Конспект урока по казахскому языку «Бурабай – жер жаннаты»


Ақмола облысының
Степногорск қаласы
А. П. Гайдар атындағы
№8орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Кайрсламова М.К.
Сабақтың тақырыбы: Бурабай – жер жаннаты.
Сабақтың мақсаты:
1. білімдік: өткен сабақтармен байланыстыра отырып,
оқушылардың сөйлеу тілін қалыптастыра беру, есімдік
түрін қайталау.
2. дамытушылық: ауызкі сөйлеу дағдыларын дұрыс
қалыптастыру, оқушылардың ой-өрісін, қабілетін
дамыту.
3. тәрбиелік: оқушылардың туған жері туралы
білімдерін молайып, еліне, жеріне деген
сүйішпеншілігіне әсер ету.
Сабақтың ұраны: Отанымызды біліп тану - әр азаматтың парызы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне аудару.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, мультимедиа, чайнворд, кроссворд, карточкалар, суреттер.
Қатысушылар: 7 «Б» сынып оқушылары.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
М.: - Сәлеметсіз бе?
О.: - Сәлеметсіз бе?
М.: - Бүгін кім кезекші?
О:. – Мен бүгін кезекші.
М.: - Сабақта кім жоқ?
О.: - Сабақта бәрі бар.
М.: - Бүгін нешесі?
О.: - Бүгін жиырма тоғызыншы қараша.
М.: - Аптаның қай күні?
О.: - Бейсенбі.
II.
М.: - Үй жұмысы қандай болды?
О.: - Қазақстан Республикасы туралы әңгімелеу.
М.: - Кім жауап береді?
О.: - Қазақстан Республикамыз өте үлкен. Батыстан шығысқа қарай 3 000 шақырым, солтүстіктен оң түстікке қарай 1 700 шақырым. Жалпы жер көлемі 2 700 шаршы шақырымнан асады. Табиғаты әр түрлі. Мұнда тау да, өзен де, көл де бар. Қазақстан - өте бай өлке. Қарағанды көмір береді. Оны «қара алтын» дейді. Оңтүстікте мақта өседі. Оны «ақ алтын» дейді. Қазақстанда алтын, мұнай, көмір, қорғасын, мыс, мырыш, тағы басқа пайдалы қазбалар көп. Қазақстан астыққа бай. Қазақстанда түрлі балықтар, өсімдіктер, аңдар көп.
III.
361950033655М.: - Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
О.: - Қазір күз.
М.:- Күз туралы не білесіңдер?
Оқушылардың жауаптары.
М.: - Тағы не білесіңдер?
О.: - Өлең.
IV.
М.: - Бұл кімнің өлеңі?
О.: - Бұл Абай Құнанбаевтың өлеңі.
М.: - Абай туралы не білесіндер?
О.: - Ол қазақтың атақты ақыны.
М.: - Балалар, Қазақстан Республикасының тағы қандай атақты адамдарың білесіндер?
Оқушылардың жауаптары.
354330036830194310036830-22860036830491490036830
3314700138430V.
М.: - Қазақстаның қалалары көп.
Ақтау, Атырау, Семей, Ақтөбе, Тараз, Астана, Қызылорда, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шымкент, Өскемен, Көкшетау, Теміртау, Талдықорған.
Оқушылар Қазақстан қалаларын сызады.
М.: - Қалған әріптен қандай сөз шықты?
О.: - Қазақстан.
VI.
М.: - Туған жер туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер.
Оқушылардың жауаптары.
VII.
М.: - Қазақстанның ең әдемі жерін «Қазақстан Швейцариясы» дейді? Ол қай жер?
О.: - Бурабай.
Мұғалім Бурабай туралы толық мәлімет береді.
354330050165М.: - Қазір Бурабай туралы өлең тыңдайық.
Оқушы өлең айтады.
VIII.
Баурайында У предгорья
Ашуландыру Разозлить
Қап Мешок
Тесік Дыра
Түшкіру Чихать
Жаңа сөздермен жұмыс.
IX.
Бурабайдың қайдан шыққаны жөнідегі аңыз
Алыс замандарда қазақтар Алатау баурайында қоныстанған. Сол жерде толған тау, өзен, орман, көл екен. Суы мол өзендерде балық, ормандарда аң көп болған. Осындай жағдай талай ғасыр бойы сақталған. Бірақ бірде қазақ алланы ашуландырыпты. Алла ашуланып, орман, тау, өзендерді қапқа салып солтүстікке алып кетті. Қабында тесік болыпты. Алла түшкіріп жібергенде, тесіктен жинап алған өзен, орман, тау, көл бәрі түсіп қалады. Бұл қазіргі Бурабай курорты тұрған жер. Аңыз осылай дейді.
Мәтінмен жұмыс.
X.
МЕН
СЕН
МЕНІ
МАҒАН
СЕНДЕ
БІЗ
КІМ
Кроссворд шешу.
М.: - Есімдік деген не?
Оқушылар ережесін айтады.
М.: - Есімдіктің қай түрлерін білесіңдер?
О.: - Жіктеу, сұрау.
Оқушылар карточка бойынша жұмыс істейді.
XI.
М.: - Қазір құрметті қонақтарымызға балалар «Туған жерім» деген өлеңді орындайды.
XII.
М.: - Осымен сабағымыз аяқталды.
Қорытынды жасау.
М.: - Үй жұмысы: Бурабай туралы шағын шығарма (папкада).
XIII.
Бағалау
М.: - Сабақта бәрің жақсы сөйлеп әңгімелестіңдер, өз білімдеріңді көрсеттіңдер. Жарайсыңдар, бәрің «өте жақсы» бағасын алдыңдар.