Ашы? т?рбие са?аты Ту?ан жер т?сінде отбасыммен біргемін
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Туған жер төсінде, отбасыммен біргемін.Мақсаты: Туған жер, Отан, отбасы құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Ұлтжанды елін, жерін сүйетін жеке тұлғаны қалыптастыру.Көрнекілігі: сахна әр түрлі нақыл сөздермен безендіріледі, шарлар, гүлдер.Барысы: Сахнаны бимен ашамыз.Жүргізуші шығады.Армысыздар ардақты ұстаздар, ата – аналар және оқушылар!
Бүгінгі ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы «Туған жер төсінде, отбасыммен біргемін» - деп аталып отыр. Бүгін біздің оқушылар аналарымен бірлесе отырып сіздерге керемет кеш сыйлайды деп ойлаймыз.
Біз асқарлы таулары бар, айдын шалқар көлдері бар, асу асу белдері бар, қазыналы қарттары, ақшашты әжелерімен батыр да ержүрек әкелері, ибалы, ақжүрек аналары бар кең байтақ елде өмір сүріп жатырмыз. Аллаға шүкір еліміз тыныш, жерімізде молшылық, үйімізде бақ береке орнаған үлгілі елміз. Осы тыныштық пен бақ береке бізге оңайлықпен келген жоқ. Біздей ұрпақтарының болашағы үшін қаншама бабаларымыз қан кешіп, елін, жерін қорғады. Аталарымыздан бізге аманат болып қалған осынау кең байтақ жерімізді көздің қарашығындай қорғап, еліміздің дамып жетілуі үшін әрбір қазақ баласы жан аямай еңбек етіп, тер төгуі керек. Бұл бастама ең әуелі отбасынан басталуы керек деп ойлаймын. Отбасы шағын мемлекет. Демек, біз бүгін өз отбасымыздың берекелі де мерекелі екендігін сіздерге көрсете алсақ, еліміздің болашағы жарқын боларына сеніміміз мол.
Осы концертімізді «Тәуелсіздік» мерекесіне орай елімізге, туған жерімізге арнамақпыз.
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай – үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол.
Ал, балаларОтбасында ең сыйлы ______________________________________адам кім?Ең қымбатты _____________________________________________ адам кім?Ең құрметті ______________________________________________ адам кім?Ең ақылды _______________________________________________ адам кім?Ең сүйкімді ______________________________________________ адам кім?Олай болса қазіргі кезекті Маншүк пен Қуандыққа бергім келіп отыр. Өздерінің жаттап келген тақпақтарын сіздерге тарту етсін. Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым». «Мен соғысты жек көрем». (Тақпақтарды айтқан кезде баяу музыка жүріп тұрады)Жүргізуші: Әкесі мектепте оқитын баласының күнделігін тексеріп жатыр: - Қазақ тілінен – 2, математикадан – 2, дүниетанудан – 2, орыс тілінен – 2, ән сабағынан – 5...
Әй, сен неменеңе жетісіп ән салып жүрсің-ей? деп әкесі ашуланыпты.
Ал біздің оқушыларды олай ойламаңыздар, олар ешқашан екілік бағасын алмайды, қазір сіздерге тамаша ән айтып береді.
ӘН. «Алтын бесік»
Жүргізуші:
Оқушы мұғалімге:
- Ертең сабаққа келмей-ақ қояйыншы.
- Неге?
- Мама, өзіңіз ғой кеше ертең ауылдан апам келеді деген.
- Екеуіміз бірдей келмесек, ұят болар... деген екен мұғалім.
Олай болса тақпақтарға кезек береміз.
Азиза, Ардақ, Мақсат туған жерге деген тақпақтарын айтып берсін. «Туған жер», «Қазақстан», «Ұшып келем». (Өлеңдер 4 – сыныптың ана тілі кітабынан алынды)
Жүргізуші:
Мектептің тұсынан өтіп бара жатқан әкесі жанындағы баласына:
- Сен осы мектепте оқисың ғой, иә дейді.
- "Иә" дейді баласы.
- Осыдан 20 жыл бұрын мен де осы мектепте оқығанмын.
- Ә, онда директордың маған кеше неге олай дегенін енді ұқтым.
- Директор не деді?
- "Дәл сендей топасты көрмегеніме 20 жыл болды!" деді....
Күліп көңілдеріңіз көтеріліп қалса, ару қыздарымыздың тамаша «қазақ биіне» кезек берейік. Күй «Ерке сылқым»
Қол соғып қошеметтеп отырыңыздар.
Жүргізуші:- Иә, Алла, көрдім бе, көрмедім бе?!Иә, тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!Шырылдаған үніңнен айналайынШыныменен өмірге келгенің бе?!Қызым болсаң – қырымда құралайсың,Ұлым болсаң – ұлы бір мұрадайсыңЕстисің бе есі жоқ, ей, дүние,Менен неге сүйінші сұрамайсың?! – деп қазақтың мұзбалақ ақыны М. Мақатаев жырлағандай, біздің сүйікті ұл – қыздарымыз сіздерге өздерінің жаттап келген тақпақтарын айтып береді. Айдос пен Төлеген
Жүргізуші:
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар – демекші, келесі кезекті әнге береміз. Ән «Туған жер». Орындайтындар: Маншук, Ардақ, Қуандық.
