Жол т?ртібін са?таймыз. Ашы? т?рбиелік шара
«Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп» ММ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Жол тәртібін сақтайық!»
Сыныбы: 2 «Г»
Сынып жетекшісі: А.Алшынбаева
2015 жыл
Тақырыбы: «Жол тәртібін сақтайық!»
Мақсаты: Оқушыларға жол ережесі мен қауіпсіздікті сақтауға, жол белгілерінің неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, қызметтері қандай екенін үйрету. Қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге баулу. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жол белгілерінің суреттері, кітаптар, слайдтар, плакаттар.Барысы:І. Ұйымдастыру
Мұғалім:Арманға алда күткен асығамыз,Біз қалай толқын атпай басылармыз.Жол жүру ережесін жақсы біліп,Сақтықта жүре алатын жас ұланбыз!Жалғайтын достастырып бар елменен,Жолдардан тұрады ғой әлем деген.Бүгінгі бізге келген қонақтарғаСабағымыз басталады сәлемменен!Құрметті ұстаздар мен оқушылар, қонақтар бүгінгі «Жол тәртібін сақтайық!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз!1 – оқушы:Шуақты күндеріміз күндей күліп,Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.Арманға сапар тарту мүмкін емесЖол жүру ережесін білмей тұрып.2 –оқушы:Қай көше, қай қалаға барсаңыз даҚай ақыл өлшеміне салсаңыз да.Жол жүру ережесі заңды тәртіпОл – ортақ, үлкен-кіші, баршамызға!Мұғалім:
Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан – жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп барады. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға мемлекеттік автоинспекция қызметінен автоинспектор келіпті. Ортаға шақырып, сөз кезегін берейік.
Бүгінгі тәрбие сағатымызға оқушылар екі топқа бөлініп, қатысып отыр. Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілерін анықтап, сіздерді жолда жүру ережелерімен таныстырады. Сонымен сіздердің алдарыңызда «Бағдаршам» тобы және «Жол белгілері» тобы.
Негізгі кезең
«Бағдаршам» тобыҰраны: «Тоқта!, Сақтан!, Жол ашық!Жүрме жолға таласып»
Мұғалім:
Оқушылар, «Бағдаршам» тобы біздергі бағдаршамның шығу тарихын баяндайтын болады. 1–оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапты, білесіңдер ме?Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның аты тарихта сақталмаған.2-оқушы:Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.3-оқушы:1914жылы Американың үлкен қалаларында электрлі бағдаршамдар пайда болды. Олар тек екі түсті: қызыл және жасыл болатын.4-оқушы:1918 жылдан бастап үш түс қолданылатын болды. Олар: қызыл, сары және жасыл түстер.5-оқушы:Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.6-оқушы:Бүгінгі таңда бағдаршамды электронды жүйемен басқарады. Бағдаршамдар Қазақстанның барлық қалаларында, сондай-ақ біздің ауылымыздың барлық басты көшелерінде де бар.
Мұғалім:
Балалар, бағдаршамның пайда болу тарихымен таныстық. Енді бізге «Жол белгілері» тобы жол белгілерінің шығу тарихы туралы айтып береді.«Жол белгілері» тобыҰраны: «Үйрен таппай тыным бір,Белгілердің тілін біл.»1-оқушы:Көшелер мен жолда жүру ережелерін сақтауға сонау ат-арба, пәуеске кезінде талпыныс жасалған.2-оқушы:1683 жылы Ресейде патшалар Иоанн және Петр Алексеевичтердің жеке Жарлығы басылды. Онда атты божымен басқаруға тыйым салынды.3-оқушы:1730 жылы Жаңа Указ басылып, аттар жүгенделіп, тәртіп бұзбай жүру керек болды.4-оқушы:1742 жылы кімде-кім тәртіп бұзатын болса,жазаланатын болды.5-оқушы:1812 жылы Жаңа ереже қабылданды. Оң жақты қозғалыс, жылдамдықты шектеу, номерлік белгілер қойылды.6-оқушы:1968 жылы Венада халықаралық конференцияда «Жолда жүру» туралы конвенция қабылданды. Осы құжат негізінде жолда жүру ережесі жасалып, 1973 жылы күшіне енді.
