?.Ж?малиев «Махамбет пен Жа?ия»


БЕКІТЕМІН: Ж.Нұрмаханова
Күні: 20 қараша 2015 жыл
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 3 «Ә»
Тақырыбы: Қ.Жұмалиев «Махамбет пен Жақия»
Мақсаты:
Білімділігі: Мәтін авторы Қажым Жұмалиев туралы мағлұмат бере отырып, елімізді қорғаған батырлар жайлы білімдерін тереңдету, жүйелеу.  Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге баулу. Мәтін мазмұнын дұрыс түсініп оқуға үйрету.Дамытушылығы: Оқушылардың өз ойын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылық ізденісін, танымдық қабілеттерін арттырып, сөздік қорын байыту.Оқу дағдыларын дамыту.Тәрбиелігі: Қазақ халқының өмірін ата – бабаларымызбен, яғни батырларымызбен байланыстыра отырып, оларды қадірлеп, ержүректілікке, отансүйгіштікке, батырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: Ашық сабақӘдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, ҚЖАЖ әдісі, ыстық орындық, топтастыру,
сөздер банкасы, түсіндіру.Нәтиже: 1. Оқушылар автор өмірбаянымен танысады. 2. Отанымызды қорғаған батырларымыз туралы біледі.Көрнекілігі: Слайдтар, оқулық, батырлардың суреттері, т.с.с.
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, бейнелеу.
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
Оқу – құралдарын түгендету;
Назарларын сабаққа аудару;
Психологиялық дайындық.
Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Күлімсіреп, сәттілік тілеп!
Біз сабақты бастайық.
- Рахмет балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше. Біз бүгін топпен жұмыс жасаймыз. Сабаққа барлығымыз толық қатысамыз. Сабағымыздың мақсаты елімізді қорғаған батырлар туралы толық мағлұмат ала отырып, топтасып түрлі әдістермен жұмыс жасаймыз. Оқу – құралдарымызды түгендеп, жақсылап жайғасамыз.
ІІ. Өткенді пысықтау кезеңі:
-Балалар, өткен сабақта Марат Әбсеметтің «Ақжолтай Ағыбай батыр» әңгімесін өтіп, үйге түсінгенімізді айтуға берген болатынмын.Олай болса, түсінігімізді айтайық.
– 5 оқушыдан сұрау)
ІІІ. Өткенді бекіту кезеңі:
- Жарайсыңдар, балалар! Мына сөзжұмбақты шешіп көрейікші!
1. А 2. Ғ 3. Ы
4. Б 5. А 6. Й
Ресей патшалығы бағындыруды көздеген ел.
Батырдың есімі.
Патша үкіметінің әмірін мойындағысы келмеген хан.
Батырдың әкесінің аты.
Батырдың шешесінің аты.
Батырға халықтың берген есімі.
(Оқушылардың жауаптары торкөздің ішіне жазылады.)
ІV. Жаңа сабаққа кіріспе кезеңі:
-Балалар! Торкөздегі сөзді барлығымыз оқып көрейікші. Ағыбай деген кім? (Батыр). Олай болса, отанымызды қорғаған тағы қандай батырларымызды білесіңдер?
(Оқушы ойы тыңдалады)
V. Жаңа сабақ:
Міне балалар, бүгін біз Қажым Жұмалиевтің «Махамбет пен Жақия»
мәтінімен танысамыз. Барлығымыз дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің ретін жазып, жаңа сабақтың тақырыбын түсіріп алайық.
Қажым Жұмалиев – 28 желтоқсан 1907 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Оны Қажығали деп те атаған. Ол – жазушы, ақын, абайтанушы, әдебиеттанушы, ғалым, филология  ғылымдарының докторы (1947), профессор (1950), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961), Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1967), 1946 жылдан корреспондент мүшесі болған. Қажым атамыз 16 желтоқсан 1968 жылы 61 жасында Алматы қаласында қайтыс болған.
Оқулықпен жұмыс:
Балалар,  мәтін үш бөлімнен тұрады екен. Ендеше, І топқа – бірінші бөлімді, ІІ топқа – екінші бөлімді, ал ІІІ топқа – үшінші бөлімді берейін. Әр топ өз бөлімін жақсылап, мұқият оқып, түсінгенін айтып берсін.
(Бұл жерде ҚАРА – ЖАП – АЙТ – ЖАЗ әдісі қолданылады.)
Енді барлығымыз кітапты жауып, бір – бірімізді тыңдайық.
«Ыстық орындық» әдісі арқылы ортаға бір оқушыны шығарып, мәтінді толық, тұтастай айтып берсе.
Балалар, мәтінде не жайлы айтылған?
Мәтіндегі кейіпкерлерді атайықшы.
Олар кім болған екен?
Дәптермен жұмыс. «Топтастыру әдісі»
Әр топқа бір батырдан беріп, солар туралы жақсы жақтарын жазып шығады.
І топ ІІ топ ІІІ топ
Махамбет Исатай Жақия
(Постермен жұмыс жүргізіліп, оқушы жұмыстарын қорғайды, мұғалім тарапынан қосымша мағлұмат айтылады.)
«Сөздер банкасы» әдісі

Құстың жүні
Патша

Ресей
Исатай

Жәңгір хан
Жақия

Ағыбай

Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыздағы банкіге салынған сөздерді дәптерлерімізге жазып алайық.
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау:
-Балалар, барлығымыз экранға назар аударайық. Құлақ түріп барлығымыз мұқият тыңдайық.
(Оқулықтағы 12 – тапсырма көрсетіледі.)
Ендеше барлығымыз бір сәт ойланайық. Исатай батырымыз секілді тығырықтан өзің қалай шығар едің? Жақсылап ойланайық.
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады.)
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Балалар, мына тақтаға ілінген сурет неге
ұқсайды екен? Олай болса күнге не жетіспей
тұр? Батырлар туралы мақал – мәтелдер
айту арқылы күннің шапағын салайық.
VІІІ. Үй тапсырмасын беру:
Қажым Жұмалиевтің «Махамбет пен Жақия» мәтінін оқып келу.
ІХ. Оқушыларды бағалау:
Үй тапсырмасын айтқан және жаңа сабақта көрсеткен белсенділігіне қарай бағалау.