Разработка урока по казахскому языку на тему Фонетикадан ?ткенді ?айталау (5 класс)
Отаубаева Асемгуль Жанбазаровна қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Пән аты: қазақ тілі
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың фонетика саласы жайлы, тіл дыбыстары және оның түрлері туралы түсініктерін бекіту, алған білімдерін жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы нығайту.
2.Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын арттыру, фонетикалық талдау, жұппен жұмыс жүргізу дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, еңбекті дәріптеуге, ана тілін құрметтеуге, жауапкершілікке баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың формасы: саяхат
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жаттығу жұмыстары, салыстыру, талдау, перфокартамен жұмыс, графикалық диктант.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте, үлестірмелер,
презентация, қанатты сөздер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика.
Сабақтың ұраны: «Шапшаңдық, ізденіс, ұшқыр ой, терең білім – міне, маған
керегі».
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, кезекшімен сұхбаттасу. Оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатын түсіндіру. Оқушылардың көңіл-күйіне бақылау жасау, қызығушылықтарын арттыру, сабаққа тарту. (бағалау парағымен таныстыру)
Оқушылар Викторинада жинаған ұпайы Оқушының өз бағасы Жұбының қойған бағасы Мұғалімнің бағасы Қорытынды баға
Бүгінгі сабақтан не күтемін? Өз алдыма қойған мақсатым Сабақтан не алдым?
II. Үй жұмысын тексеру.
1)Викториналық сұрақтар қою. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беру.
(ұпайларды үлестіру, қобдишаға салу)
Фонетика дегеніміз не?
Қазақ тілінде неше әріп бар? 42 әріп
Қазақ тілінде неше дыбыс бар? 37 дыбыс
Дауыссыздан басталып дауыссызға аяқталатын буын түрі – бітеу буын.
Қазақ тілінде екпіннің неше түрі бар – 4
Жұмысшы – жұмышшы сөзіндегі ықпал түрі – кейінді ықпал.
Полисемия дегеніміз не? (басқаша қалай атаймыз) – көп мағыналы сөздер
Әңгімесі жарасу тұрақты тіркесінің мағынасы – ортақ тіл табу
Сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы – орфография
Сөзді айтқан кездегі пайда болатын дауыс толқыны, фонетикалық бөлшек –буын.
III. Бекіту кезеңі.
Оқушыларды жұпқа бөлу (өз парталастарымен бірігіп жұмыс жүргізеді).
- Бүгінгі сабақта біз сіздермен фонетика әлеміне саяхат жасаймыз. Саяхатымыз негізгі 3 кезеңнен тұратын болады. Әр кезең барысында біз жеке, топта жұмыс жүргіземіз. Саяхатқа шықпастан бұрын біз не істеу керекпіз? Үйден алысқа шыққалы отырмыз. Әрине, ең алдымен отбасы мүшелерінен сұранып алу керекпіз. Ескерту керекпіз. Ол үшін, РАФТ бойынша хат жазамыз (жұппен орындау). Р –рөл, А – ата-анаға, Ф – хат, Тақырыбы – саяхатқа жіберуге өтініш. (хаттың мазмұнында синоним бола алатын сөздер, антонимдік жұптар, омоним болатын сөздер болуы шарт) – 7 минут. (оқыту, антонимдерді, омонимдерді, синонимдерді атап беру).
-Үй ішімізге ескерту жасадық. Енді барлығымыз жұптарымызбен вагондарға жайғасайық. Бүгінгі саяхатта сіздердің гидтеріңіз, яғни саяхат басшысы мен боламын. Ал саяхат барысында үнемі бірінші жауап беруге тиіс жұпты анықтайық. Сол ретпен вагондарға ие боласыздар.
Тапсырмалар: Әліпби ретімен орналастыр.
Саяхат, тапсырма, түндік, әже, аспан, қараңғы, ғарышкер, гармонь, әуен, қарақат, сынақ, бала, бұзау, пойыз, піл, циркуль, халық, ыдыс, лақ, мақта, нар, ілгіш, чемпион.
Дұрысы: аспан, әже, әуен, бала, бұзау, гармонь, ғарышкер, қарақат, қараңғы, лақ, мақта, нар, пойыз, піл, саяхат, сынақ, тапсырма, түндік, халық, циркуль, чемпион, ыдыс, ілгіш.
(қосымша: буын түрін шапшаң анықта ынтымақ – тұйық, ашық, бітеу)
№ 1 аялдама «Логика» (ауызша)
Келесі сөздердің фонетика ұғымымен байланысын анықта.
