Жолды? шамалармен ж?мыс (9 класс)


Күні:
Пәні
Информатика Мұғалім аты-жөні
Абдрахманова Г.А 9 «а,ә,б» - класс Сабақтың тақырыбы: Жолдық шамалармен жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні: Жолдық шамалар тұралы ұғым беру.
Паскаль тілінде жолдық шамалармен жұмыс істеу жолдарын түсіндіру, оларға қолданы- латын функциялармен таныстыру.
Программаны ықшамдап, сапалы жазу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік мәні: Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу
Нәтиже: Жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік ережелерін біледі
Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды
Компьютерде жұмысты аяқтаған кездегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
Түйінді идеялар: Жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік ережелері
Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Компьютерде жұмысты аяқтаған кездегі қауіпсіздік ережелері
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту
Пәнаралық байланыс: Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сәлемдесу.
Ұйымдастыру.
Топқа бөлу.
Сабақ барысымен таныстыру.
Бағалау парағын таныстыру.
Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру Сәлемдесу
Өздерін ретке келтіру
Топқа бөліну
Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру
Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)
(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)
Информатикалық диктант
1. Символдык шаманы сипаттайтын қызметші сөз? (char)
2. Кіші латын әріптерін бас эріптерге айналдыратын функция? (UpCase(x))
3. X символының кодын беретін функция? (ORD(x))
4. Pred(‘D’)= ‘?’ функциясының мәні? (С)
5. Енгізу операторының қызметші сөзі? (readln)
6. SQRT(25) (5)
7. Succ(‘D’)= ‘?’ функциясының мәні? (Е)
8. 36 div 8 (4)
9. х санын символға түрлендіретін функция (CHR(x))
ІО.Айнымалының модулін (абсолюттік шаманы) белгілейтін функция Abs(x)
Қызығушылықты ояту (2 мин.)
9-сыныпқа арналған электронды оқулықтан «Басқару операторын» Оқушылар зейін қойып тыңдайды
еректердің құрылымдық (құрама) типтерінің қарапайым типтерден айырмашылығы-ортақ бір аты бар мәндер жиынын береді және белгілі ережелер бойынша қарапайым типтерден құрылады.
Құрама типтер топтарға бөлінеді:
-жолдық тип (жолдар);
-реттеулі тип (жиымдар);
-аралас тип (жазулар);
-жиындық тип (жиындар);
-файлдық тип (файлдар).
Мәндері текст болып табылатын шамалар литерлік шамалар деп аталады. Алгоритмдерде тексті тырнақшаларға алу қабылданған. Литерлік шамалармен кейбір операцияларды жүргізуге болады:
Жалғау операциясы.
Ол «+» таңбасымен белгіленеді және екі тексті біреуге жалғайды.
Мысалы:
«Қазақ»+ «стан»= «Қазақстан»
«20»+ «30» = «2030»
INCLUDEPICTURE "https://s0.wp.com/wp-content/mu-plugins/wpcom-smileys/twemoji/2/svg/263a.svg" \* MERGEFORMATINET («Бағдар»+ «лама»+ «ны» «меңгер»+ «емін»)
Текстің ұзындығын анықтау.
Бұл операция ұзын қызметші сөзінің көмегімен жүргізіледі. Текстің ұзындығы ондағы символдар санымен анықталады.
Мысалы:
ұзын ( «Қазақстан») =9.
Бірде-бір символы жоқ текст бос текст деп аталады. Оның ұзындығы 0-ге тең: ұзын («»)=0.
INCLUDEPICTURE "https://s0.wp.com/wp-content/mu-plugins/wpcom-smileys/twemoji/2/svg/263a.svg" \* MERGEFORMATINET  (Әр оқушы өз атының ұзындығын айтады).
Қиып алу операциясыБұл операцияның көмегімен текстен үзінді қиып алуға болады. Текстегі символдар солдан оңға қарай нөмірленген деп есептейік.
Мысалы:
123456789
Егер А= «Қазақстан» болса, онда А [1,5 ] = «қазақ»
Мұнда 1-қиылу басы – қиып алынатын үзіндінің бірінші символының нөмірі,
5-қиылып алынатын символдар саны.
INCLUDEPICTURE "https://s0.wp.com/wp-content/mu-plugins/wpcom-smileys/twemoji/2/svg/263a.svg" \* MERGEFORMATINET ТәуелсіздікМұнда 1-қиылу басы, 8-қиылып алынатын символдар саны.
