Информатика п?нінен Модификаторлар. Mirror – айналы? бейнелеу. (10 класс)


Сабақтың атыМодификаторлар. Mirror – айналық бейнелеу.
Жалпы мақсаы Оқушыларға Модификаторлар. Mirror – айналық бейнелеу туралы білім беру. Оларды нысанға қолдану тәсілімен үйрету.Қарапайым тапсырмаларды орындату арқылы программада жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Ойлау қабілеттерін, іскерлік дағдыларын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Топтаса жұмыс жасау арқылы бір-бірінің пікірен құлақ асу, тыңдауға үйрену.
Күтілетін нәтижесі Модификаторлар. Mirror – айналық бейнелеу туралы білім алады.
Дербес компьютерде жұмыс жасау барысында белсенділігі төмен оқушылардың ынтасы артып, топта бірлесіп жұмыс жасай алатын боладыӘдіс-тәсілдер Топтық жұмыс, Жеке жұмыс, диологтік оқыту.Жұптық жұмыс, ассоциация әдісі, «серпілген сауал» әдісі
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Үйтапсырмасын сұрау. «Серпілген сауал» әдісі арқылы оқушылар сабақ сұралады. Оқушыға дос ұсынылады, сұрақтың жауабын білсе доп қайтарылады, білмесе келесі оқушыға ұсынылады.
А) 3 D программасы дегеніміз не?
Ә) 3 D программасы арқылы қандай әрекеттер орындауға болады.
Б) 3 D программасы мен 5 D программасының қандай айырмашылығы бар?
В) Программаның негізгі қасиеттерін ата
Топқа бөлу 1-4 сан арқылы
І топ: Оқушылар кітапта көрсетілген мәтін бойынша постер қорғайды.
ІІ топ: Сызба немесе карта жасайды
ІІІ топ: Визитка жасайды.
Модификатор деп – нәтижесінде нысанның қасиеті өзгеретіндей, нысанға арналған іс-әрекетті айтамыз. Мысалы, модификатор нысанды әртүрлі жолмен майыстырып, созып, айналдыра алады. Сонымен қатар модификатор нысанға текстура қоя алады немесе нысанның қасиетін өзгерту арқылы оны иілгіш ете алады.
3D Blender модификаторы. Mirror
Blender программасынды модификаторлардың бірнеше түрлері бар. Әр модификатордың қызметі әрқалай. Blender – дегі модификаторларға Extrude, Subdivide және бульдік операция құралдары да жатады. Өйткені бұл құралдардың көмегімен нысанды өзгерте аламыз. Графикалық модельдеудегі ең керекті модификатордың бірі - Mirror (айна).
3D max модификаторлары
3D max интерфейсінің маңызды элементі бұйрықтық тақтада орналасқан Modify Modifier Stack тізімі болып табылады. Бұл тізімде ерекшеленген нысанға қолданылған кейбір құралдардың мағлұматы көрсетіледі. Сондай – ақ жанындағы жанындағы редакторлау режимі ұсынылады. Сахнадағы нысанға байланысты толық мағлұматты көрсетіп тұратындықтан модификатор стегі өте қолайлы. Модификатор стегінің көмегімен нысанның баптауларына тез өтіп және оған модификаторларды қолдануға болады.
Пішінін өзгертетін модификаторлар
Нысанның пішінін өзгертетін негізгі модификаторлар параметрлік модификаторлар (Parametric Modifiers) деп аталады. Мұндай модификаторлардың көмегімен нысанның пішінін әртүрлі қылып өзгертуге болады. Пішінді өзгертетін модификаторларға сондай-ақ еркін өзгерту. (Free Form Deformers) модификаторлары да жатады. Әр параметрлік модификатор нысанды редакторлаудың екі режімін қамтиды:
Модификатордың габаритті контейнері жағдайын басқару Gizmo (Гизмо) параметрі арқылы орындалады.
Орта нүктесін қолдану Center (Центр) модификаторы арқылы орындалады.
Бұл екі режімнен бір-біріне ауысу үшін стектегі модификатор тізімнен керекті режімді таңдаймыз. Әр режімде габаритті контейнер жағдайын және әсердің орта нүктесін өзгертуге болады. Пішінді өзгерту модификаторларының бірі – Bend (Иілту) модификаторы. Бұл модификаторды тағайындау арқылы нысанның кейбір Bend Axis осіне қатысты анықталған Angle бұрыштарының қабырғасын иілту арқылы пішінін өзгертеміз.
Displace (Ығысу) модификаторы. Бұл модификатор нысанға әртүрлі әсер береді. Нысанның Displace арқылы геометриялық мінездемесін өзгерту растрлық бейненің ақ-қара негізінде немесе процедуралық карта негізінде орындалады.
ІІІ. Жеке  жұмыс
Компьютерде тапсырма жасайды. Әр оқушы өз қалауы бойынша бір зат жасап шығарады.
Қорытындылау:
5 жапырақты гүл әдісі арқылы жұптық жұмыс жүргізіледі
ІV.  Оқушы озін жеке бағалайды. Мұғалім сабаққа қатысу арқылы жиынтық баға қойылады.
 
   Әр оқушы стикерге бүгінгі сабақта қандай әсер алғанын қысқаша ғана жазып, тақтаға іледі
Үйге тапсырма: Модификаторлар. Mirror – айналық бейнелеу туралы оқып келу.