?зін-?зі тану п?нінен 1-сынып?а арнал?ан Досты? ?ымбат ?мірде атты саба?


Мектеп №269 Мерзім 29.10.2013ж. 1-сыныпСабақтың тақырыбы: Достық қымбат өмірдеҚұндылық: достық махаббатҚасиеттер адалдық, сыйластық,достық, татулық, өзара көмек т.б.Мұғалім Темірханова Э. Сыныбы. 1 “а” Оқушы саны – 20Мақсаты: «Достық», «өзара сыйластық» ұғымдарының мәнін ашу.Міндеттері:- балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету;- өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым-қатынастарын дамыту;- татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу;Қажетті техникалық құрал: мультимедияКөрнекілігі: күн суреті «Сәлемдесу» ойыны Көзбен...қолмен .... тіземен .... өкшемен ..... арқамен Тыныштық сәті.Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді аша қойыңдар. - Балалар біз күнде аспанға қарағанда нені көреміз?Күн жылуы не істейді? Күн жылуы тағы нені жылытуы мүмкін? Жүрегімізді. Олай болса, жүректерімізді ұстап жылуын сезінейікші. Тыңдаңдаршы, біздің барлығы-мыздың жүректеріміз бірдей. Кәнекей жүрекдүрсілін тыңдап көрейікші. Енді осы жүректеріміздің жылуын бір-бірімізге алақандарымыз арқылысыйлайықшы. Біз бәріміз доспыз, тілегіміз бір. Тақтаға күн тәріздес дөңгелек сары қағаз ілінеді. Алдын-ала оқушылар санына сәйкес қағазданЖасалған күннің шуағы тәріздес сары жолақтар балаларға тараты-лады. Әр бала досының бойындағы жақсы қасиеттерінің бірін айтып, “шуақты” тақтаға кезекпен іліп отырады. - Досыңмен кездескенде сөзді неден бастайсың?