Досты? ?ымбат ?мірде 1 сынып
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі:
________Қ.Төлегенова
«11 13 14 16 22» 10 2015ж
1 – сынып Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары
7 – сабақ
Сабақтың мақсаты: «Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының
адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу;
Сабақтың міндеттері:
- балалардың достарымен жағымды қарым – қатынас
жасауға үйрету;
өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым қатынастарын дамыту;
татулыққа, достыққа , ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суреттер.
Шаттық шеңбері
Балалар, шеңберге тұрып, бір – бірімізбен күлімдеп сәлемдесейік. Бәріміз қосылып, «Дос болайық бәріміз» әнін айтады.
Дос болайық бәріміз
Әрқашан дос біргеміз
Ажырамас іргеміз
Ілгері жүріңдер
Достық жырын біліңдер
Ту ғып ұстап бірлікті
Еңбекті сүйіңдер
Қайырмасы :
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз
Тапсырма
Оқушылар оқулықта берілген «Менің достарым» тақырыбына әңгіме құраймыз. Суреттерде балалардың бала – бақшадағы достарың, аулада ойнайтын құрбыларың, сыныптастарың, бірге серуендеген достарыңды елестетіңдер. Аулада құрбыларыңмен қандай ойынды қалай ойнағандарың, ойны кезінде қандай қызықтар болғанын әңгімелеп беріңдер.
Дәйексөз
«Жүз досың болғанша – жүз досың болсын» деген мақалдың мағынасын ұғындыру.
Балалар, достықтың қадірін білген, оның мәнінде терең үңіле білген халқымыз осы мақал сөзді әрдайым өнеге етіп айтып отырған. Достық қымбат қашанда бәрінен де. Мақалдың мағынасынан егер қалтаңда жүз теңгең болса, оны керегіңе жұмсайсың, ол тез –ақ таусылып қалады. Ол ақшаға алған затың, ішкен – жегенің ұмытылып та қалады. Ал соншама досың болса, ол сені әрдайым қуанышқа бөлейді, әр уақытта қасыңнан табылады.
Дәптермен жұмыс
Балалар, дәптер бетіне өз досыңа арнап сурет салыңдар.
Қорытынды
Балалар, біз бүгінгі сабақта достық жайлы әңгімеледік. Өзіміздің достарымызды есімізге алдық. Достар арасындағы өзара көмек, өзара сыйластық туралы білдік. Достарымызды сыйлауды, бір – бірімізден кешірім, рұқсат сұрауды, қолда бар заттарымен бөлісуді, сыныптастарды ренжітпеуді, өзара көмектесуді барлығымыз білсек, оны көрсете алсақ, онда біз сыйлы, ұйымшыл, тату боламыз.
Жүректен жүрекке
Оқушылар менімен бірге шеңберде тұрып, «Біз өмірдің гүліміз» әнін айтамыз.
Біз өмірдің гүліміз
Зеңгір көктен Бал достыққа
Нұрын төккен Жолдастыққа
Ортақ біздің гүліміз Шақырады әніміз
Жайдары өскен Тыныштыққа
Жайнап өскен Нұр құштықта
Біз – өмірдің гүліміз. Бақыттымыз бәріміз
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі:
________Қ.Төлегенова
«20. 21. 23. 24 .29» «10» 2015ж
1 – сынып Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары
8 – сабақ
Сабақтың мақсаты: «Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының
адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу;
Сабақтың міндеттері:
- балалардың достарымен жағымды қарым – қатынас
жасауға үйрету;
өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым қатынастарын дамыту;
татулыққа, достыққа , ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суреттер.
Шаттық шеңбері
Балалар, бәріміз шеңбер құрайық. Бір – біріңді көргендеріңе қуанышты екендеріңді білдіру үшін, бір – біріне жақсы тілек, жылы сөз айтыңдар.
Бекасыл, сен мейірімдісің!
Ақнұр, сен сондай сұлусың!
Қуаныш, сен маған ұнайсың!
