Орта??ы тобына арнал?ан ?йымдастырыл?ан технологиялы? картасы.
Ортаңғы тобына арналған ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Табиғаттағы қауіпсіздіқ ережесі»
Мақсаты: Табиғатта қауіпсіздіқ ережесін сақтауға үйрету. Отпен ойнамау, өздеріне таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс –жидектерді теріп жемеудің қажеттілігін түсіндіру. Ережені сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Табиғат аясында өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру.
Билингвальдық компаненті:Табиғат-природа,ереже-правила .
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері Тәрбиеші іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады.
Нұрланып күн тұрса,
Күле әлем жайнайды.
Жер беті құлпырса,
Бұлбұлдар сайрайды. Балалар шаттық шеңберін кұрып, өздеріне танысөлен жолдарын айтады.
Ұйымдастыру- шылық-ізденістік -Балалар, бізге хат келіпті. Бұл хатты Ернар мен жанар деген балалар жазыпты. Олар орманнан саңырауқұлақ терген екен. Алайда саңырауқұлақтың қайсысын жеуге болатындығын білмейді екен. Сол себепте сендерден көмек сұрап хат жазыпты. Бірақ балалар, олар өздернің қандай саңырауқұлақ жинап алғандығы туралы айтпапты. Суреті де жоқ. Олар бізді орманда күтетіндіктерін айтпапты. Сондықтан балалар мен сендерді орманға саяхатқа баруға шақырамын. Барғыларың келе ме?
Тәрбиеші балаларды алдын ала дайындаған орманға әкеледі. Ол жерден Ернар мен Жанарды кездестіреді. Ернар мен Жанар балаларға себеттегі теріп алған саңырауқұлақтарын көрсетеді.
-Балалар, мынау қандай саңырауқұлақ екендігін білесіңдер ме?
Бұлар-улы саңырауқұлақтар. Ал улы саңырауқұлақты жеуге болмайды. Бұл саңырауқұлақтар адамдар үшін өте зиян, ал орман тұрғандары үшін пайдалы, зияны жоқ екен.
Ернар,Жанар сендердің теріп алған саңырауқлақтарыңның барлығы да жеуге жарамсыз. Себебі:сендер тек улы саңырауқұлақтар теріп алыпсындар.
Ернар мен Жанар:
-Біз білмей қалдық.
-Міне, балалар, көрдіңдер ме, егер өздеріңе таныс емес өсімдік,саңырауқұлаұ немесе жидек көрсеңдер, оны теріп жеуге болмайды екен. Ал орманда басқада жеуге жарамды жемістер бар.
Мысалы, міне, мына қызыл жидекке қараңдаршы. Бұны адамдар қой бұлдіргені деп те айтады. Осыған ұқсас жемісті көргендерің бар ма? Жанар:-«Ой мына жерде қойбүлдіргені көп екен»,- деп үзіп жей бастайды. –Жанар, асықпа. Балалар Жанар дұрыс істеді ме?
-Неге?
-Балалар сендер білесіндер ме,
Орманға, тауға жалпы табиғат аясында қандай қауіпсіздік
ережесін сақтау керек?
-Қандай жәндіктерден абай болу керек?
-Осындай жағдайларды болдырмау ұшін неістеу керек?
-Болған жағдайда не істеу керек?
Мысалы , сендер оттың лаулап жанып жатқанын көрдіндер немесе кене шағып алды, бұндай жағдайда неістеу керек?
-Тағы да қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Енді жолға шығайық.
Ұзын, қысқа жолдарды,
Біліп біздер алайық.
Үлкен, кіші өткелден
Адымдап біз өтейік
Тез, тез жүріп,жүгіріп
Бақшамызға жетейік.
Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға табиғатқа серуенге барғандағы қаупті деп санайтын өсімдіктер мен жәндіктердің суретін жапсыруды, екінші орталықтағы балаларға « Табиғаттағы мінез-құлық ережесі» тақырыбында табиғатқа ,серуенге барғанда нені істеугі болмайды деп санайды, соған байланысты суреттері жапсыруды ұснады.
Балалар кәдімгі өздерінің жеп жүрген құлпынайына ұқсайтындығын, айырмашылығы тек көлемінде екендігін айтады
-Жоқ.
-Ол қойбүлдіргенді жумай жеді. Жемісті жуиай жеуге болмайды, ішің ауырады.
-Отпен ойнамау керек.
-От жаққан болса, кетер кезде өшіріп кету керек. Әйтпесе орт шығуы мүмкін. Жәндіктерден абай болу керек.
-Жыланнан ,кененің шағып алуынан.
-Үлкендермен бірге жүру керек, жалғыз жүрмеу керек.
-Үлкендерге хабарлау керек
-Ұшкір заттармен ойнамау керек.
-Серуенде жүргенде үлкендерден алыс кетпеу керек.
-Өзі білмейтін саңырауқұлақтар мен жидектерді жемеу керек.
Өлең мазмұнына байланысты қимылдарды жасайды
Бірінші орталықтағы балалар өздерінің таңдауы бойынша алдын ала қиылып берілген суреттердең ішнен қаупті деп санайтын өсімдіктер ме н жәндіктердің суреттерін жапсырады (ұжымдық жұмыс).
Мысалы, жылан, кене,маса және өздеріне таныс емес жәндіктер мен жидектердін суретін жапсырады.
Екінші орталықтағы балалар табиғат аясында істеуге болмайтын қылықтарға байланысты берілген суреттерді жапсырады. Олар: құстын ұясын бұзба, ағаштарды сындырма,қатты айғайлама, қүмырсқаың илеуіне тиіспе, гүлдерді жұлма т.б.
Рефлексиялық- түзетушілік Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көніл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көніл күйлерін таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үренгендерін, ненің суретін салғанын айтады.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: серуенде жүргенде үлкендерден алыс кетпеу, отпен ойнамау, өздерне таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектерді теріп жемеу.
Игереді: қауіпсіздік ережесін сақтауды және оның өз өмірі үшін маңыздылығын, серуен кезінде үлкендермен бірге жүру керектігін, отпен ойнамаукеректігін, өздерне таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектерді теріп жемеу керектігін, жәндіктерден сақтану керектігін, табиғат аясында тыныштық сақтауды.
Меңгереді: отпен ойнамайды, өздеріне таныс емес саңырауқұлақтар мен жеміс-жидектер мен жәндіктерден алыс жүруді, үшкір заттарды ұстамайды, келеңсіз жағдай бола қалған жағдайда үлкендерге хабар беру керек екендігін.