5-сынып.?аза? ?дебиеті. С.Бегалин. Бала Шо?ан
Сынып 5 «А» Күні: 23.02.2016 Пәні: қазақ тілі
Өткізген мұғалім: Бигожина Бахина Олжабайқызы
Тақырыбы: С.Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесіндегі Шоқанның адамгершілік қасиеттері.
Жалпы мақсаттар: -Шығарманы талдай отырып, Шоқан туралы мәліметтермен танысады және айтылатын негізгі ойды түсінеді.
-Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері шыңдалады және топта, жұпта жұмыс жасай отырып шығармашылық әрекеті дамиды,Шоқанның бойындағы ізгі қасиеттерді көру үшін берілген кестемен жұмыс жасайды.
-Сыни ойлау дағдылары дамиды, әлеуметтік, танымдық , эмоционалдық мақсаттағы бірлескен әрекеттері қалыптасады.
Әдіс-тәсілдер Әдістер: Семантикалық кесте, ақылдың алты қалпағы, іздену, суреттеу, баяндау, мәнерлеп оқу, салыстыру.
Жұмыс формалары: жекелей, жұптық, топтық. Қолданылатын модульдер: АКТ, СТО, диалог,дарынды балалармен жұмыс
Оқыту нәтижесі: Оқушылар Шоқан туралы мәлімет ала отырып, білімі мен түсініктерін жұмыс барысында тиімді қолдана алады;
Топтағы сенімді қарым-қатынастары арқылы бірлескен ізденіс әрекеттерін жүзеге асырады.
Дерек көздер Ғаламтор желісі, «Әдебиет» оқулығы, Блум таксономиясы.
Сабақтың барысы: Уақыты Мұғалімнің
іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 2 мин. 1.«Жетістік қаласының
тұрғындары»
Мақсаты: эмоциялық жай-күйін реттеу, топта еркін ахуалды туғызып, өзара қарым –қатынасты жақсарту.
2.Оқушыларды түгендеу.
3.Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Оқушының көңіл күйі реттеледі,бір-біріне сәттілік тілейді, топтағы өзара қарым-қатынасқа бейімделеді.
Білу
«Итермелеу сатысы»
Үй жұмысын тексеру 7 мин. Сабақтың бастапқы кезеңінде әр топ басшысына бағалау парақшасы таратылады.
Шоқан туралы көркем фильмнен үзінді көрсетіледі. 1 топ. Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылығы.
2 топ. Шоқанның өмірі
3 топ. Шоқанның саяхаты
(топ мүшелері бірін-бірі бағалайды)
Түсіну
Практикалық кезең
10 мин «Жұбыңды тап»
Әрі оқу, әрі ойын.
Шарты: Оқушылар музыка әуенімен сынып ішінде еркін қозғала отырып, қағаздағы жазуға сәйкес мағыналық екінші сыңарын тауып, жұп құрауы қажет. «Зерделі сұрақ,ұтымды жауап» әдісі
1.Кешегі бала деген кім?
2.Мысықтың соншама қорқақ болуы неден?
3.Шоқан Мысықпен қай жерде кездесті?
4.Мысық Шоқанның келгеніне неге қуанды?
5. Мысықтың негізгі ермегі не?
6.Шоқанның бай отбасыдан екендігін жазушы қалай суреттейді?
7.Шоқанның адамгершілік қасиеттерін қандай әрекеттерінен байқадық?
8.Шоқанның бойындағы қасиетті анасы мен әкесі қалай бағалады?
9.Мысықты шығарып салып тұрып Шоқан не деді?
10.Шоқан мысыққа берген уәдесінде тұрды ма?
Қолдану
«Өзім үшін жазу» әдісі
Конструкциялау сатысы
10 мин. Сөздікпен жұмыс жүргізіледі.
Кейіпкерлерге мінездеме бергізу,кесте толтыру.
Оқушылар сөздікті дәптерлеріне жазады.
1 топ. Шоқанға мінездеме
2 топ. Мысыққа мінездеме.
3 топ. Жақыпқа мінездеме
Әр топтан екі оқушы шығып топ жұмыстарын қорғайды.
Қолдану
5 мин. Диалог дегеніміз не?
Бес жолды өлең.
Шоқан атаға хат Түрлі нұсқада ұжымдық шығармашылық ойлану мен құрастыру жұмысының нәтижесін көрсетеді.
1 топ. Диалог туралы айта отырып, сахналық қойылым көрсетеді.
2 топ. Бес жолды өлең (синтез)
3 топ. Шоқан атаға хат.
Талдау
3 мин. «Ақылдың алты қалпағы» Оқушылар әр қалпақты кие отырып, өз пікірлерін ортаға салады.
Қорытынды 3 мин.
Мұғалім сұрақ қоя отырып,бүгінгі алған білімдерін қорытындылайды. Оқушылар ойларын жеткізеді, тұжырымдайды.
Кері байланыс
(рефлексия) 2 мин. «Менің сабақтан алған әсерім» Оқушыларға стикерлер таратылады, өз ойларын, пікірлерін жазады.
Үй тапсырмасы 1 мин. «Шоқандай болғым келеді» шағын эссе жазуды тапсырады Оқушылар эссе жазып келеді.
Бағалау 2 мин. Әр топтың бағалаушысына сөз беріледі. Әр топ басшысы бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалайды.
(Мұғалімнің сұрағы)
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы?
Шоқан кіммен кездесті?
Мысықтың күні бойғы ермегі не?
Оқиға қай жерде болды?
ШОҚАННЫҢ мысыққа жасағаны қайырымдылық па әлде адамгершілік пе?
Осы оқиғаға қандай баға берер едің?
Бағалау парағы
№ Аты-жөні Өз ойын ұсынды және оны жүзеге асыра алды.
3 ұпай Өз ойын ұсынды және кейбірі жүзеге асты
2 ұпай Басқаларға қолдау көрсетті
1 ұпай Мұғалімнің бағалауы
1-3 ұпай Ұпай саны Бағасы
1.Кешегі бала деген кім?
2.Мысықтың соншама қорқақ болуы неден?
3.Шоқан Мысықпен қай жерде кездесті?
4.Мысық Шоқанның келгеніне неге қуанды?
5. Мысықтың негізгі ермегі не?
6.Шоқанның бай отбасыдан екендігін жазушы қалай суреттейді?
7.Шоқанның адамгершілік қасиеттерін қандай әрекеттерінен байқадық?
8.Шоқанның бойындағы қасиетті анасы мен әкесі қалай бағалады?
9. Мысықты шығарып салып тұрып Шоқан не деді?
10.Шоқан мысыққа берген уәдесінде тұрды ма?