Урок по казахскому языку на тему С?з таптары.Сын есім (4 класс)
4 сынып
Қазақ тілі Сабақ №
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім. 40-44 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Сөз таптары туралы білімдерін пысықтай отырып‚ сөз таптарының түрлерін меңгертуге дайындау. Зат есім.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: «Сөз таптары» картасы, Сөйлем , суреттер, қи мақағазар
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.
13716000Сөз таптары
00Сөз таптары
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Зат есімнің түрлері: Жекеше, Көпше, Жалпы,Жалқы, Негізгі, Туынды, Тәуелдеулі зат есім
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.
Сөз таптары туралы білімдерін пысықтай отырып‚ сөз таптарының түрлерін пысықтау.
40−жаттығу. Сөздерге сұрақ қойып, олардың қай сөз табы екенін анықта.
Сөздерді сөз табына топтап, тиісті бағанға жаз.
Әр сұрақтар тобына мысалдар келтіру.
Кім? Не? Не істеді? Қандай? Қанша?
------------- ---------------- -------------- ----------------
------------- --------------- -------------- ---------------
Мектеп, ұзын, дәптер, жазды, қарындас, жеті, аласа, көк, әңгіме, әдемі, сегіз, жел, ынталы, көркем, орындады, он екі, ұшты.
41-жаттығу.
Жалқы есім Жалпы есім
308610013906500274320013906500ЗАТ ЕСІМ
Негізгі зат есім Туынды зат есім
Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып жаз.
Негізгі зат есім деген не?
Туынды зат есім деген не?
Оларың бір бірінен айырмасы не?
... − биші ... − орындық
... − іскер ... − жолдас
... − өнерпаз ... − көлшік
Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңді көшіріп жаз.Негізгі және туынды зат есімдерді тиісті белгімен белгіле.
Аңшы, бірақ бұл тіптен
Шықпайды аңға мылтықпен.
Аң мен құсты бүркітші
Аулайды ылғи бүркітпен.
42-жаттығумен жұмыс.
Жақшадағы сөздерге тиісті тәуелдік жалғауларын жалғап, өзінің алдындағы сөзбен байланыстырып жаз.
(кітаптың беті, жаңбырдың суы, қуыршақтың көйлегі, бөлменің ауасы, көлдің жағасы, Айжанның шешесі, үйдің терезесі.
Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымшаларды тәуелдік жалғаулар дейміз:
елі-м, сіңлі-ң, ана-сы. Тәуелдік жалғаулары үш жақта, жекеше және көпше түрде
айтылады: мұғалім-ім, мұғалім-ің, мұғалім-іңіз, мұғалім-і, мұғалім-іміз, мұғалімдер-ің,
мұғалімдер-іңіз, мұғалімдер.
12573005778500І жақ. Менің ...
ІІ жақ. Сенің ... зат есімдерді тәуелдеу.
ІІІ жақ. Оның ...
17144997810500Жекеше түрі Көпше түрі
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
І жақ. Менің ... Біздің ...
ІІ жақ. Сенің ... Сендердің ...
ІІІ жақ. Оның ... Олардың ...
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Ережелерді пысықтау. 43, 44−жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Тәуелдеулі зат есімдерді тап.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау