Презентация информатика п?нінен глоссарий


Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің өмірлік циклі Глоссарий Үлкен жүйелер – бұл элементтер күйінің саны немесе элементтер арасындағы өзара байланыстар комбинаторлы үлкен және сан жетпейтін жүйелер. Күрделі жүйелер – бұл үрдістері классикалық математика, формулалар тілінде, аналитикалық құрылымдар тілінде сипаттала алмайтын жүйелер.Жүйе деп, бірмезгілде біртұтастық ретінде қарастырылатын және алдыға қойылған мақсаттарға жету үшін әртүрлі элементтердің жиынтығы ретінде біріктірілген кез келген объект. Глоссарий Ақпараттық жүйелер – ақпаратты арнайы ұйымдастырылған түрде сақтауға арналған және онымен түрлі әрекеттер жасауға және оны еңгізуді қамтамасыз етуші, сонымен бірге түрлі белгілері бойынша іздеу салушы, отчет жасаушы жүйелер.Ақпараттық жүйенің жобасы деп – нақты бір программалық техникалық ортада ақпараттық жүйені құру және пайдалану бойынша жобалық шешімдердің сипаттамасы бар жобалық-конструкторлық және технологиялық құжаттаманы айтамыз.Ақпараттық жүйені жобалау деп – жобаланушы объект, жобалау әдістері осындай типтегі объектілерді жобалау тәжірибелері жайлы кіріс ақпаратты түрлендіру үрдісі. Глоссарий Ақпараттық жүйені жобалау технологиясы, деп – ақпараттық жүйені жобалаудың және жобалауды ұйымдастырудың әдістері мен құралдар жиынтығы айтамыз. Жобалау құралдары – жобалаудың бірнеше өзара байланысқан технологиялық операцияларды ЭЕМ көмегімен жүзеге асыратын қандай да бір түрлендіруші.Бүтіндеу шектігі – бұл мәліметтердің дұрыстығын регламенттейтін шарттар.Ақпараттық жүйелердің өмірлік циклы дегеніміз - ААЖ–ні (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) жасау қажеттілігінен бастап оның келесі сатысына көшу уақытымен бітетін кезең. Глоссарий Ақпараттық қамтамасыздандару – бұл біртұтас жүйенің жіктелуі және ақпараттық қор құжаттамаларының унифицирленген жүйесінің, ақпаратты кодтаудың жиынтығы.Математикалық қамтамасыздандыру – түрлі есептерді шығаруға қолданылатын математикалық әдістер, үлгілер, алгоритмдер жиынтығы жатады.Бағдарламалық қамтамасыздандыру – бағдарламалар кешені және оларды ЭЕМ-да қолдану нұсқаулары.Техникалық қамтамасыздандыру – АЖ-нің жұмысына арналған техникалық құралдар және оларды қолдануға негізделген техникалық құжаттама жиынтығы. Глоссарий Технологиялық қамтамасыздандыру – бұл АЖ-нің функцияларын жүзеге асыратын технологиялардың және нақты есептерді шешу әдістерінің жиынтығы.Эргономикалық қамтамасыздандыру – АЖ-нің эргономикалық қамтамасыздандыру элементтері ретінде кәсіпорында демалу жағдайларын жасауды есептеуге болады.Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру – жұмысшылардың арасында өзара техникалық құралдармен қатынастарды регламенттейді және де ақпараттық жүйелерді жобалау мен пайдалану үрдістерін сипаттайды. Глоссарий Құқықтық қамтамасыздандыру – ақпараттық жүйенің заңдық деңгейін және онда пайдаланатын ақпаратты өңдеу, алу және қолдану ережелерін анықтайтынқұқықтық құжаттар жиынтығы.Лингвистикалық қамтамасыздандыру – ұғымы ақпараттың ЭЕМ-да тиімді өңделуіне және адам мен техникалық құралдардың қарым-қатынастарын жеңілдетуге бағытталған тілдік құралдар, ғылыми-техникалық терминдер, табиғи тілді формальдау ережелерінің жиынтығы. Second Page