Конспект коучинга на тему:Жа?аша о?ыту — заман талабы


«Чернова орта мектебі» КММ өткізілген аудандық семинар
Тақырыбы: Жаңаша оқыту – заман талабы»
Аудан мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдеріне, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.
Өткізілу жоспары:
«Жаңаша оқыту – заман талабы» (коучинг сессисы – Қаирдолдина Г.Н – 1 деңгей мұғалімі)
«Жан шуағы – мейірім» ( өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ, 2- сынып – Абраимова Б.Б – тәлімалушы)
«Мамандықтар әлемінде» (ашық сабақ -9-сынып, мектеп психологы – Рахимжанова А.Т)
Жаңаша оқыту – заман талабы (коучинг сессиясы)
Қатысушылар: Катонқарағай ауданының білім беру, денешынықтыру және спорт бөлімінің мамандары, ауданға қарасты мектеп мұғалімдері – жиырма екі мектептің оқу ісінің меңгерушілері, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері, мектеп психологтары, бастауыш сынып мұғалімдері.
Мақсаты: Деңгейлік бағдарламалар мазмұнымен таныстыру, инклюзивті оқытудың ерекшелігімен таныстыру, топпен жұмыс істеуге мүмкіндік жасау арқылы жақсы көңіл-күй орнату
1. «Сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу, топқа энергия беру;
Жаттығу барысы
Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италияндықтар». Кейін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италияндықтар» құшақтасады. Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.
2. «Танысайық!» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың бір-бірімен тез танысып, бірігіп жұмыс істеулеріне оң ықпал ету
Жаттығу барысы
Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Өзіне дейінгі 2 адамның атын атап, өзін мектебімен таныстырып кетеді. Мысалы: Айгүл, Жанар, (өзін атайды) Сәуле - ....мектебінен, осылай жалғаса береді.
3. « Жаңаша оқыту – заман талабы» (хабарлама)
Мақсаты: ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың Кембридж тәсілі бойынша деңгейлі бағдарламаның мазмұнымен, түйінді идеяларымен таныстыру
Жүру барысы: I, II, III деңгейлі бағдарламаның мақсаты, міндеттері жазылған слайд бойынша әңгіме жүргізу
4. «Шеңбер бойынша сөз тізбегі” ойыны
Мақсаты: тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал ету
Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз компетентті, кәсіби білімді маманбыз”.  Енді оң жақтағы  ойыншыдан бастап  осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен  айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса ойынан шығарылады. Осылайша ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды.
5. Топтық жұмыс : 1. Миға шабуыл
А. Инклюзивті оқыту туралы не білесіз?
В. Инклюзивті оқыту қажет пе?
2. Мағынаны таныту
Инклюзивті оқыту туралы бейнефильм көру
Инклюзивті мектептің моделін жасап, қорғау.
3. Қорытынды
Тренинг «Жақсы көңіл-күй»

6. «Рахмет!» жаттығуы
Қатысушылар ортада шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші ойша осы сабаққа келгенге дейінгі көңіл-күйлерін, ойларын, жағдайларын, себептерін сол алақанға, ал бүгінгі сабақтан алған әсерлерін оң алақанға салуын сұрайды. Мұнан кейін барлығы бір уақытта алақандарын қатты соғып «Рахмет» деп айқайлайды.
Рефлексия: (Пікір ағашына жеміс ілу)
Мен бұл сабақтан алған тәлімім ...
Маған ұнағаны...
Маған ұнамағаны ...
Менің естігім, білгім, жасағым келгені ...
Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы
Аққайнар ауылы
«Чернова орта мектебі» КММ
Каирдолдина Г.Н.