Қиып алу және жалғастыру операцияларын қиыстыра отырып, бір текстерден басқаларын алуға болады.
Алгоритмді Pascal тіліне аудару үшін жолдық типті деректер керек.
Жол – ASCII кодтық кестесінің символдар тізбегі . Жолдың ұзындығы 255 символдан артық болмауы керек. Жолдық типті айнымалы келесі түрде айнымалылар бөлімінде сипатталады:
var a: string; [25];
Квадрат жақшаларға алынған мән 25-жолдың мүмкін ұзындығын анықтайды, үнсіз келісім бойынша ол 255-ке тең.
n символды жолды сақтауға қажет жадының көлемі n+1 байт, өйткені нөлдік байтта жолдың ұзындығы сақталады.
Жолдың жекелеген символдарына берілген символдың жолдағы нөмірі (индексі) бойынша қатысуға болады. Мысалы, а[3] өрнегі а жолының санау бойынша үшінші символына қатынас құруды қамтамасыз етеді. a[0]-жолдың ұзындығы бар нөлдік байтқа қатынас құруға мүмкіндік береді.
Бір өрнекте жолдық және символдық типті шамаларды жылжытуға болады.
Жолдық деректерді өңдеу үшін арнайы Turbo Pascal функцияларын пайдалануға болады.
ФункцияларФункциялардың арналуыconsat (s1,s2,… sn) Тіркесу (жолдардың жалғасуы): concat (‘Қазақ’, ‘стан’ ) — Қазақстанlength(s) Жолдың ұзындығын анықтау: length(s) (‘Қазақстан’) — 9
copy (s,n,k) s жолындағыn позициясынан (орнынан) бастап k дана символ қиып алу керек. Егер а:=’Қазақстан’, онда copy (а, …….) > стан
Жолдық шамалар үшін алгоритмдегідей жалғау және қатынас операциялары мүмкін болады:
A:= ‘Қазақ’+’стан’>ҚазақстанЖолдарды салыстыру солдан оңға қарай бірінші бірдей болмайтын символға дейін жүргізіледі, онда бірінші бірдей болмайтын символының ASCII кестесіндегі нөмір үлкен болатын жол үлкен деп есептеледі. Егер екі жолдың ортақ бөлігіндегі символдар бірдей болса, онда ұзынырақ жол қысқарақ жолдан үлкен.
Жолдар үшін қатынас операцияларының бәрі мүмкін болады.
Мысалы: Жеңіске 70 жылProgram esep1;
vara: string [7];
b: string [2];
c: string [3];
t: string [100];
l: integer;
begin
a:=”жеңіске”; в:=”70”, c:=”жыл”;
t:=a+’ ‘+b+’ ‘+c;
l:=length(t);
writeln(‘t=’,t);
writeln(‘l=’,l);
end.
Жолдық типтегі шамаларға қолданылатын стандартты функцияларды окулықтан қарап, түсіндіру, талдау, мысалдар келтіру.
ББҮ (2 мин.)
ББҮ-ны толтыру ББ бойынша флипчартта жазу
Білемін? Білгім келеді? Үйрендім?
Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
А. Осы программаны компьютерде теріп орындаңдар, (5ұп)
В. Осы прогмамманы тақ сандардың қосындысын табатындай етіп өзгертіп, компьютерде орындаңдар. (10ұп)
С. Оқулықтан №11 есеп (103). Бүтін М (100<=M<=200) санына дейінгі жұп сандар мен тақ сандардың қосындысын жеке есептеп, нәтижелерін экранға шығаратын программа жазып, компьютерде орындаңыз. (15 ұп)
Нұсқа:. Қателерін тексеріп, түрлі мән беріп бірнеше рет орындаңдар, файлды сыныптарыңның «9 сын» папкасына өз фамилияларың мен есеп нөмірін файл аты етіп сақтаңдар. Оқушылар белсене қатысады. Суреттерді құрастыру арқылы үш топқа бөлініп отырады.
Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі.
Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды.
Топтағы әрбір оқушы «Ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы»тақырыбын бөліп алып оқиды.
Оқушылар өздері оқыған ақпарат туралы топқа түсіндіреді.
Ой толғаныс (4 мин.)
Жолдық шамалармен жұмыс Жолдық шамалармен жұмыс
Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау) Сұрақтарға жауап береді.
Бағалау (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Бақылайды, бағалайды.
Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды. Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.
Үйге тапсырма (1 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үйге «Жолдық шамалармен жұмыс» тақырыбын оқып келу. Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.
Рефлексия (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.