Мәтінмен жұмыс
Оқушыларға достық, өзара сыйластық құндылықтарының мағынасын кеңірек түсіндіру мақсатында «қарлығаш пен дәуіт » атты ертегіні әңгімелеп айтып береді. Балалар, ертегіні мұқият тыңдап, ертегі бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріңдер.
Қарлығаш пен дәуіт
Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен. Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр – шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады.
Қарлығаш: «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» - дейді.
Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, - дейді көкек.
Қарлығаш ұшып қарғаға барады.
Қарғажан, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» - дейді.
Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан:
Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма! – дейді маңғазданып.
Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді.
Қарлығашқа дәуіт кездеседі.
Достым, неге жылайсың? – деп сұрайды ол қарлығаштан.
Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады.
Олай болса, мені тезірек жеткіз,- дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады.
Қарлығаш пен дәуіт көзді ашып – жұмғанша ұяға жетеді. Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді. Жылан сылқ етіп жерге құлап түседі. Дәуіттің ерлігіне сүйінген қарлығаш онымен айнымас дос болады.
Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып бірге өмір сүретін болған екен.
Балалар, қарлығаш неге ренжіді?
Не себепті көкек пен қарғаны достар пен атауға болмайды?
Дәуіт пен қарлығаш қалай достасты?
Тыныштық сәті
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бағытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді, көздеріңді ашсаңдар да болады.
Тапсырма
Оқушылар, «Достық көмек» дегенді қалай түсінесіңдер? Ол үшін оқулықта балалардың еңбекпен шұғылдану кезінде, құстарға қамқорлық жасауда, сабаққа дайындалуда, бір – біріне қалай көмек көрсетулері жайында әңгімелеңдер.
Ойын: «Мен қандай баламын?»
Тақтаға күн тәріздес дөңгелек сары қағаз ілінеді. Қағаздың ортасына «Мен» деген сөз жазылады. Алдын ала оқушылар санына сәйкес қағаздан жасалған күннің шуағы тәріздес сары жолақтар балаларға таратылады. Әр бала досының бойындағы жақсы қасиеттерінің бірін айтып, «шуақты» тақтаға кезекпен іліп отырады. Тақтада жақсы құндылықтарға толы үлкен құрастырылады.
Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылылық сыйлап тұр.
Дәптермен жұмыс
«Досыңмен кездескенде сөзді неден бастайсың?» деген тапсырманы орындау.
Қорытындылау
Балалар, достарымызбен болған әрбір күн бізге қуаныш, жақсылық сыйлайды. Достар қашанда бір – біріне жақсы тілектер білдіріп, жылы сөздерін арнайды. Біз де достарымызбен бірге қуанып, айналамыздағыларға тек жақсылық тілеп жүрейік.
Жүректен жүрекке
Балалар, бәріміз қол ұстасып, шеңбер құрайық, шеңберімізді дөңгелек күнге ұқсатайық. Ендеше, шат көңілмен мына өлең жолдарын айтайық.
Біз өмірдің гүліміз
Зеңгір көктен Бал достыққа
Нұрын төккен Жолдастыққа
Ортақ біздің гүліміз Шақырады әніміз
Жайдары өскен Тыныштыққа
Жайнап өскен Нұр құштықта
Біз – өмірдің гүліміз. Бақыттымыз бәріміз
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі
Қ. Төлегенова
«27 .28. 30. 31. 12\11.» 10 2015 ж
Сыныптар: 1 – сынып: «а,ә,б,в,г,ғ,д,е»
Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары
9 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Адами қарым – қатынасқа үйренейік. Әдептілік – әдемілік
Сабақтың мақсаты: «Әдептілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі
мәнін ашу;
Сабақтың міндеттері:
Әдептілік, сыпайылық, ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру;
Ізеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу;
Сыйластық қарым – қатынас дағдыларын дамыту;
Көрнекі құралдар: қоржын, үнтаспа
Шаттық шеңбері
Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады.
«Сәлем берем үлкенге» өлеңін мәнерлеп оқып беріп, оқушылар бәрі қосылып айтады.