Магнитофон – аудиожазбаларды, дыбыстарды орындау;
Микрофон – дыбысты күшейту;
Телефон – желі арқылы алыс қашықтыққа дыбыс жеткізу.
Фонетика – грек тілінен фоне – дыбыс (жұпта талқылау).
№2 аялдама «Таным» (жазбаша)
1.Перфокартамен жұмыс
Сөйлем Дауысты дыбыстар саны Ашық дауыс тылар Қысаң дауыс
тылар Жуан дауыс
тылар Жі ңіш
ке дауыс
тылар Еріндік дауыс
тылар Езулік дауыс
тылар
Алдабергенов қызмет істейтін зеңбіректің кіші командирі сержант жігіттің бұйрығымен зеңбірек оқталды. Сәлден кейін екі зеңбіректі қайта сүйреді. Сөйлем Дауыссыздар саны Қатаң дауыссыздар саны Ұяң дауыссыздар саны Үнді дауыссыздар саны
Көп кешікпей ата-анасы да келді. Біздің елде бүркіттің жеті түрі мекендейді. Тексеру.
№3 аялдама «Шапшаңдық» (жазбаша, дәптерге орындау)
1.Берілген сөздерді екі бағанға бөліп жаз. Соңғы буыны сөз екпінін қабылдай алмайтын сөздерді бір бөлек, соңғы буынына сөз екпіні түсетін сөздерді бір бөлек теріп жаз.
Еңбекші, мұздай, барамыз, құрылысшымын, барма, туралы, еңбек, даналық, ғой, екілік, айтпа, сөйлесеміз.
(жаттығудың дұрыстығын жұппен тексеру)
2. Мәтінмен жұмыс (оқулықта, 354-жаттығу), буынға бөліп көшіріп жазу.
Май-да бол, жі-гіт бол-саң, тал жі-бек-тей,
Жақ-сы е-мес қат-ты бо-лу ті-ке-нек-тей.
Ғы-лым-ның бол-са-да-ғы ұ-шан-те-ңіз,
Пай-да жоқ өз хал-қы-ңа қыз-мет ет-пей.
Ғиб-рат ал жақ-сы-лар-ға жа-қын жү-ріп,
Қа-ша гөр жа-ман-дық-тан ау-лақ шет-тей.
Не нәр-се та-лап-тан-саң та-бы-ла-ды,
Уа-фа жоқ ер жі-гіт-ке жа-па шек-пей.
Сергіту сәті.
Қарлығаштай қалықтап,
Қанат қағып алайық.
Кеуде керіп шалқақтап,
Үшке дейін санайық.
№4 аялдама «Жаяу жарыс» (тақтада жұмыс жасау)
Ықпал түрлерін анықтау.
Жанпейіс – Жампейіс, қанаттар, он бес – ом бес, ақ лақ – ағ лақ, Есенгелді – Есеңгелді, Жүсіпбек – Жүсіппек, үш жыл – үш шыл, жез киік – жез гиік, Сәтбек – Сәтпек, ашса – ашша, сөзсіз- сөссіз, тас жол – таш шол, Тасжарған – Ташшарған.
Фонетикалық талдау жүргіз.
Әр жұпқа бір- бір сөзден.
Уақыт, мейір, дауыл.
№5 аялдама. «Тапқырлар» Графикалық диктант. Пікір дұрыс болса - ; қате болса /\
Бауыр дыбыстау мүшесі
Ықпалдың үш түрі бар
Дауыссыздардың саны
Дауыстылар тілдің қатысына қарай ашық, қысаң деп бөлінеді
Еріндіктердің саны
О, ө, ұ, ү, ә буын талғамайтын дыбыстар
Туырлық сөзіндегі у – дауысты
Бір буынды сөз тасымалданбайды
–мен, -бен, -пен буын үндестігіне бағынбайтын жұрнақ
Х әрпіне біткен сөздерге жуан қосымшалар жалғанады.
IV. Қорытындылау.
Кестені аяқтау. Сабақтан не алдым, не үйрендім бағанын толтыру.
«Топтастыру стратегиясы»
- Сонымен, біз сіздермен Фонетика әлеміне саяхат жасадық. 5 аялдамадан өтіп үлгердік. Фонетика әлемінде қандай қызықтар бар екен?
«Фонетика әлемі» атты ағаштың әрбір қалташасына бұл әлемде сенің нені көргеніңді жаз. Мысалы: Мен – дыбыстарды байқадым.
V. Үй жұмысы
«Фонетика әлемінде» тақырыбында қиял-ғажайып ертегі құрастыру.
Ертегі келесі жолдармен басталуы тиіс.
Ерте, ерте, ертеде, фонетика атты бір елде...
VI. Бағалау
Бағалау парағы бойынша.