Жүргізуші:
Мұғалім оқушыға:
- Сен үшін үй тапсырмасын неге әкең орындайды?
- Шешемнің қолы тимейді- деген екен
Олай болса оқушылардың әзілдеріне кезек береміз. (Оқушылар әзілдерді көрініс етіп көрсетеді)
-Балам, оқу жылы басталып кетті, күніге ойнағанша, бір уақыт сабағыңа қарасаңшы! Қаңғисың да жүресің!-Ой, әке! Қайтейін енді, қай кітаптің алғашқы бетін ашып қалсам, "Кіріспе" деп тұрады, сосын кіріспей жүрмін
Жандос ваннада жатып айқайлайды:- Папа, маған қандай көйлекті дайындап қойдыңыз? – Қазір жаз уақыты ғой, қысқа жеңдісін. Ал, оны неге сұрадың?- Мен қолымды қай жерге дейін жуу керектігін білейін деп едім
- Алло! Бұл жедел жәрдем бе?- Иә, сізді тыңдап тұрмыз.- Тез маған телефон шалыңызшы. Мен ұялы телефоннан қоңырау соғып тұр едім.
Дүкен иесі сатушысынан:- Неліктен мына кәмпиттер бірнеше рет қағазға оралған?- Білмеймін.Сонда жанында тұрған қызы:- Оны біз сорып көріп, қайтадан орағанбыз...
Соңғы қоңыраудан үйге келген баласы:
- Әке, ақша жоқ-ақша жоқ деуші едіңіздер ғой. Келесі жылы мен сіздерді қинамайтын болдым.
- Не дейсің?
- Маған енді жаңа кітаптар алудың қажеті жоқ. Төртінші сыныпта қайта оқитын болдым.
Мейрамханада.
Даяшы:
- Біздің талаптарымызға көнсеңіздер, қалаған асыңызды 50 пайыз жеңілдікпен береміз.
- Ол қандай талап?
- Ас ішіп болған соң, үстелді жинастырып, ыдыс-аяғыңызды жуып, еденді сыпырып кетесіздер.
7. «Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген
Мақалды қалай түсінуге болады?
- Дұрыс қой, қойын ұрласаң, қойшы таяғымен
ұрады. Таңертең шай қой десең келін аяғымен ұрады.
Даяшы клиентке келіп:
- Шай ма, әлде кофе ме? – деп сұрайды.
- Шай.
- Таппадыңыз, кофе, - деген екен.
- Даяшы! Менің тапсырыс бергеніме екі сағат болды. Енді қанша күтуге болады?
- Екі сағат шыдадыңыз ғой, тағы да он минут күтсеңіз біз де жабыламыз.
Мұғалім: -Қуандық тұр сабақ айт депті.
-Сонда оқушы: Апай, дайындалып алайыншы депті.
- Мұғалім: отыр екі дейді.
- Оқушы: Жыламсырап, мен үйге барам, есікті қиқ деп ашам, анам тамақ іш десе мен не деймін дейді.
- Мұғалім: қазір ішем дей сал.
Оқушы: қазір ішем, әкем фудбол көріп жатып бері кел десе мен не деймін.
Мұғалім: қазір барам дей сал.
Оқушы: қазір барам, әжем сабақтан неше алдың десе мен не деймін.
Мұғалім: 3 алдым дей сал.
Оқушы: «3», онда әжем маған 300 теңге береді ғой.
Мұғалім: не саған 300 теңге жетпей ме?
Оқушы: апай былай ғой, менде 300 теңге, ойлаңызшы жолаушы 50теңге алады, тамаққа керек, қалғанын сіз аласыз, сізге 150 ақ теңге қалады ғой.
Мұғалім: Ой, Қуандық сен өте мейірімдісің, отыр 5.
Мұғалім: Айдос, тұр сабақ айт.
Айдос: апай дайындалып алайыншы.
Мұғалім: отыр екі.
Айдос: мен үйге барам, есікті қиқ деп ашам....
Мұғалім: Ой, Айдос отыр сенен ондай шықпайды.
Оқушыларымыздың әзілдері көңілдеріңізден шықты деп ойлаймыз.
Жүргізуші:"Ана - сая болар бағың болса,Әке - асқар тауың" дейді қазақта.Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,"Әке" деген сезімді ұмытар кім?!Ана - жарық сыйлаған жан екенсің,Ана - шуақ шашатын таң екенсің."Ана - өмір, ана - бақыт, ана - жүрек"Деп соққан жүрегімнің әні екенсің – деп келесі кезегімізді аналарымызға береміз.Аналардың орындауында «Цыган биі» және ән «Аққуым»
Жүргізуші:Тұрғандай ана сөзі тербеп мені,Өмірім өнеріммен өрнектелді.Тілейді әр ізіме ақ жол менің,Әрқашан әке үні жебеп мені – деп айтып жүретін біздің оқушылар сіздерге үнді биін билеп бермекші.
ҚорытындыОсымен құрметті көрермендер тамаша кеште аяғына жетіп қалды.
Барлық өнеге отбасынан басталады. Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік - дөрекілікке, қайрымдылық – қатігездікке, адалдық – арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді орындау - ұрпақ алдындағы ұлы міндет деп түсінейік. Ұрпақтарыңыз елін, жерін сүйген, отанына адал перзент болсын деп тілейміз.
Қош – сау болыңыздар!