Көшелерден біз өткен,
Ата көрсем, жақын кеп
Сәлем берем ізетпен
Ассалаумағалейкум! – деп (балалар айтады)
Алдан әже жолықса,
Бөгелем кеп әдейілеп,
Сәлем берем сол тұста
Есенсіз бе , әжей! – деп (балалар айтады)
Ойын – жаттығу
Мұнда оқушылар сұрақ – тапсырмалар, салыстыру, сөз құрастыру арқылы сыпайы сөздер айтуды үйренеді.
«Сәлем сөздің анасы».
Бүгінгі сабақта Ақбота сиқырлы қоржын беріп жіберіпті. Сиқырлы қоржынның сырты әдемі болса, іші де сондай сиқырлы. Қанеки, Ақботаның сиқырлы қоржынына қолымызды салып көрейікші, сиқырлы қоржын бізге не ұсынар екен?
Сұрақ: сәлемдесудің қандай түрлерін білесің?
Балалар, сұрақ тапсырмаларды талқылап болғаннан кейін, Ақботаның сиқырлы қоржындағы жауаптармен салыстырады. Мұғалім қоржыннан сәлемдесудің түлерін алып оқиды: Ассалаумағалейкум! Уағалейкуммассалам! Сәлеметсіз бе, Амансаусыз ба?Аман – есенсіз бе?
Тапсырма. «Сыпайы сөздер»
Алдын ала дайындаған жеміс ағашының сұлбасы ілінеді. Ақ қағаздан жасалған жемістер үстел үстіне жайып қойылады. Суреттің бір жақ бетіне сұрақ – тапсырмалар жазылған. Балаларға әрбір жемістің суретінің бетіне жазылған сұрақ тапсырмаларға оқушылар дұрыс жауап берсе, жемісті ағашқа ілетіндігі туралы түсіндіру.
Сұрақтар:
Айдос пен Марат сыныпта қатар отырады. Мараттың қаламы үйде қалып қойды. Ал Айдостың алдында екі қалам тұр. Марат үндеместен Айдостың бір қаламын алды да жаза бастады. Мараттың не істегені дұрыс еді? (Рұқсат па?, Алуға болама)
Айнұрдың кітабы қолынан жерге түсіп кетті. Оны көріп тұрған Бекжан жүгіріп келіп кітапты көтеріп, Айнұрдың қолына ұстатты. Айнұр үндеместен кетіп қалды. Айнұр не деп айтуды ұмытты?. (Рақмет)
Қанат жүгіріп келе жатып, партада тұрған Қайраттың кітабын жерге түсірді. Ол үндемей жүгіре жөнелді. Қанаттың орнында болсаңдар, не істер едіңдер? (Кешіріңіз) тағысын тағы сұрақтар легі жалғасады.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Ойын – жаттығу
«Сыпайы сөздерді қалай, қайда қолданамын»
Мұғалім немесе балалар кезегімен бір сыпайы сөзді атағанда, ол сөздің қайда, қалай қолданатынын бәрі бірігіп анықтайды.
Мысалы: «Рұқсат етіңіз» деген сөз бойынша берілетін жауап мынадай болуы мүмкін: бөлме ішінде отырған уақытта сыртқа шығу керек болса: «Сыртқа шығып келуге рұқсат па?», деп қолданамын. Ойын – тапсырма осылайша жалғаса береді.
Дәптермен жұмыс
Дәптер бойынша «суреттерді бояп, «әдепті бала» атты әңгіме құрастырыңдар» тапсырма беріледі.
Дәптерде «әдепті бала » айдарымен берілген суреттерді бояңдар және ол бойынша үлкендермен бірге әңгіме құрастырыңдар. Суретте:1) мектептен қайтып келе жатқан бала және жолдан өте алмай тұрған қария.
2) қарияны жолдан өткізіп келе жатқан бала.
3) баланың көмегімен жолдан өткен қарияның баланың басын сипап, алғыс айтып тұрған сәті.
Жүректен жүрекке
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі
Қ. Төлегенова___________
Сыныптар : 1«а,ә,б,в,г,ғ,д,е,»
«03.13.14.18.19» «11» 2015 ж
Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары
10 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Адами қарым – қатынасқа үйренейік.
