Сайыс саба? жоспары Денсаулы?-зор байлы?


Тақырыбы: Денсаулық-зор байлық
Мақсаты:
-Оқушылардың салауатты өмір салты туралы білімдерін бекіту.Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру
Міндеттері:
-Оқушылардың өз денсаулықтарын сақтауда және нығайтуда белсенді ұстанымдарын қалыптастыру
-Салауатты өмір салты жайлы көзқарастарын кеңейту
-СӨС қажеттілікке тәрбиелеу
--Ойын арқылы жақсы көңіл күй тудыру
Көрнекілігі: компьютер, тақта, презентация,сұрақтар
Ойын барысы:
Жүргізуші:
- Қайырлы күн, балалар!Бүгін сендермен адам үшін ең маңызды нәрсе жөнінде әңгімелесеміз. Бүгін біз сендермен адам үшін ең маңызды нәрсе жайында әңгімелесеміз. Сендер үшін өмірде ең басты, маңызды нәрсе не?
Оқушылардың жауабы:
- Достар, ақша, ата-ана, денсаулық т.
Жүргізуші:
- Адам үшін ең маңыздысы, қымбаты- әрине, бұл оның денсаулығы.Ал балалар- біздің , еліміздің, барша адамзаттың қазынасы. Өйткені Жер бетінде күннің күлімдеп шығып, құстардың құбылта сайрауына ,бір сөзбен айтқанда болашақта мамыражай тіршілік үшін еңбек ететін –сендер.Ал мұндай еңбекті тек дені сау адам ғана атқара алады. Бүгінгі әңгімеміз де осы жайында болмақ.Біз сендермен салауатты өмір салты , яғни ұзақ та бақытты өмір туралы сөз қозғамақпыз. Әңгімемізді сөйлесіп емес, «Ойна да ойла» демекші, «Не? Қайда? Қашан?» ойынын ойнай отырып өрбітетін боламыз.
Бүгін бізде екі топ қонақта.Ендеше оларда ортаға шақырамыз. (Топтар атын айтып, өздерін таныстырады. «Көкөністер» және «Жемістер» тобы.)
(МУЗЫКА)
Қазір сендерді ойын ережесімен таныстырамын.
Мұғалім сұрағы бар конвертті анықтау үшін барабанды айналдырады. Мен сендерге сұрақты дауыстап оқып беремін немесе бұл сұрақ сендердің алдарында да, тақтада слайдтта да болады.Содан соң сендерге ойлану үшін 1 минут беріледі. Уақыт біткен соң топ басшысы жауап беретін ойыншыны айтады. Ойыншы өз жауабын берген соң, келесі топ жауаптары да тыңдалып (бірінкін-бірі қайталап қоймауы, дау тумауы үшін алдындағы қағазға жауаптары жазылады) болған соң тақтада дұрыс жауабы ашылады. Жеңген топ 1 ұпай алады. Шот тақтада жазылып отырылады. 1 минут ойланатын сұрақтардан басқа 20 секундта жауап берілуге тиіс Блиц-турнир сұрақтары да бар.
Қане ойынымызды бастаймыз. 1 раунд басталды. Шот 0: 0
(музыка «барабан дауысы»)
Математика пәнінің мұғалімі Л.Х.Мұстафинованың сұрағы
1-топқа сұрақ.
Қанатқа шешесі 1200 тг берді. Қанат дүкенде 350 теңгеге 1 кг алма, 200 теңгеге 1кг картоп , 500 теңгеге 2 кг алмұрт сатып алды. Сұрақ: Қанатта неше теңге қалды? 1кг алмұрт қанша тұрады?
2-топқа сұрақ.
Әкесі Әсемге 1600 теңге берді.Әсем дүкенде 300 теңгеге алма шырынын, 450 теңгеге шие шырынын, 600 теңгеге 2 кг қызанақ сатып алды.Сұрақ: Әсемде неше теңге қалды? 1 кг қызанақ қанша тұрады?
Ойлануға 1 минут ( сағат тықылы)
Кім жауап береді? Дұрыс жауабы: .... Шот ......
Қосымша: Балалар, Қанат пен Әсем дүкеннен не сатып алды? Адам өзіне қажетті дәрумендердің көбін жемістер мен көкөністерден алады.
2 раундқа көшеміз (музыка «барабан дауысы»)
Келесі сұрақ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі сұрағы
Екі топқа да сұрақ.
Сұрақ: Көп адамдардың мүмкіндіктері бола тұра спортпен немесе шынығумен осы себепке байланысты айналыспайды. Бұл қандай себеп? (Очень часто люди, имеющие возможность заниматься спортом или закаливанием, не занимаются этим исключительно по причине… По причине чего?)
