Открытый урок по казахскому языку на тему Ашы? саба? С?з таптары


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы білім беру басқармасы
Кентау қалалық білім беру басқармасы
«Қарнақ» жалпы орта мектебі

Тақырыбы: «Сөз таптарын еске түсіреміз».



Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С. Исаева
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптарын еске түсіреміз .
Сабақтың мақсаты :
1.Сөз таптары, сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың білімдерін, ұғымдарын қайталау, бекіту.
2.Танымдылық тапсырмалар , сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту.
3.Оқушылардың ана тілін сүюге адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, сөздерді түсініп, үлгі өнеге алу.
Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Кезекшінің мәлімет
2. Психологиялық сәт
3. Топқа бөлу
4..Үй тапсырмасын тексеру.
5. Мағынаны ашу сатысы.
6.Ережелерді айтқызу
7.Полигот ойыны
8. Сергіту сәті
9.Дәптер, тақтамен жұмыс.
10. «Сиқырлы сандар» ойыны
11.Оқулықпен жұмыс
12.Семантикалық кестемен жұмыс
13. Кластер құрастыру
14.«Синквейн» әдісі І.Ұйымдастыру кезеңі.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Хош келдіңдер балалар!
Оқуға құмар даралар!
Сабағымызды бастайық,
Маған назар салыңдар.
Психологиялық сәт
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім,
Міне, балалар, кемеңгер, ақын-жазушыларымыздың тілі туған тіліміз, қазақ тілі сабағы.
Үй тапсырмасын тексеру.
Суреттер қима түрінде қиылған, Әрбір оқушы өзі  ұнатқан түсті таңдайды.
Жұмыстың жүргізілуіне қарай топтастырып отырғызу.
Үйге не берілді?
- Оқушылармен амандасу
- Кезекшінің мәліметі
-Сыныпта кім кезекші?
-Сыныпта мен кезекшімін.
-Сыныпта кім жоқ?
- Сыныпта оқушылар түгел.
-Қазір қай жыл мезгілі?
-Қазір қыс жыл мезгілі.
-Қыс айларын қандай?
-Қазір қай ай?
-Желтоқсан.
-Желтоқсан айларындағы мерекелі күндерді атаңдаршы?
-1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнін атап кеттік.
Желтоқсанның 16-сы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлаймыз. Әлем таныған тәуелсіз мемлекет ретінде болашаққа қадам басқан біздің еліміз дамыған, білімді ел болуы керек.
Ендеше, бүгінгі сабағымызға қатысып отырған бірнеше мұғалімдеріміз бар екен, өз білімімізді ортаға салып, сабақты жақсы өткізуге уәде бересіздер ме? (ия)
- Ертегі тыңдауды ұнатамыз ба?
- Ендеше балалар, ертегілер еліне саяхатқа шығайық.
Балалар, ерте, ерте ертеде біз білмейтін шексіз бір үлкен әлемде сөздер өмір сүріпті. Ол ел – Морфология елі деп аталыпты. Дүниедегі сөз біткеннің бәрі сол елде, кең сарайда тату - тәтті бірге тұрыпты. Бір күні сөздер бір нәрсеге келісе алмай, «Сен ұзынсың, мен қысқамын, сен көпшілсің, мен бір ғана мағына беріп оқшау жүргенді ұнатамын» - деп, кең сарайға бастары симай, айтысып жатады. Мұны естіген хан оларды жинап алып: «- Сендер мағыналарыңа, өзіндік ерекшеліктеріңе қарай топқа бөлініңдер. Әрқайсысыңды жеке отау етіп, бөлек үй қылып қоямын» - дейді. Сөйтіп, сөздер өздерінің ұқсас белгілеріне қарай топқа бөлініп, оларға ат беріледі. Осылайша Морфология елі – Сөз таптары еліне айналады.
Сұрақ: - Балалар, сөз таптары дегенді бұран естігенсіңдер ме? Сөз табы деген не? Ендеше балалар, бүгін біз осы тақырыппен танысамыз:
Жаңа тақырып: Сөз таптарын еске түсіреміз.
Сөздердің білдіретін мағынасына, тұлғасына, сөйлемдегі жеке қызметіне қарай топтарға бөлінуін СӨЗ ТАПТАРЫ дейміз.
Қазақ тілі - өте бай тілі.Оның құрамында мыңдаған сөздер бар.Сөздер атқаратын қызметіне, мағынасына, Сұрағына қарай 9 топқа бөлінеді екен. Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, одағай, есімдік, шылау, еліктеуіш сөздер.