Әдептілік – әдемілік
Сабақтың мақсаты:«Әдептілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі
мәнін ашу;
Сабақтың міндеттері:
Әдептілік, сыпайылық, ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру;
Ізеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу;
Сыйластық қарым – қатынас дағдыларын дамыту;
Көрнекі құралдар: қоржын, үнтаспа
Шаттық шеңбері
Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады.
Азамат өсіп келеді
Ерінбей сурет салады
Жасайды қағаз кемені
Таудан да биік келеді
Көрсетіп көмек кішіге
Үлкенге сәлем береді
Ұқыпты барлық ісіне
Азамат өсіп келеді
Мәтінмен жұмыс
Әдеп
Арман мен Аян қаланың ортасындағы бес қабатты биік үйде тұрады. Екеуі де екінші сыныпта оқиды. Бір мектепте оқитындықтан жолдары да бір. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Бір аялдамадан соң алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп бір әжей кірді.
Аян әжейдің қасына келіп:
Әже, мына орынға отырыңыз,- деді. Арман болса қарт адамды көрмегенсіп автобус терезесін өрнектеген қырауды саусағымен шимайлап теріс қараған күйі отыра берді.
Екі аялдамадан кейін әжей орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға ұсынды.
Мә қалқам, ала ғой.
О,не дегеніңіз, рақмет, әже!
Алманы орның үшін беріп тұрғаным жоқ. Әдептілігіңе сүйсінген алғысым ғой, деді әжей Аянға күлімдей қарап.
Аян мен Арман автобустан түсіп, мектепке бет алды. Аян алманы жеп келе жатып, төңірегіне қөңілдене қарайды. Арман қолындағы алманы бірер тістегені болмаса, тұтас жеп қоюға қысылып келеді.
Аян мен Арманның орнында сендер болғанда не істер едіңдер?
Арман не үшін алманы тұтастай жеп қоюға қысылып келеді?
Назар аударыңдар
Балаларға Алпамыс пен Махаббаттың атынан сиқырлы қоржыннан шыққан сыпайы сөздерді ұсынамын.
Қоржыннан алынған сөздер: Ассалаумағалейкум! Уағалейкумассалам! Аман- саусызба? Аман – есенсіз бе? Сәлеметсіз бе? Кешіріңіз? Рақмет! Рұқсат етіңіз!
Сыпайы сөздерді оқып берем, балалар естеріне сақтап алады.
Дәйексөз
«Сәлемдесу – әдептіліктің бастауы» деп тақтаға жазып қоямын.
Амандасу кездескен адамдардың бір – біріне амандық тілеуі, бір – бірінің хал – жағдайын біліп, қуанышқа бөлеуі. Адамның жақсы көңіл күймен, шын ниетпен, адал сезіммен амандасуы, оның ізеттілігі мен әдептілігін көрсетеді. Айналасындағы адамдардың барлығына да күлімдей қарап, ақ ниетімен сәлем беретін балаларды үлкендер «әдепті бала» деп атайды. Балалардың сәлемдесуіне қарап ақ, олардың әдептілігін байқауға болады. «Сәлемдесу – әдептіліктің белгісі» деп тегін айтылмаған.
Тапсырма
«Мен әдепті баламын» тақырыбында тапсырманы ұсынудағы мақсат балаларды әдептілікке үйренуіне көңіл бөлу. Тапсырма бойынша балалар оқулықтағы суреттерге қарап, әңгіме құрастырады.
Сергіту сәті
Бойыңды сергек тік ұста (бойларын тік ұстайды)
Деміңді ішке тез ал да (демін ішіне тартады)
Емін – еркін тыныста (терең дем шығарады)
Сол қолыңды соз алға (сол қолын алға созады)
Қол ұшына қара да (қолын жоғары көтереді)
Үшбұрыш сыз ауада (сол қолымен үшбұрыш сызады)
Оң қол да бос тұрмасын (оң қолды алға созады)
Шеңбер жасап зырласын.(оң қолымен шеңбер сызады)
Қорытындылау
Оқушылар сабақ бойы үйренгендерін өздері қорытындылайды.
