Атаны? а? батасы 1 сынып 
Пәні: ана тілі   күні:  01.04.14ж.
Сабақтың тақырыбы: Атаның ақ батасы.                                
Білімділік мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, бекіту.
Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың сабақ барысында есте сақтау қабілетін логикалық ойын,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту   Тәрбиелік мақсаты: Үлкенді сыйлап  құрметтеуге тәрбиелеу                            
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекті-құралдар:суреттер
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
Оқушының назарын сабаққа аудару 
II.Үй тапсырмасын сұрау:
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: 
-Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? 
-Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? 
- бас әріптен жазылатын сөздер қандай сөздер кәне , кім айтады?
IV. Мақсат қою кезеңі: - Бүгін біз сендермен өтілген тақырыптарды пысықтауда жаттығулар орындап, қаншалықты түсінгенімізді көрсетеміз
V. Жаңа сабақ  :
Оқулықпен жұмыс  117-жаттығу  1. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Ұшақ ұшт..  . Кеме жүзд... . аю ақ...рды.Қорадағы мал үр... кті.  2. Қимылды білдіретін сөздердің астын сызыңдар.
1.Өлеңді түсініп оқыңдар. Бұл қай кезде болады? Жылдың төрт мезгілі туралы әңгімелеңдер
VI.Жаңа материалды пысықтау:  118-жаттығу 1. Сөйлемдерді оқып, көшіріп жазыңдар.Көктемде мал төлдейді.Жазда егін шығады.Күзде ағаш жапырақтары сарғайып, түседі.Қыста дала ақ қар жамылады.  2. Қара әріппен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.  
119-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқыңдар
VII.Бекіту  кезеңі :
1. Атаның ақ батасын жаттап алыңдар
2. Семантикалық кестемен жұмыс:
Ата  секіру доп әкелу тас жиналу
Заттың атын білдіретін сөздер Заттың қимылын білдіретін сөздер VIII. Үйге тапсырма: 120-жаттығу «Наурыз» 
ІХ. Бағалау: