внеклассного мероприятия За?ды білу-заман талабы
Ергалиева Алтын Советовна
Екібастұз қаласы
Екібастұз медициналық колледжінің
Тарих, құқық және экономика негіздері пәнінің оқытушысы
«Заңды білу –заман талабы»
(сабақтан тыс іс-шараның әзірлемесі)
Мақсаты: а) Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.
ә) Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.
б) Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ата Заң, тәртіп туралы нақыл сөздер, Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы Заңы, интерактивті тақта.
Армысыздар қадірменді ұстаздар, оқушылар!
ҚР шынайы егемендікке ие болып отырған қазіргі таңда қоғамымызды одан әрі демократияландыру, құқықтық мемлекет құру бағытында халықтың барлық топтарына, ең алдымен, оқушы жастарға құқықтық тәрбие беру ісі негізгі мәселе болып отыр. Әр мемлекеттің өзінің заңы болады. Елбасы Н.Назарбаев ҚР құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралар туралы (21- маусым, 1995 жылы №2347) қаулысын жариялады. Елбасы «Заңды білу –заман талабы» екендігін атап көрсетті.
Жасөспірімдердің құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, құқықтық түсінігін қалыптастыру саяси және адамгершілік тәрбиемен сабақтас. Жасөспірім бойына ең ізгілікті қасиеттерді-әділетті, тәртіптілікті, шындықты, адалдықты сіңіру түрлі жағдайларда дұрыс бағыт ұстанып, сенімді де анық қадам жасауына негіз болады.
Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру дегеніміздің өзі – еліміздің заңдары мен тәртіп ережелерін сыйлауға және орындауға, еліміздің материалдық, рухани байлығын үнемді пайдалануға, оны байытуда адал еңбек етуге, жастарды айналамыздағы адамдарға қиянат жасамауға, әдептілік пен тәртіпке үйрету, оларда құқықтық сана мен құқықтық мәдениет негіздерін қалау, саналы ұрпақ тәрбиелеу ісіне үлес қосу болып табылады.
Олай болса бүгінгі құқықты білу, заңды құрметтеу мақсатында «Заңды білу –заман талабы» атты зияткерлік сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Ортаға 2А және 2а «Емдеу ісі» топтарының студенттерін шақырамыз.
Ойынның шарты бойынша 2 топқа бөлінеміз «алғырлар» және «тапқырлар » тобы.
Жоспар
1. «Бәйге»
2. «Дода»
3. «Тіл өнері»
4. «Жорға»
5. «Жекпе – жек»
1. «Бәйге»
1. ҚР Конституциясының 1-бабы, 1 тармағы? (ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды, оның ең қымбат қазынасы- адам және адам өмір, құқықтары мен ботандықтары.)
2. Құқық дегенііз не? (мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
3.Балалар құқы туралы Конвенция қашан, қайда қабылданды? (1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ да қабылданды)
4.ҚР Ата Заңы қанша бап, қанша бөлімнен тұрады? (9 бөлім 98 баптан)
5.ҚР егемндігі мен тәуелсіздігін білдіретін аса маңызды 3 құжат атаңыз (Егемендік туралы декларация, Тәуелсіздік туралы Конституциялық заң, Конституция)
6.Заң дегеніміз не? (барлық адамдарға арналған бірдей ереже )
7. Заң бұзушылық нешеге бөлінеді? (2 теріс қылық және қылмыс)
8. ҚР рәміздері қашан қабылданды? (1992 ж )
9. Абай Құнанбаевтың құқықтық тәрбие беру жолындағы еңбегі? (Шар ережесі)
10.Заң шығарушы орган қалай деп аталады? (парламент, 2 палатадан тұрады: сенат пен мәжіліс)
11. Қылмыстық жауапкершілік басталатын жас жамасы? (ҚР 15 бап.Қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қлмыстық жауапқа тартылады, ауыр қылмыс жасаған үшін 14 жастан жауапқа тартылады)
2. «Дода»
Бұл ойындағы ұяшықтардағы сұрақтардың дұрыс жауыбын берген топқа 10 ұпай беріледі.
40 жас- Президент
30 жас -Сенат депутаты
25 жас – Полиция, сот
20 жас- Маслихат депутаты
18 жас- Сайлау, үйлену құқығы
17 жас- Өсиет жазу құқығы
16 жас- Төлқұжат, еңбек ету құқығы, қылмыстың барлық түрлері бойынша жауапқа
тартылу
15 жас- Жұмыс істеу (рұқсатпен)
14 жас- Қылмыстық ісі үшін жауапқа тартылу, еңбекақыға иелік ету
10 жас- Асырап алуға, қорғаныш болуға келісім беру, ата-аналардың бірімен тұруын
таңдау құқығы
6-7 жас-Тұрмыстық келісім шааралар, мектепке оқуға баруға
0 жас- Туу, құқық қабілеттілікке ие болу
3. Ойынымыздың келесі кезеңі «Тіл өнері».
Құрметті ойыншылар, бұл кезеңде сіздерге мақал айтылады, ішінен бір сөз, яғни құқықтық термин жасырылады. Сол сөзді қазақ, орыс тілдеріне аударып айту керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1. Бір қазаға екі ........ жоқ. (Жаза -наказание)
2. Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі ...... табар. (Куә-свидетель)
3. Мен ....... қылған күні ай жарық болды. (ұрлық-кража)
4. Би екеу болса, ........ төрттеу. (дау-спор)
5. Әр елдің ........ басқа, иттері қара қасқа (заң-закон)
6. Елшіге ...... жоқ (өлім -смерть)
7. Тақыр жерге су төксең, жүруге тайғақ болар,
Жаманға сырыңды айтсаң, тар жерде ....... болар. (айғақ- доказательства)
8. Анық достың қадірін ............ болғанда білерсің. (жала-клевета)
9. ........... істің-арты игі.(әділ-спровидливый)
10. У ішкен бір өледі, ........ ішкен мың өледі. (ант-клятва)
11. Қыдырып ішкен көженің кернеуі жоқ,
Қыдырып айтқан ........ керегі жоқ (билік-власть)
4. «Жорға»
1. 1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні
2. 20-қараша – дүниежүзілік балалар күні
3. 10-желтоқсан – адам құқығы күні
4. 20.11.1989ж – БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
5. 28.01.1993ж – ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды.
6. 8.06.1994ж– Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті7. 30.08.1995ж – ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда баяндалып, екінші рет қабылданды.
5. «Өрлеу»
Яғни қазақстан дамыған елдің қатарына қосылу үшін 2050 жылға дейін басынан қандай қиындықтарды жеңу керек сурет арқылы жеткізу.
Үндеу
Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.
Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.
Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.
Ән: «Туған жер»
Қорытынды: