда» ойыны
(тұрақты сөз тіркесі оқылады, оқушылар мағынасын бір сөзбен айтады)
бармағын тістеу (өкіну)
құлақ аспау (тыңдамау)
арасынан қыл өтпейді (тату)
төбе шашы тік тұрды (қорықты)
ит өлген жер (алыс)
екі езуі екі құлағында (қуану)
тайға таңба басқандай (анық)
көзді ашып жұмғанша (тез, шапшаң)
жүрек жұтқан (батыр).
Сергіту сәті: Умирзаков Дәулет. Халық күйі «Кеңес»
ІV. «Біліміңді мықта»
1-қатар
1. Ұзындығы 9 см,ені 7 см тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең?
2. Бірдей 9 ыдыста 45 кг бал бар, осындай 12 ыдыста неше кг бал бар?
3. 1 тәуліктің 6/1 нешеге тең?
4. Триодағы адам санынан 22 есе артық санды тап. (66)
5. 1 ғасырда неше жыл бар?
6. Периметрді қалай табамыз?
7. Бір бұрышы 65º, екіншісі 45º, үшінші бұрышты тап. (70º)
2-қатар
1. Тік төртбұрыштың ұзындығы 11 см, ені 8 см.Периметрін тап?
2. Мектепте 30 мұғалім,450 оқушы бар.Оқушылардың мұғалімдерден нешеуі артық?
3. 8/1 бөлігі 24-ке тең. Бүтін санды тап. (24·8=192)
4. 120 минутта неше сағат бар?
5. 20 000 – ның оң жағындағы көршісі. (20 001)
6. Ауданды қалай табамыз? (мм², см², дм², м², км²)
7. Үшбұрыштың бұрыштары 95º және 30º тең, үшінші бұрышты тап. ( 55º)
3-қатар
1. Шаршының ауданы 64 см² тең.Бір қабырғасы неше см тең?
2. Үйде 16 мысық пен ит бар.Оның төрттен бірі – иттер. Үйде неше мысық бар? (12)
3. Бөлудің компонеттерін ата.
4. 5 тәулікте неше сағат бар?
5. 77 санының сол жағындағы көршісінен екі есе кем санды тап. (38)
6. Көлемді қалай табамыз? (см³, дм³, м³)
7. Диаметрі 6 см шеңбердің радиусы нешеге тең?
«Кім шапшаң» ойыны
1. 66:33·48:32·17 (51)
2. 18·4:9·12:3·2­4 (60)
3. (50:2·3:5+5)·3-42 (18)
Зеректікке тапсырма:
1. «Тоғыз» сан есіміндегі әріптердің санын адамның екі қолындағы шынашақ санына көбейт. (10)
2. Аптадағы бейсенбінің реттік санын жиырма мысықтың құйрығына тең болатын санға көбейт. (4*20=80)
3. Тіктөрбұрыш пішінді үстелдің қабырғаларын дөңгелек үстелдің қанша бұрышы болса, сонша рет көбейт. (4*0)
«Иә – жоқ» ойыны
І топ
1 кг – да – 1000 г бар. (ия)
1 т – 100 кг бар. (жоқ)
ІІ топ
1 ц – 200 кг бар. (жоқ)
2 кг – 2000 г бар. (ия)
ІІІ топ
1 сағ – 100 мин бар. (жоқ)
600 кг – 6 ц бар. (ия)
Тапсырмалар
1-топ 2-топ 3-топ
13568 : х = 16 35721 : а = 63 42600:х=15
х = 848 а= 567 х=2840
8м² = … дм² 2 дм³ = … см³ 3 км² = … м²
45 дм² - 12 см² 6 м² + 16 дм² 5 м³ - 26 см³
«Басқатырғыш» ойыны
(бір шырпының орнын қозғау арқылы дұрыс теңдікті шығару)
V. «Тапқыр болсаң, талас жоқ» (жалпы сұрақтар)
(дүниетану, дене, еңбек, бейнелеуден)
1-қатар
1. Жазық деп нені атайды?
(құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқаптарын айтады,тегіс және төбелі болып бөлінеді)
2. «Көмір кені» аталған қала?
3. Күн жүйесінде неше планета бар? Ретімен ата.
(меркурий, шолпан, жер, марс, юпитер, сатурн, уран, нептун, плутон)
4. Жердің өз білігінен айналуына қанша уақыт кетеді? (бір күн, бір түн)
5. Қазақстан халқы Ассамблеясы қашан құрылды? (1995 жылы)
6. Бояу түстерінің жиынтықтарын қандай топтарға бөлуге болады?
7. Графология деген не?
8. Пейзаждағы кеңістік перспективасы деген не?
9. Роман стилінің ерекшелігі қандай?
10. Символ нені білдіреді?
11. Матаны қиғанда мата мен қайшы көзден қашықтықта болуы керек? (30-40см)
12. Ұлттық ойындарды ата.
2-қатар
1. Үгілу дегеніміз не? (қатты тау жыныстарының бөлшектеніп,ұсақталуын)
2. Қазақстандағы өзендерді ата.
(Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Сырдария, Іле, Нұра, Торғай, Сарысу)
3. Табиғатты зерттеуде қандай әдіс қолданамыз?
(бақылау әдісі, аспан денелерін, ауа райын, өсімдіктер мен жануарларды бақылаймыз)
4. Жер шарында неше мұхит бар? (Үнді, Тынық, Солтүстік мұзды, Атлант)
5. Ең терең көлді ата. (Байкал)
6. Қанық түстер гаммасы нені білдіреді?
7. Пейзаж туралы не білесің?
8. Ауа перспективасы деген не?
9. Орта Азия мен Шығыс сәулеті туралы не білесің?
10. Барбизоншылар деген кімдер?
11. Икебана дегеніміз не?
(өсімдік түрлерінен құрастырған гүл шоғы өнерін «икебана» деп атайды. Бұл өнер түрі Жапонияда пайда болған. Икебананы кепкен жапырақтан,шөптен, тал бұтағынан,гүл күлтелерінен құрастырады)
12. Қысқы спор түрлерін ата.
3-қатар
1. Тек солтүстікті көрсетіп тұратын жұлдыз. (Темірқазық)
2. Еліміздегі қорықтарды ата.
(Алматы,Ақсу-Жабағылы,Қатонқарағай,Марқакөл,Барсакелмес, Науырызым, Қорғалжың,Батыс Алтай, Алакөл, Қаратау,Үстірт)
3. ҚР заңы қашан қабылданды? (1995 ж. 30 тамыз)
4. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата. (мұнай, газ, тас көмір)
5. Ең ұзын өзенді ата. (Ертіс)
6. Сызық пен штрих туралы не білесің?
7. Ашық хаттарды қалай безендіруге болады?
8. «Импрессионистер» деген кімдер?
9. Парфенон туралы не білесің?
10. Готика стилі қандай?
11. Қандай тігіс түрлерін білесің?
(түзу тігіс, қиғаш, айқас, торламалы, ілмек тігіс, қайып тігу)
12. Жеңіл атлетика дегеніміз не?
(жеңіл атлетика – спорттың ең кең тараған түрі. Оған жүру, жүгіру, секіру, және лақтыру сияқты спорт түрлері жатады)
ҮІІ.Сыныптың қызықты сәттерін тамашалау.
(тамаша сәттер мен жеткен жетістіктерді слайдтан көрсету)
VІІІ.Қорытындылау.
Сабақты Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөзімен аяқтағым келіп тұр.
Басқадан кем болмас үшін білімді, бай және күшті болу керек. Бай болуға кәсіп, білімді болуға оқу, күшті болуға бірлік керек. Сол керектің жолында жұмыс істеу керек. Өз білімдерін көрсетіп, бірлікте жұмыс жасай білген топтарды марапаттаймыз. Қазақстанның көк туын биікке көтеріңдер.
Ең үздік топты марапаттау.