Открытый урок по казахскому языку 9 класс: Астана –бас ?ала


Қазақ тілі 9 класс
Тақырыбы Астана –бас қала
сілтемелер: Күнтізбелік жоспар, оқулық, қосымша материал
Мақсаттары: 1.Астананың өткені, бүгіні және ертеңіне шолу жасау арқылы оқушы танымын кеңейту, ізденушілікке ықпал ету.2. Күрделі сөздердің жасалуын бекітіп, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту. Топта жұмыс жасау барысында ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке жетелеу. Отансүйгіштікке баулу
Күтілетін нәтижелер Бірігіп ақпарат іздеп, қысқамерзімді жоба қорғайды, бір-бірін және өздерін бағалауға үйренеді. Әңгіме құрып, сұхбат жүргізуге дағдыланады.
уақыты Әдіс-тәсілдері Ресурстары Сабақтың мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеттері Оқушының іс-әрекеттері

6 мин

6мин СТО стратегиялары
Ой шақыру
Мағынаны ашу слайдтар
№1,2,3
№4,5,6,7
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Сабақтың мақсатын жеткізіп, жоспарымен таныстырады.
Бағалау парақшалары үлестіріледі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Қымбатты оқушылар, бүгінгі сабағымыз ерекше қарқынмен өтеді, алдымен біздің өтіп жатырған модуль тақырыбымыз ... , грамматикалық ...
Соның ішінде біз лексикалық бағытқа көбірек көңіл бөлеміз. Тақтаға назар аударайық, кез-келген елдің біртұтастығының, мемлекеттігінің белгісі оның жүрегі - елордасы. Біздің еліміздің тарихында елордалар көп болған. Біз Кеңес дәуіріндегі елордаларды есімізге түсірейік. Мен жылдар кезеңн айтайын сендер сол қала туралы мағлұматтармен бөлісейік.
1920-1922ж
1922-1929ж
1929-1997ж
1997- бүгінге дейін
«Астана»- сөзінің шығу төркініне назар аударайық.«Астана» сөзі парсы тіліндегі «сарай, әміршінің сарайы» мағынасынан алынған. Әрине, Астана туралы ауыз толтырып мақтанышпен айту үшін біз оның өткені, бүгіні және болашағы туралы айтып білуіміз керек. Сол себептен, қазір топтар 10мин аралығында өздеріне берілген бағытта қысқамерзімді жоба дайындайды. Уақыт өткен соң, ортаға шығып, қорғайды.
Топта жұмыс жасау ережелерімен танысады
1. Бірігіп жұмыс жасау.
Дауыс көтеріп, айқайласпау.
Мұғалімді тыңдау.
Уақытты үнемдеп, тақырыптан ауытқымау.
Өз ойыңды жеткізіп, жауап беру.

Топтарға бөлінеді, бағалау парақт арын толтырады.
1920-1922ж- 1920ж Қазақстан Ресей құрамындағы автономиялы республика болып құралды. Осы тұста Орынбор бас қала болып жарияланды.
1922-1929ж-1922ж наурызда Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті.Сөйтіп, Ақмешіт бекеті, Қызылорда қаласы аталып, еліміздің сол кездегі елордасы болды.
1929-1997ж- Алматы қаласы.Өте әдемі үлкен қала. Күні бүгінге дейін ірі мәдениет пен өнердің орталығы.
1997- бүгінге дейін- Қазіргі елордамыз Астана
Әр топтың өз бетімен жұмысы.
Ортаға шығып қорғауы.
Бағалау парақтарын толтыруы.
Блиц-сұрақтарға жауап алуы.
№ 8,9
. Сергіту сәті. 4мин 2013ж өткен Астана туралы өлеңдер байқауының гран-при иегері Серік Ибрагимовтың орындауында «Ән жүрегім-Астана» әнін тыңдайды,
1-жаттығу бойынша, берілген сөздерге жақша ішіндегі жалғаулардың тиістісін жалғап жаз.
Қала (-ның, -нің, -дың, -дің)
Қала (-қа, -ке, -ға, -ге)
Қала (-ні, -ны, -ді, -ды)
Қала (-та, -те, -да, -де)
Қала (-нан, -нен, -дан, -ден)
2-жаттығу бойынша, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз. Қарамен жазылған сөздердегі дауыссыз дыбыстарды тап.
... үлкен қалада тұрамын. .... биік ғимараттар, үйлер көп. ... Алматы қаласында болдың ба?
Балалар .. түрлі экспонаттарды көрді.
Керекті сөздер: қалада, мен, музейден, сен.
3-жаттығу. Аударма жұмысын жүргізу. СӨЙЛЕСУ.
4-жаттығу. берілген сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін құрастырып жаз.
АДАМ, ТҰРҒЫН, МУЗЕЙ, САРАЙ, ҚАЛА, БАҒДАРШАМ, ӨЛКЕ.
4мин №10,
11 Семантикалық карта
Біріккен сөз Қос сөз Тіркескен сөз
Ақмола Бәйтерек Саяси-экономикалық Целиноград қаласы Мәдени-ағарту 4 мин Ой толғау А3қағаздары,
Суреттер, бояулар. Сабақтың қорытындысы.Сонымен,
«Зерттеушілер», «Тарихшылар», «Көріпкел» топтары арқылы біз Астана туралы білімдерімізді тереңдетіп, танымдарымызды кеңейттік. Енді қандай мағлұмат алғандарыңды көрсетіп,топтарға баға берейік.
1-жаттығу бойынша, тест тапсырмаларын орындау.
1 Қазақстан-тәуелсіз ...... .
А) ауыл
Ә) қала
Б) мемлекет
В) Герб
2 Қазақстан-менің туған ... .
А) жерім
Ә) тауым
Б) аспаным
В) ғарышым
3 Қазақстанның Мемлекеттік Гимні ... жылы қабылданды.
А) 1991 жылы
Ә) 1992 жылы
Б) 2006 жылы
В) 2009 жылы
4 Қазақстанның қалалары: ... , .... .
А) Астана, Мәске
Ә) Алматы, Ташкент.
Б) Ақтөбе, Шымкент.
В) Алматы, Бішкек.
5 Астана ... жағасында орналасқан.
А) Ертіс.
Ә) Сырдария.
Б) Есіл.
6 Үш буынды сөзді көрсет.
А) көшелер.
Ә) ғимараттар
Б) даңғыл
7 Қатаң дауыссызы бар сөздерді тап.
А) алма
Ә) көктем
Б) жан
2 минут ааралығында толтырып, бір-бірімен дәптер алмасып, бағалау парағына баллдар қояды.
Тақтадағы әр топ атауы жазылған Қазақстан карталарына өз пікірлері жазылған стикерлерін жапсырып, қорытындылайды
1мин №14 Үйге тапсырма: Астана туралы бүклет дайындап келу.. . Бағалау парақшаларын толтырады