Мұғалім:
Өте жақсы, енді бізге «Бағдаршам» тобы шартты белгілерімен таныстырады.«Бағдаршам» тобы1. Кызыл түс:
Мен көзімді ашқанда,Ешқашанда баспа алға.Орыңда тұр, қозғалма,Ереже бұл «Сен, тоқта!»2. Сары түс:
Мен көзімді ашқанда,Қарап қалма аспанға.Жүруге әлі болмайды,Дайындықты сақтайды.3. Жасыл түс:
Мен көзімді ашқанда,Көліктер саған тоқтайды.Ережені білген жандар Өтуге еш қорықпайды.4. Бағдаршам:
Көрегенмін, қырағымын,Үш көзім бар, үш сыншым.Сақтап халық өмірін Тәртіпті мен орнаттым.
Мұғалім:
Ендігі кезекте «Жол белгілері» тобы өздерінің шартты белгілерімен таныстырып өтеді.1. «Ескерту» белгісіӨзі қызыл үшбұрышты ескерту белгісі мен болам,Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да,aЖолы болып, сәтсіздікте ешқашан да қалмаған.2. «Тыйым салу» белгісіМен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамынҚауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адам.Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың?3. «Нұсқау» белгісіБелгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.4. «Көрсеткіш» белгісіБаратын сапардың жақынын, қашығын,Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын.Күндіз де, түнде де от болып жанады,Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым.5.
Төрт топтан құралған белгілер туыстай,Жол сілтеп тұрамыз у-шусыз, ұрыспай.Кіршіксіз зор міндет атқарып жүрміз біз,Есіңде сақтап қал, біздерді ұмытпай!
Мұғалім:
Міне, балалар, өздерің дайындап келген мәліметтерді білдіңдер. Енді сендерге «көңілді көліктер» жаяу жүргіншіге арналған ақыл кеңестерін айтады.
«Көңілді көліктер» мултьфильмі көрсетіледі.
Жол апаты оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Сендердің жол ережелерін қаншалықты білетіндеріңді тексеріп көрейік. Төмендегі сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беріңдер:
1. Бағдаршам деген не? /жол қозғалысын реттейтін автоматты жүйеге қосылған үш көзді қондырғы/2. Бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өтеміз? /алдымен сол жағымызға қараймыз,жолдың ортасына жеткесін сол жағымызға қараймыз/3. Велосипедті көшеде неше жастан бастап тебуге болады? /он төрт жастан бастап болады/4. Көлік күтетін жер қалай аталады? /аялдама/5. Көліктің бұрылатынын қалай білеміз? /поворотник жағады/6. Бағдаршам сөзінің орысшасы қалай? /светофор/7. Тротуар дегеніміз не? /жаяу жүргіншілерге арналған жол/8. Жол белгілерінің неше түрі бар? /126 түрі бар/9. Бағдаршамның қызыл жарығы жанып тұрғанда кімдерге тоқтамай өтуге рұқсат етіледі? / 01 – өрт машинасына, 02 – полиция машинасына, 03 – жедел жәрдемге/10. Көшеде жолдың қай жағымен жүру керек? /оң қол жағыңмен жүру керек/
Мұғалім:
Сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер. Енді балалар, мен сендерге жұмбақтар жасырғым келіп тұр. Жұмбақтардың жауабын да жылдам әрі дұрыс табайық.
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күзеткен. (Полиция)
2.Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын жанынан өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4.жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
Міне, оқушылар біз бүгін жолда жүру ережесімен, бағдаршам белгілері мен жол белгі-лерін үйрендік. Сендерге тағы да мынадай жол белгілерін таныстырып өткім келіп тұр. Жол ережелері жазылған плакаттар көрсетіледі.
Оқушы:
Айналайын, абайла!Жан-жағыңа қарайла!Жолда жүру ережесінЕсте сақта қалайда.
Қазір бүгінгі сабағымызды қорытындылап өздерің айтқан ережелерді мына мультфильмнен көріп тамашалайық. Күнделікті өмірде осы айтылған ережелерден қорытынды шығарайық.
«Бағдаршам» мултьфильмі көрсетіледі.
«Мен полицей боламын» әні орындалады.
Қорытынды:
Енді сендер жолда қалай жүру керек екенін білесіңдер. Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз. Осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық! Тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет! Қонақтарды шығарып саламыз.