?айрат Рыс??лбековты? ту?ан к?ніне арнал?ан салтанатты лездемені? ?зірлемесі


Мақсаты:
1.Қайрат Рысқұлбековтың ерлік істерімен оқушыларды таныстыру, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұтуға баулу.
2. Отанды, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.
1 – жүргізуші: Армысыздар құрметті оқушылар, ұстаздар! Қайрат Рысқұлбековтың туған күніне арналған салтанатты лездемені бастауға рұқсат етіңіздер!
Туған күнің бүгін Қайрат
Жер - дүние тұр ғой жайнап
Мәңгісің сен, мәңгі
Аман – есен ауыл - аймақ
2- жүргізуші: Ортаға Қазақстан Республикасының туы әкелінсін! (Әнұран орындалады.)
Ортаға оқушылар шығады. (Слайдтан мәліметтер беріліп тұрады)
1- оқушы: Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы наурыздың он үші күні Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген. 1973-1981 жылдары Шу ауданы Төле би ауылындағы мектеп – интернатта 8 жылдық мектепте білім алады.
2- оқушы: 1981-1983 жылдары Бірліктегі Киров атындағы орта метепті бітіріп, 1984-1986 жылдары әскери борышын өтеген. Мектепте белсенді комсомол мүшелерінің бірі болған. 1986 жылы жолдамамен Алматы сәулет – құрылыс институтына түседі. Осы жылы 16 желтоқсанда бейбіт шеруге қатысады.
3- оқушы: Осы шеруге қатысқаны үшін тұтқындалып, Совитскийді өлтірді деген айыппен қамауға алынады.
4- оқушы: Айыпкер Қайрат Рысқұлбеков қылмыскер деп танылып, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60 бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық кодексінің 173 бабы бойынша жазалаудың ең ауыр түрі - өлім жасасына кесілді.
1 – жүргізуші: Сөз кезегі мектеп директоры Жансұлтанов Серік Ғабдоллаұлына беріледі. ( директор сөйлейді)
Тақпақтар.
1 – оқушы: Олжас:«Мен — қазақпын мың өліп, мың тірілген»,Құшақ жая таныстым сан тілменен. — «Жаман үйді қонағы билейді» деп, Қала жаздап айрылып өз тілімнен. Өзге тілге еліктеп ел болмайсың, Қазағымның артык жоқ өз тілінен...
2- оқушы – Әсел:КЕЗДЕСЕМІЗ ӘЛІ ДЕЖалалы боп, қатты батты жаныма, Жазалаушы қағаз алдым қолыма. Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек, Жазған екен маңдайыма, сорыма.Біріншіден, мен анамды сағындым!.. Екіншіден, бұл Құдайға не қылдым?! Бостандықта еркін жүрген жан едім, Енді, міне, абақтыға жабылдым.Әкетай-ау, Пайғамбардай жасың бар, Туа бермес сіз секілді асылдар. Қартайғанда жүрегіңді жаралап, Кесір болды-ау біз секілді «масылдар».3 – Оқушы – Аяулым:
ТҮРМЕ ЖЫРЫТемір тор, жамбасыма тақылдайсың, Өзіммен бірге туған жақындайсың. Телміріп темір торға қаматқанша, Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың?!Ауылда жақсы екен ғой салған әнім, Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін. Қайдағы пәлеқорлар жала жауып, Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім.Тас төбе, терт қабырға, темір есік, Ас берер ортасында жалғыз тесік. Күніне ұзатары үш тілім нан, Өлмейтін саған тиер осы несіп.
4 – оқушы: Асыл:
АҚТЫҚ СӨЗЕлбең-елбең жүгірген, Ебелек отқа семірген Арғымақ мінген жаратып, Ақ сауыт киген темірден, Алатаудай бабалар, Аруағыңмен жебей көр!Ұлы Ленин бабамыз Қатарға тең деп тартқан соң, Компартия басқарып, Достық отын жаққан соң, Аға дедік орысты, Әділдігі жаққан соң.Ал енді қазір неткен күні Орыстан ынсап кеткен күн. Тізесі қатты батқан сон, Шыдамастан ақыры, Қарғыс атқан Алаңда Қарғыс атқыр жеткен күн.
2- жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар Қайрат ағамызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.
(1 минут үнсіздік болады)
Көрініс.
Талғат: Апа, апа, Қайрат көкемнен хат келді.
 
Анасы: Рас па? Құлынымның хаты ма? Әкелші, өзін көрмесем де, хатын оқып мауқымды басайын.
 
Қайраттың хаты: Амансыздар ма, анам, туған-туыстарым! Менің нақақтан абақтығы отырғаныма сіздер сенеді деп ойлаймын. Жасақшыны ұрды, өлтірді деген жалаға сене көрмеңіздер. Алаңда, жатақхана жанында ұсқыны суық жасақшылардың жиналған қазақ жастьарын ұрып-соғып, бейкүнә қыздарды шашынан сүйреп, қорлағандарын көріп шыдамадым. «Еруліге қарулы» деп мен де топ ішіне кіріп, көмектесуге ұмтылдым.
Менің де, сол күнгі алаңға шыққан қазақ жастарының да еш күнәсі жоқ.  Алаңға барғанымыз – азаттық іздеп барғанымыз. Біз ұлтшылдықтың үлгісі емес, «ұлтжандылықтың» үлгісін көрсеттік. Қазақтың бостандық алар күні алыс емес! Аман болыңдар!
 
Ана: Ұлым менің! Сен әлі жиырма бірдесің. Аман болсаң, бір жерден шығатын алмастай өткір жігіт боларсың деп үміт күтеді сорлы анашың…
1 – жүргізуші: Ортаға Жас Қайрат оқушылары шақырылсын! Бұл ұйымға жыл сайын оқу үлгерімі жақсы және талантты да дарынды оқушылар қабылданады.
(Ант айтылады.) Мен № 33 орта мектептің «Жас Қайрат» балалар қоғамының қатарына кіре отырып жолдастарымның және ұстаздарымның алдында жанұям және туған мектебім үшін өз Отанымның байлығына үлес қосу үшін Отаныма шын ниетпен беріліп өмір сүремін және жақсы оқимын деп салтанатты түрде уәде беремін.
2- жүргізуші: Оқушылар салтанатты түрде Жас Қайрат құрамына қабылдансын! Оқушыларды қабылдау мектеп ұстаздарына табысталсын! Ортаға ұстаздарды шақырамыз! Аязбаева Жанат Мұратовна, Сахаритова Айжан Сарсеновна, Нургалиева Гүлайым Қадырбековна. Курмашева Бақытгуль Нурмыхановна, Қанағатова Мадина Қанағатовна
1 – жүргізуші: Қазақстан Республикасының туы әкетілсін!
Ән. «Елім менің» Құсайынова Қаламқас.
2- жүргізуші:Осымен Қайрат Рысқұлбековтің туған күніне арналған салтанатты лездемені жабық деп жариялаймыз. Назарларыңызға рахмет!