Урок на тему Жа?аша о?ытуды ме?геру – заман талабы


Қызылорда облыстық білім басқармасы
Қармақшы аграрлы –техникалық колледжі

Тақырыбы: Жаңаша оқытуды меңгеру – заман талабы
Орындаған: Өндірістік оқу шебері: Л.Тоқмамбетова
2015-2016 оқу жылы
Жоспары:
І. Кіріспе бөлім
Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау маңызы
ІІ. Негізгі бөлім
Оқыту үрдісінде жаңа технологиялардың пайдалану тиімділігі
Кәсіптік білім берудің міндеттері мен мақсаттары
ІІІ. Қорытынды бөлім
«Өндірістік оқу сабағында жаңа технологияларды пайдалану тиімділігі»
Өндірістік оқу шебері: Л.Тоқмамбетова
Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететін орта буынды кәсіби мамандар қалыптастыру үшін негіз қалайды.
Еліміздің индустриялық- инновациялық даму міндеттері ауқымының жедел қарқынмен өсуіне байланысты техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыстың қажеттігі туындап отыр. Осыған орай елімізде заман талабына сай білімді, озық технологияларды жетік меңгерген, кәсіби білікті жұмысшы мамандар даярлауда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына үлкен міндеттер мен талаптар жүктеліп отырғаны белгілі.
Болашақ кәсіби маман- өз таңдаған мамандығының өндірістік міндеттерді жақсы атқарып қана қоймай, оған қоса жобалай білуі дұрыс шешім қабылдап, шығармашылық жұмыстарды да орындай алуы қажет. Себебі ғылым мен техниканың қарқынды дамуына және жаңа технологиялардың өндіріске енуіне байланысты кез-келген кәсіптік мамандыққа қойылатын талаптар үнемі өзгеріп отырады.
Жаңа технологияны меңгеру –ұстаздың зейін –зерделік , кәсіптік, адамгершілік, рухани – азаматтық және басқа да адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытуға көмектеседі, жаңалықтарға жетелейді. Кәсіптік орта білім беруде өндіріс шеберлерінің алдында тұрған зор міндеттердің бірі – жаңа педагогикалық технологияның – инновациялық тәсілдерін қолдана отырып, мамандардың шеберлігін арттыру.
Колледжіміздегі тігін шеберханасы қазіргі заман талабына сай материалдық-техникалық жағынан дидактикалық көрнекі құралдармен және оқу құалдарымен толық жабдықталған. Тігіншілік кәсіпті меңгеру шынайы талап, арнаулы білім қоры және төзімділік пен шыдамдылықты қажет етеді.
Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу мамандығы бойынша студенттерге тігіншілік кәсібін үйретем. Шеберханамызда өтілетін тақырыптарға арналған көрнекі материалдар, тігінші мамандығы бойынша мағлұмат беретін кестелер мен қатар еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында дайындалған арнайы стендтер бар. Қол жұмыстары мен машина тігісіне арналған әртүрлі плакаттар мен стендтермен жабдықталған. Өндірістік сабақта студенттер жұмыс орындарына арналған стендтерді қолданып жұмыс істейді. Өндірістік оқыту кезінде қарапайымнан күрделіге деген қағиданы ұстай отырып, мата қиындыларынан әртүрлі тігін бұйымдарын құрастыру жолдарын көрсетемін.Тігін шеберханасында студенттердің технологиялық үрдістерді дұрыс жүргізуіне , өндірістік міндеттерді дұрыс орындауына , жұмыс істеу қабілеттілігін арттыруға мүмкіндіктері болады.
Студенттерді жеке және топтық болып бөлініп, бұйым бөлшектерін құрастырып болашақ мамандықтың қыр-сырын үйретемін.
Олардың болашақ кәсіпке деген қызығушылығын оятып, білімге деген белсенділігін дамыту үшін әртүрлі әдістемелік тәсілдерді қолданамын.Өйткені әр студенттің сөйлеу, ойлау, өзін-өзі ұстау, шеберлік деңгейі қабілеті әртүрлі.
Көп жағдайларда студент жастарымыз өндірістік сабақ кезінде өз белсенділіктерін, шығармашылық ойларын сабақ кездерінде танытады, сөйтіп өте жақсы ұйымдастырған өндірістік сабақ өз маманының майталманы болып шығуына жол ашады. Тек студенттің шығармашылық жұмысын дамытуға, әр студенттпен қабілет- қарымына қарай жеке жұмысты кідірмей бастау қажет. Ал қабілетті студентпен жұмыс арнайы жоспарға сай озық жүргізілуі тиіс. Өндірістік сабақтың сапасын көтеру мақсатында төмендегідей үйрету амалдарын қолданамын:
-Үлгілермен жұмыс ( маталардың қасиеттеріне сипаттама беріледі)
-Графикалық кескіндемелермен жұмыс ( әр түрлі суреттер сызбалар дайындау)
-Әртүрлі деңгейдегі тест сұрақтармен жұмыс істеу;
-Берілген сән үлгілері бойынша бұйымдардың құрастыру технологиясының тізбелік өңдеу жоспарын құру;
-Жаңа тақырыптар бойынша ағымдағы нұсқау карталарын жобалау;
-Жүрдек әмбебап тігін, арнаулы машиналарында күрделі операцияларды орындау.
Әрбір сабақтың басында оқу материалдарынан студенттерге кіріспе нұсқау беремін, онда орындалатын жұмыстың мақсаты мен мазмұнын түсіндіріп, жұмыстың орындалу реті және негізгі ережелермен таныстырамын. Нұсқау беру кезінде жұмыс орнында өзін қалай ұстау, жұмыс орнын ұйымдастыру, жабдықтау керектігі туралы айтып, студенттерге құрал – жабдықтарды қалай қолдану туралы, қауіпсіздік техникасы және техника мен еңбек қауіпсіздігі ережелерінен нұсқау беремін. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде тақырыпты ашу үшін плакаттар мен слайдтарды пайдаланып, өндірістік жұмыстың орындалу реті мен еңбек әдістерін көрсетемін және тақырыпты пысықтау кезінде карталық тапсырмалар, тест сұрақтары мен биіктету әдісі, ассосациялық және венн диаграммаларын қолданамын.
Бешпентті өңдеу тақырыбында өтілген сабағымда «сиқырлы әріптер» деген ойынды пайдаландым. Ондағы мақсатым өткен тақырып пен жаңа сабақтың арасында байланыс жасау, әрі жаңа сабақтың тақырыбын сол ойын арқылы танып алу, яғни, жаңа сабаққа дайындау.
Бешпент деген сөздегі әрбір әріптерді жеке –жеке шығарып алу. Ол әріптерді теріс қаратып қалтаға салып қоямын.
Сұрақтар жазылған кеспе қағаздар үстел үстінде нөмірмен белгіленіп жатады. Әрбір студент сұраққа жауап беру арқылы сол кеспе қағаздағы нөмір бойынша теріс қарап тұрған әріпті ашады. Сонда Бешпент деген жаңа тақырып шығады. Бешпентке толық мағлұмат беріп өтемін.
Осы жерде «Венн диаграммасын» пайдаланамыз.
Қамзол
Бешпент

