Презентация:: Ахмет Байт?рсын?лы «?ара б?лт»


Ғибрат алар артыңа іс қалдырған, Шын бақыт,Осыны ұқ,Мәңгілік өлмейсің! Шәкәрім Ахметтің енгізген мыңға жуық терминнің 500-дейі қазір қолданыста жүр. Арнайы ұғымдардың жүйесін қалыптастырып, «Тіл-құрал» етіп жеткізген. Бүгінгі күнге дейін қолданып жүрген әріп, дыбыс, буын, сөз, сөйлем, зат есім, сын есім, сан есім,есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, т.б. ғалым жасаған терминдер күні бүгінге дейін жас ұрпақты оқытуға жарап келеді. Ахметтің әліпбиінің түп нұсқасы. Ел арасында «Төте жазу» аталып кеткен А.Байтұрсынұлы әліпбиі Қытай жеріндегі қазақ бауырларымыз әлі күнге дейін қолданып келеді. Қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым, ұғымдарды дәл білдіретін жүздеген әдебиеттану терминдерін жасады. А.Байтұрсынұлының араласуымен шебі бұзылудан аман қалған бүгінгі қазақ елінің қасиетті шекарасы осы. А.Байтұрсынұлы «Қара бұлт» өлеңі. Мақсатымыз: «Қара бұлт» өлеңінің мазмұнын меңгере отырып, идеясын ашу. Сөздік жұмысы. Аптап - өте ыстық,көк – аспан,пәрменінше – бар күшімен,қайран қалу – таңқалу,қайыр - пайда І топ. Мазмұнын ашу.Өз сөздеріңмен мазмұнын баяндау.ІІ топ. Рөлге бөліп оқу. Екі оқушы: бірі –тау, екіншісі-автор.ІІІ топ. Поэтикалық талдау жасау.Шумақ, бунақ, ұйқас түрлерін ажырату. Ақын қара бұлт арқылы өмірдегі қандай адамдарды бейнелеген? Тау сөзімен адамдардың қандай қасиетін көрсетпек болған? Абай атамыз айтқандай адам бойындағы бес асыл іс пен бес дұшпанды , қане, кім атап береді? Бұл мысалда ғибрат алар қай шумақ? І топ. Төрт сөйлем тәсілі.Пікір. Мәтін бойынша туындаған өзіндік пікірін бір сөйлеммен келтіру.Дәлел. Келтірілген өзіндік пікірін бір сөйлеммен дәлелдеп беру. Мысал. Енді өзіндік пікірді тағы да бір негіздеп кетуі үшін бір сөйлеммен мысал келтіру қажет.Қорытынды. Өзіндік пікірді тағы да бір рет пысықтап, қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтіру керек.  ІІ топ. Бестармақ (синквейн) 1-тармақ – негізгі ойға байланысты 1 зат есім; 2-тармақ - негізгі ойға байланысты 2 сын есім; 3-тармақ – негізгі ойға байланысты қимылды білдіретін 3 етістік 4-тармақ – тақырыпқа байланысты 4 сөзден тұратын сөйлем. 5-тармақ - бірінші тармақтағы сөзбен мағыналас 1 сөз.   ІІІ топ. Ойтолғау. «Қайырымдылық деген не?» Қазіргі кезде қайырымдылық керек пе? деген сұрақ төңірегінде ойларын жеткізу. Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймынЕл бүгіншіл, менікі ертең үшін. А.Байтұрсынұлы Үйге тапсырма: 1. «Қара бұлт» өлеңін жаттау.2. А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы қосымша мәліметтер оқу, жинақтау.3. «Анама хат» өлеңін оқып, талдап келу.