Ойлануға 1 минут ( сағат тықылы)
Кім жауап береді? Дұрыс жауабы: жалқаулықтан. Шот ......
Қосымша: Көп жағдайда біз жалқаулықтың кесірінен өзімізге өте пайдалы нәрселермен айналыспаймыз.

3 раунд.
Келесі сұрақ информатика пәнінің мұғалімі Ольга Петровнадан:
Сұрақ Компьютер ойындары тек логика, ойлау қабілетін ғана арттырады деген пікірмен ғалымдар дауласа отырып, «оны» да дамытатынын дәлелдеуде.. Ол не? (Споря с утверждением, что компьютерные игры развивают логику и пространственное мышление, ученые утверждает, что компьютерные игры развивают только ЕЕ. Назовите ЕЕ либо её последствия). Ойлануға 1 минут ( сағат тықылы)
Кім жауап береді? Дұрыс жауабы: Көз ауруы ( Близорукость (плохое зрение). Шот ......
Қосымша Слайдттағы суреттің де анық емес болуы да сол себепті.
4 раунд. (музыка «барабан дауысы»)
Келесі сұрақ биология пәні мұғалімінен:
Его название в переводе с латинского означает «Косточковый плод Юпитера». Его считали пищей богов. Жрецы Вавилона запрещали простым людям его есть, боясь их умственного и физического развития. Кстати, если приглядеться, его ядро похоже на человеческий мозг. Назовите его.
Кім жауап береді? Дұрыс жауабы : грек жаңғағы. Шот ....
Қосымша: Шынында да грек жаңғағы адамның миына ұқсайды.
5 раундқа көшеміз. (музыка «барабан дауысы»)
Келесі сұрақ орыс тілі пәнінің мұғалімінен:( сұрақ орыс тілінде жіберілген)
Внимание в вопросе есть замена. Это позволяет снизить заболеваемость, увеличить работоспособность и самочувствие. Но решится на это не каждый. Храбрец должен прыгнуть в вату, покататься по ней, а затем резко повысить температуру своего тела. Какое слово заменили словом «Вата»?
Ойлануға 1 минут.
Кім жауап береді?Дұрыс жауабы: мақта Шот:
Қосымша: Қармен ысқылануды шынығу деп атайды.
6 раунд. (музыка «барабан дауысы»)
Келесі сұрақ тарих пәнінің мұғалімі Людмила Никлоаевнадан:
Ресейде «оны» 1 Петрдің кезінде Шуи қаласында жасады.Қазіргі кезде де Шуй қаласының елтаңбасында «ол» бейнеленген. Қазіргі кезде «ол» қатты, сұйық болады.Ол не?
/В России это начали делать при Петре 1, главным центром его производства стал г. Шуя. С тех пор на гербе Шуи изображен кусок этого. В наше время оно бывает не только твердым, но и жидким. Что это?/
Ойлануға 1 минут.
Кім жауап береді? Дұрыс жауабы: сабын Шот:
Қосымша: Сабын гигиена сақтау үшін қажет.
7 раунд (музыка «барабан дауысы»)
Келесі сұрақ «Денсаулық» бағдарламасының жүргізушісі-Елена Малышевадан:
Мультфильмдердің бірінде Маймыл (Мартышка), Піл (Слонёнок), Тотықұс (Попугай), Жылан (Удав) не істеді? Баба Яга мен Кощей Бессмертный «оны» істеген жоқ. Оларға ұқсамас үшін немен айналысу керек?
Ойлануға 1 минут.
Кім жауап береді?Дұрыс жауабы: гимнастика/ жаттығу/ Шот:
Қосымша: Әрбір адамға сергек жүру үшін таңертең жаттығу жасаған жөн.
8 раунд (музыка «барабан дауысы»)
Сұрақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Альмира Шериязданқызынан:
-Юля, сен неге көп су ішіп жатырсың ? Жаңа ғана алмұрт жедің ғой!
- Алмұртты жедім ғой, бірақ ... ...
Юля нені ұмытты?
Ойлануға 1 минут.
Кім жауап береді?Дұрыс жауабы: алмұртты жууды. Шот:
Қосымша: Жемістер мен көкөністерді міндетті түрде жуу керек.
9 раунд (музыка «барабан дауысы»)
Келесі сұрақ география пәнінің мұғалімі Анна Николаевнадан:
Қазақстан Олимпиада ойындарында жеті алтын, бір күміс, бес қола медаль алды, команда бойынша 12-орын алды. Бұл олимпиада ойындары қайда өтті? Бұл қала қай мемлекеттің астанасы?
Ойлануға 1 минут.
Кім жауап береді?Дұрыс жауабы: Лондон-Англияның астанасы. Шот:
Қосымша : Бұл олимпиадада алған жеңістерде біздің Риддер қаласынан шыққан спортшылардың да үлесі зор.
10 раунд. (музыка «барабан дауысы»)
Сұрақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұргүл Нұрлыбайқызынан: Йогурт, май, ірімшік, қатық,бифилюкс, бифидок және тағы басқалар бір өнімнен жасалады. Олар неден жасалады?
Ойлануға 1 минут.
Кім жауап береді?Дұрыс жауабы: сүттен. Шот:
Қосымша: Бұлар сүт өнімдерінің атаулары.
11 раунд. (музыка «барабан дауысы»)
Айболиттің сұрағы:
Бұл адамға өте қажет, сондықтан оны «өмір» деп атауға да болады. Ол барлық пайдалы тағамдарда болады. Бұл не?
Ойлануға 1 минут.
Кім жауап береді?Дұрыс жауабы: дәрумен/ витамин/ Шот:
12 раунд ( музыка «барабан дауысы»)
Келесі сұрақ блиц-турнир сұрақтары. 3 сұрақтың әрбіреуіне ойлануға 20 секунд беріледі.
1 . Ол жер астында өседі. Ұзын. Көзге, бойға пайдалы. Кішкентай, ақ аң өте жақсы көреді. Бұл не? /сәбіз/
2. Түсі сары, домалақ. Дәмі қышқыл. Онда С дәрумені бар. Бұл не?/лимон/
3. Түсі сары, ұзын, жұмсақ. Жылы елдерде ағашта өседі. Бұл не?/банан/
Раундттар аяқталды. Шот..... Бүгінгі сайыста көп ұпай жинаған ..... тобы марапатталады. Құттықтаймыз!/ сыйлықтар табыстау/
Қорытындылау.
Балалар, бүгін біз көптеген сұрақтарға жауап іздей, тыңдай отырып, салауатты өмір салты не? деген сұраққа жауап тапқандай болдық. Сендердің ойларынша салауатты өмір дегеніміз не?/ слайдттарды көрсету/
Балалардың жауабы:
-Салауатты өмір салты дегеніміз - зиянды әдеттерден / темекі, шарап, нашақорлық/ бас тарту;
- Салауатты өмір салты дегеніміз - дұрыс тамақтану;
- Салауатты өмір салты дегеніміз - спортпен айналысу;
-Салауатты өмір салты дегеніміз - жеке гигиенаны сақтау;
- Салауатты өмір салты дегеніміз- жақсы көңіл-күй.
-Дұрыс айтасыңдар, балалар, салауатты өмір салты – бұл адамның денсаулығына әсер ететін іс-әрекеттері. Яғни, денінің саулығы жолында пайдалы нормалар мен ережелерді сақтап, қалыпты дұрыс тамақтанады. Бүгін сендер түсіндіңдер деп ойлаймын, адам үшін ең қымбатты-..............
Балалардың жауабы: ДЕНСАУЛЫҚ!!!
-Сендер үшін қандай сұрақтар қызықты болды?……..
Біз бүгінгі сайысқа қатысқан топ оқушыларына алғысымызды білдіре отырып, сайысымызды мына бір дана сөздермен аяқтағымыз келеді:
«Адамда бәрі тамаша болу керек- жаны да, тәні де, ойы да. Салауатты өмір салты әр адамның өмір салтына айналуы тиіс».
Соңында барлық оқушылар «Денсаулық» әнін айтады («Голубой вагон» әнімен)
«Денсаулық» (Сөзін жазған Альмира Шериязданқызы, «Голубой вагон» әнімен)
1.Көкөніс пен жемістерді көп жеймін, Жүгіремін, секіремін үнемі,
Онда түрлі дәрумендер көп. Спортты мен жақсы көремін.
Денсаулығы күшті болса әркімнің, Көкте маған ай, жұлдыздар күледі,
Ол адамда ешбір уайым жоқ. Күні бойы сергек жүремін.
Денсаулық, денсаулық- адамға керегі, Денсаулық, денсаулық- адамға керегі,
Қозғалыс, дәрумен-өмір негізі. Қозғалыс, дәрумен-өмір негізі.
2.Тазалықты әрқашанда сақтаймын,
Сабын-менің ең жақын досым.
Салауатты өмір салтын жақтайтын,,
Денсаулығың мықты, зор болсын!