Ұқсас

Топтастыру стратегиясы арқылы студенттермен бірлесе жұмыс жасауға болады. Сонымен қатар тест жұмыстарын жиі-жиі алып тұрамын.

Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің болашағын көркейтетін, озық елдермен иық тірестіретін жан-жақты білімді, мәдениетті, өмірге сеніммен қарайтын білікті маман қажет. Нарықтық экономикамен алға басқан қоғамымызда тігінші, мамандықтары үлкен сұранысқа ие. Сондықтан Республикамызда шағын кәсіпкерлікке жол ашылып, отандық өнімдерді өндіру мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр. Кәсіби маманның кәсіпке деген қызығушылығын оятып, білімге деген белсенділігін дамыту керек.
Кәсіптік білім берудің мақсаты қазіргі қоғам талабына сай терең білім, білік, дағдылар мен құзырлылықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өзбетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі айтылған.
Білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс –тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұсынатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Демек, колледждегі оқу үрдісі студенттердің танымдық белсенділігін арттырып шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет. Танымдық белсенділік – студенттің оқуға, білімге деген ынта- ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.
Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады.
Жеке тұлғаның өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
Өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздығы
Оқуға деген қабілетінің артуы
Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.
Басқа студенттердің түсіндірмелеріне сын көзбен қарау
Өз ойының дербестігі
Жеке тұлғаның өз бетінше жұмыс істеу іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.
Студенттердің өзіндік жұмыстарына олардың өз еркімен шығармашылық жұмыстары жатады.
Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер – бүгінгі колледж студенттері,оқытушы оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан оқытушыға жүктелетін міндет ауыр» - деген болатын.Қазіргі заман оқытушыдан тек өз пәнінің терең білгірі болу емес тарихи танымдық,педагогикалық – психологиялық сауаттылық,саяси – экономикалық,білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.
Заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,шығармашылықпен жұмыс істеп,оқу мен тәрбие үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгерген оқытушы болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Ізденімпаз,жаңашыл оқытушының шығармашылығындағы ерекшелік,оның сабақты түрлендіре өткізіп,студенттің жүрегіне жол таба білуінде.
Жаңаша оқытуды қолдану студенттің өз мамандығына қызығушылығын арттырып,шығармашылық шабытын шыңдап,ғылыми көзқарасын қалыптастырып,мамандық сапасын арттырып,еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол екендігін айтқым келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасы «Білім туралы заң» Заңы
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
«Техникалық және кәсіптік білім» журналы №3,2013
«Кәсіптік мектеп» №2,2010