Енді балалар, осылардың ішінен біз қандай сөз таптарымен таныспыз?Осы сөз таптары бойынша топқа бөлініп әртүрлі жұмыстар жасаймыз.Зат есім тобы зат есім туралы ережелерді,Етістік тобы етістік туралы білгендерін,Сан есім тобы сан есім туралы. 
Оқушыларды төрт топқа бөлу:
  1- топ «Зат есім»
топ «Сын есім»
топ «Сан есім»
топ «Етістік»
Әр топта тапсырмалар берілген, сол тапсырмаларды орындау арқылы, әр оқушы өз білімін көрсетеді.
Әр топ білімі стикерлермен бағаланады.
Қызыл - өте жақсы, жасыл- жақсы, сары- орташа.
1 топ – Зат есім
1 тапсырма :
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Зат есімнің сұрақтары қандай?
3. Зат есім түрлері.
4. Зат есімнің септелуі
Полигот ойыны
«Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл»
«Полиглот» кезеңне келдік. Көп тіл білу- өмір талабы. Олай болса, қазір әр оқушы қазақша, орысша, ағылшынша аударма айтады, тыдайқ.
Сергіту сәті
Бойы сергектің, ойы сергек
2 тапсырма.
3- жаттығу. (зат есім) - теріп жазу.
Алаша , текемет, ауа, аңшы.
3 тапсырма. /Зат есімді сыз/
1. Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
2. Оқу- білім азығы,
Білім- ырыс қазығы.
2 топ – Сын есім 1 тапсырма
1. Сын есім дегеніміз не? / заттың сыны, сапасын, көлемін білдіреді/
2. Сын есім сұрақтары / қандай, қай/
3. Сын есім түрлері / дара, күрделі, негізгі, туынды/
4. Туынды сын есім қалай жасалады? / жұрнақ арқылы/
2 тапсырма
3- жаттығу (сын есім)
Қоңыр, дөңгелек, қышқылтым, ақылды, әдемі.
3 тапсырма
Сөзжұмбақ шешу:
1 «Қандай» сұрағына жауап беретін сын есім? /жақсы/
2. Заттың түсін білдіретін сын есім /қызыл/
3. Қандай жолдас болдады? / жаман/
4. Алма қандай болады? / сары/
5. Қай сұрағына жауап беретін сын есім / шеткі/
6. Жемдеп тұрған мал қандай болады? / семіз/
С Ы Н Е С І М 3 топ – Сан есім
1 тапсырма
1 Сан есім дегеніміз не?/заттың санын білдіреді/
2. Сан есім сұрақтары /қанша, неше, нешінші /
3. Сан есім түрлері /дара,күрделі, есептік, реттік, негізгі ,туынды /
4. Есептік сан есімнің сұрағы /қанша, неше /
2 тапсырма / сан есімдерді теріп жаз /
3- жаттығу
Тоғыз, бесінші, жеті
3- тапсырма /сан есімдердің астын сыз /
Ертегіден сан есімді табу
4 топ- Етістік
1 тапсырма
1. Етістік дегеніміз не?
2. Етістік түрлері
3. Етістік сұрақтарын ата
4. Болымды, болымсыз етістік
2 тапсырма
3- жаттығу
Жүгірді, тазала, көмектесті.
3 тапсырмаоқыды күлді
685800162560006858004826000отырды ойнады
6858009652000685800965200068580096520006858009652000оқушыбиледі айтты
барды келді
жазды
Семантикалық кестемен жұмыс
Кластер құрастыру
«Синквейн» әдісі
Шығармашылық тапсырма: топ басшылары сурет таңдап, сол сурет бойынша мәтін құрайды және 5 жолды өлең жолын жазады.1.Тәуелсіздік және Отан туралы өз өлеңдерін айтқызу.
2.Отан туралы мақал-мәтелдер айтқызу.
Сөз таптарына бірнеше сөз жазу.
Сабақты бекіту:
Бүгінгі біздің орындаған тапсырмаларымыздың бәрі не туралы болды?
Сөз таптарын еске түсірдік
Зат есімнің сұрақтарын айт, мысал келтір
Етістіктің сұрағын айт, мысал келтір
Сын есім сұрағын айт, мысал келтір
Сан есім сұрағын айт, мысал келтір
Үйге тапсырма : 5- жаттығу үй тапсырмасын түсіндіру.
Бағалау Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
Ал енді, балалар, бәріміз қонақтармен қоштасайық.Қол ұстасып тұрайық,Шеңберді біз құрайық.Көріскенше күн жақсы ,Cау-саламат болайық.
 Бағалау:
-Стикер арқылы өзін-өзі бағалайды.
Білемін: сөз таптары туралы
Не үйрендім: басқаларды тыңдай білуге
Білгім келеді: есімдік, үстеу түрлері
Қорытынды.