Канспект по казахскому языку на тему с?з таптары туралы м?лімет (6-класс)
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы
Ибрагим Ата атындағы жалпы орта мктептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Тожиддинова Динора Убайдулло қызы
Мерзімі:13.10.2015ж 6- сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Сабақтың мақсаты:а) білімділік: оқушыларға сөз таптары , зат есім жайлы толық мәліметбере отырып олардың ой-пікірін калыптастыру.ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, сұрақ-жауап, бағалау, бекіту, қорытындылау.Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары,АКТСабақтың формалары: топпен жұмыс Сабақтың типі: жаңа сабақСабақтың өтілу барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.Кезекші мәлімдемесі. Журнал бойынша түгелдеу.Оқу құралдарын тексеру. Психологиялық дайындық. Жағымды әуен арқылы оқушыларды сабаққа даярлау.Оқушыларды екі топқа бөліп, сабақты жарыс түрінде өтемін. Топтың аттары жазылған қима қағаздар арқылы топқа бөлу. . Әр топ жетекшісі өздерінің тобын төмендегі шумақтар арқылы таныстырады.1. "Терең ой" тобы 2. "Қанағат" тобыТерең ой сенің қанатың, Қанағат — асыл қасиет,От болып ылғи жанатын. Адал жүректі ақниет.Білімділігінен іскерлік, Қанағатшыл бол әр қашан,Сені іздеп те табатын. Пайдасы тиер сан рет.ІІ. Үй тапсырмасын сұрауҮйге берілген тапсырманы оқу арқылы тексеріледі.
79-жаттығу. Жаттығуды көшіріп жазып,қос сөздердің жасалу жолдарына талдау жасаңдар. Қуандық ауылдың балаларын жинап алып,асыр салып,үйін астан-кестен қылыпты. Астан-кестен - екі сыңарының да мағынасы жоқ.қосарлама қос сөз. Өтілген сабақты пысықтау мақсатында оқушылармен тест жұмысы өткізіледі.Әр топқа жеке-жеке тест тапсырмасы беріледі. Тест №1
Қазақ тіл білімінің неше саласы бар?
а. 2
в. 3
с. 4
д. 5
е.6
2. Тіл дыбыстарын не зертттейді?
а. Лексика
в. Морфология
с. Фонетика
д. Синтаксис
е. Стилистика
3. Қайсысы дыбыс әрі әріп?
а. Ы
в. Ю
с. Я
д. Ь
е. Ъ
4. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар?
а. 11
в. 37
с. 12
д. 35
е. 36
5. Қай сөз қазақтың төл сөздердің заңдылығына бағынбай тұр?
а. Балалық
в. Есік
с. Қазір
д. Кешке
е. Ағаш
6. Дауыстының қызметін атқарып тұрған қосарлы дыбысты табыңыз.
а. Қайыршы
в. Баяушы
с. Сәулетші
д. Жеңімпаз
е. Көреген
7. Біріккен сөзді табыңыз.
а. Талдықорған.
в. Ашық ауыз адам.
с. бес дәптер.
д. қоңыр ала.
е. тісін қайрады.
8. Қайталама қос сөзді табыңыз. а. жеңіл-желпі
в. ары-бері
с. аппақ-аппақ
д. ғылыми- көпшілік
е. көрші- қолаң
Тест №2
Үндестік заңының неше түрі бар?
а. 2
в.3
с.4
д.5
е.6
2. Қайсысы сөз табына жатпайды?
а. Шылыу
в. Жіктік жалғау
с. Үстеу
д. Одағай
е. Есімдік
3. Қай дыбыс жақтың кең ашылуы арқылы жасалады?
а. Ү
в. Ы
с. У
д.і
е. Ә
4. Үнді дыбыстардың қатарын табыңыз.
а. у,й, и,р
в. г,ж, д,в
с. к,ш, т,ф
д. м, ң,ғ,з
е. й,к,л,м
5. Алфавиттегі 13-дыбыс қандай дыбыс?
а.үнді
в. қатаң
с. жуан
д. еріндік
е. ұяң
6. Тасымал неге негізделеді?
а. екпін
в. дауыссыз дыбыс
с. дауысты дыбыс
д. буын
е. үндестік заңы
7. Дара сөзді табыңыз.
а. Тізесін бүкті
в. Әкімшілік
с. Бес жүз
д. Отыз бестерге жуық
е. Жақсы көру
8. Күрделі сөзді табыңыз.
а. Қолын жуды
в. Милионның жартысы
с. Жарақаттану
д. Жығылып қала жаздады
е. Ол отырды Кіліт
Тест №1 Тест №2
1-В 1 –А
2-С 2 –В
3-А 3 - В
4-В 4 – А
5-С 5 – А
6-В 6 – Д
7-А 7 - В
8- С 8 – А
Слайд арқылы тесттің жауаптары тексеріледі.
Әр топтан жауап берген оқушылардың жауабы топ жетекшілеріндегі бағалау жауап парағына түсіріледі. Жауап парағының үлгісі.
№ Жауап берген топтың атауы Оқушыға қойылған баға.
1 1-топ
2 2- топ
Ж Жаңа сабақты түсіндіру. Жаңа тақырыпты оқушыларға үйде дайындалуға берілген.
Қанағат тобына сөз таптары жайлы жалпы мәләмет береді.
Терең ой тобына зат есім туралы толық мәләмет береді.
Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену тұлғасына, қойылатын сұрағына, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары деп атайды. Қазақ тілінде 9 сөз табы бар. Слайд көрсетіледі. Олар: 1 . зат есім, Кім? Кімдер? не? нелер? 2 . сын есім, Қандай? Қай? 3 . сан есім, Неше? Қанша? Нешенші? Нешеу? 4 .етістік, не істеді? не қылды? Қайтті? 5. есімдік орнбасар сөз табы., 6. үстеу, Қимылдың түрлі белгісін,мезгілін,мекенін,себебін,мақсатын білдіреді. 7. еліктеу сөздер, Әр түрлі дыбысқа, құбылысқа еліктеу және олардың бейнесін елестету мағынасындағы сөз табы. 8. шылау,Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын,өзі тіркескен сөзге қосымша мағына беретін сөз табы.9.одағай.адамның көңіл күйін білдіретін немесе жануарларға айтылатын сөз табы.
Білімді. мектеп, ара, оқушы. 2.Сары, таза, тәтті. 3. Бес, жүз мың, отыз жеті, 4.Кел, кет, ойла, жүр, бара жатыр, 5.сен, біз, неше? 6.кеше былтыр, бүгін,бірге, зорға, 7. тарс –тұрс, ыржың-ыржың, 8. ма-ме, ба-бе, -ау, да-де,кейде, 9. алақай, шіркін, моһ-моһ,
Заттың атын білдіріп, кім? не? кімі? несі? кімім? нем? кімің? нең? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: әке (кім?), оқушы (кім?) тау (не?), ауыл (не?), т. б.Абай үшін бұл еңбек мезгілі, өнер іздеу дәурені болған.Ол жеті жарық жұлдыздан тұрады.Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауы жалпы есім деп аталады. Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты жалқы есім деп аталады. Мысалы, кісі, адам, деген жалпы адам атаулыға тән ат болса, Сұлтан Бейбарыс, Нұрсұлтан дегендер адам атаулының бәріне емес, жеке кісілерге ғана қойылған Жалқы есім, әдетте, жеке кісінің аты-жөні, мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше, ұйым, мекеме, т. б. жеке аттары, географиялық атаулар, әр түрлі шығарма аттары, мал, құс, хайуанаттарға арнайы қойылған аттар болып келеді. Жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады. Мысалы: Алматы, Ертіс, Абылай, «Абай жолы» романы. Мағынасына қарай деректі,дерексіз болып екіге бөлінеді. Деректі зат есім- көзбен көріп,қол мен ұстауға болатын заттармен құбылыстардың атауы. Ағаш, қалам, су, домбыра, Дерексіз зат есім- көзбен көріп қолмен ұстауға келмейтін, тек оймен, ақылмен ғана сезіп білетін ұғымдардың атауы. Арман, қайғы,қуаныш т.б. Осы екі топқа беріледі. Оқушылардың өздері ережеге сай түсінгендерін ватман қағазға түсіріп қорғайды.
Сергіту сәті. Қамажай. Тақатада көрсетілген
Талдау -табыс кілтіАбайдың ұлағатты сөзін алып, талдау жұмыстарын жасау.Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан басталады.
Оқулық пен жұмыс. 104-жаттығу. 1-топ. Зат есімдерді көшіріп жаз. 2- топ. Мағыналық түріне ажыратыңдар.
Біздің ауылды Ақсай дейді. Ал ел аузында Ақсаймен қатар Көксай да көп аталады. « Ау, мұның Ақсайы біздің ауыл болғанда, Көксайы қай жақта!»- деуші едім өіме –өзім. Көп ұзамайКөксайды да көрдік. Айша мені ерте оятты.Соғыстың үшінші жылына аяқ басып бара жатқан кез. Құдайға шүкір,бала болсамда,ерте оянуға үйренгенбіз...
Білімділер тапсырмасы.
Зат есімге мысал келтіріп,оладан шағын мәтін құраңдар. топтардан оқушылар шығып мәтіндерін қорғайды.
Жаңа сабақты пысықтау.
«Таңқұрай теру»ойыны арқылы оқушылардың тоқсандық білімдерін тексеру
1.Қызыл телпекті қызға таңқұрай теруге көмектесеміз.Таңқұрайдың артындағы сұраққа жауып береді.
1.Сөз таптары дегеніміз не?
2.Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
3. Зат есім дегеніміз не?
4. зат есім қандай сұрақтарға жауап болады?
5.Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
6.Зат есімге мысал келтір.
2. «Зымыран сұрақтар».
1.Қазақ тіл білімінің қанша саласы бар? 3 саласы бар. 2.Фонетика нені зерттейді? Тіл дыбыстарын зерттейді. 3. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар? 12 дауысты дыбыс бар. 4. Қысаң дауысты дыбыстар қанша? 6 қысың даусты дыбыс бар. 5.Ұяң дауыссыз дыбыстар қанша? 8 ұяң дауыссыз дыбыс бар 6. Буынның қанша түрі бар? Буынның 3 түрі бар. 7. Қосарлама қос сөз дегеніміз не? Сөздердің қосарланып айтылуы 8. Қос сөздің қанша түрі бар? Қос сөздің екі түрі бар. 9. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? 9 сөз табы бар 10. Біріккен сөз дегеніміз не? Екі немесе одан көп сөздан бірігіп,бір ұғымды білдіреді.
Рефлексия: « Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың сабаққа қаншалықты түсінгенін білу мақсатында осы рефлексияны қолдандым..
Жасыл түс - түсіндім.
Сары түс – онша түсінбедім
Қызыл түс - мүлдем түсінбедім.
Үйге тапсырма: 107-жаттығу. Төменде берілген сөздерден сөйлемдер құрау.
Жұлдыз, дос, арман, бәйтерек,қыран,бақыт
Келесі оқу. Сын есім.
Топ басшыларының бағалау парағына сүене отырып топтарды бағалау.