Ахмет Байт?рсын?лы «О?у?а ша?ыру» (3-сынып)
Сабақ:ана тілі
Тақырыбы:Ахмет Байтұрсынұлы «Оқуға шақыру»
Мақсатымен міндеттері:А.Байтұрсынұлының шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру;
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: өлеңді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу, терең білім алуға тәрбиелеу;
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: А. Байтұрсынұлының портреті «Әліппе »оқулығы, құмырсқа суреті;
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау,
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: «Пікіплер ағашы» Ахмет Байтұрсынұлы туралы не білесің айтып бер.
1.Ол кім? 4. Қандай оқулық жазған??
2.Қайда туған? 5. Қандай шығармаларын білесің?
3. Қандай қызмет атқарған? 6. Әкесінің аты кім?
Білім
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Күн сәулелеріне не жазар едің?
Бүгін А. Байтұрсынұлының шығармашылығымен әрі қарай танысамыз «Оқуға шақыру»- өлеңін оқимыз.
Оқулық бойынша жұмыс 6-7 бет
6 бет «Оқуға шақыру» өлең
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
Сөздік жұмыс : іздеп тауып алалық- үйрену, оқу, із
-тізбек бойынша оқу
-азат жолмен оқу
Бөлімдерге бөліп оқу * Оқуға шақыру
* Еңбек іс-әрекеті
*Даналық Даналық- сөзін басқаша қалай айтуғаболады?
Өлеңдегі түсті бояумен ерекшеленген сөздерді теріп оқы.
Оқуға, жұмыссыз, даналық, байқап, қаралық, даналық- өшпес жарық, кетпес байлық.
-өлеңді тұтас мәнерлеп оқуға дағдылану
Сергіту сәті
3. Жаңа білімді бекіту: Сызбаға зер сал. Өлеңге сүйеніп, сызбаны өз сөзімен түсіндір. Неліктен бұл сөздер құмырсқа түрінде көрсетілген?
іздену үйрену
оқу жарық
Еңбек Даналық Білім байлық
«Даналық-өшпес жарық, кетпес байлық» жолдарын сен қандай сызба арқылы көрсетер едің? (топтық жұмыс) –шығармашылық жұмыс
4. Үйге тапсырма: 6 бет мәнерлеп оқу, 8 бет №9 тапсырма дәптерге жазу.