Біз бүгінгі сабақтан әдепті бала болу үшін, адамдармен күлімдеп амандасу, олармен сыпайы қарым – қатынас жасау, бір – бірімізді сыйлау қажеттігін түсіндік. «Кешіріңіз», «рақмет», «Рұқсат етіңіз», сияқты сөздерді жиі айтатынымызды, үлкендерге, кішілерге мейіріммен қарап, сыйластықты қатынас жасай алатынымызды көрсеттік. Әдепті балалар – бақытты балалар.
Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап беруді ұсынады.
Ұстазыңмен кездескенде қалай амандасар едің?
Жұмыстан келген ата – анаңды қалай қарсы алар едің?
Сабақтан соң досыңмен қалай қарсы аласың?
Жүректен жүрекке
Балалар шеңберде тұрып, «Балдырған әнін» орындайды.
Балдырған әні
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз балалар, барлығымыз,
Қайырмасы:
Өмір тым жайдары
Қызықтың қайнары
Бақшамыз жайнады.
Біз – отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, батылдық – ұранымыз
Қайырмасы:
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі
Қ. Төлегенова___________
Сыныптар : 1«а,ә,б,в,г,ғ,д,е,»
«20.21.24.25.26» «11» 2015 ж
1 – сынып Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары
11 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тіл табыса білейік
Сабақтың мақсаты: «Өзара түсіністік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Сабақтың міндеттері:
- өзара түсіністік, өзара сыйластық, тіл табысу туралы түсінік беру;
-балалардың өзін және басқа адамдарды түсіне білу қабілеттерін дамыту;
-балаларды өзара жағымды қарым – қатынас жасай білуге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: суреттер, дәптер.
Шаттық шеңбері
Балалар, шеңбер құрып тұрады да, бір –бірімен кезектесіп амандасады.
-Сәлеметсің бе, Азамат!
-Қайырлы күн, Меруерт!
-Сәлеметсіз бе, Ләззат Базарбайқызы!
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын!
Осылайша бір – бірімен сәлемдесу аяқталған соң, төмендегі сөздерді айтады:
-Армысың, сұлу күн! (күнге қарап бас иеді)
-Армысың, ашық күн! (аспанға қарап бас иеді)
-Қайырлы күн, баршаға! (құшақтарын жаяды)
Әңгімелесу
Балаларға өзара түсіністік, тіл табысу жайында шағын өсиет айтып берем.
Алпамыс пен Махаббат ел аралап жүріп бір көңілсіз ауылға кезігіпті. Балалар көптен бері б бір – бірімен ойнамақ тұрып, сөйлеспей де қойған екен. Балалардың қуанышы мен күлкісінің естілмегеніне көп уақыт өтіпті. Мұндай елде өмір сүру өте қиын екен. Алпамыс пен Махаббат осы жағдайда қатты ойланып, оларға көмек бермек болыпты. Олар әрі ойлап осы халыққа ақыл –кеңес беруге Данышпан атаны алып келеді. Данышпан ата сол елдің жұртын жинап: «Адамдар бірін – бірі тыңдаса, кешіре білсе, бір – біріне шыдамдылық танытса, бірін – бірі жымиып, күлімдеп қарсы алса, өзара сыйласа білсе, тату тәтті, додостықта өмір сүреді, балалар қуанышқа бөленеді, бақытты болады», - деп айтыпты.
Данышпан атаның ақыл – кеңесін түсінген балалар бір – бірінен кешірім сұрап, тіл табысып, тату – тәтті дос болыпты.
Мәтінмен жұмыс
Өз ара сыйластық пен тіл табысудың өажеттілігін ұғындыру мақсатында Ж.Мыңтұрғановтың «Әтеш, лақ және күшік» әңгімесін айтамын.
Әтеш, лақ және күшік
Әтещ, лақ жіне кішкентай күшік бұрныннан дос еді. Бір күні ойнап жүріп, лақ мүйізімен күшікті түйіп қалды. Қорыққан күшік қашып кетті. Енді бірде әтеш лақтың арқасынан шоқып алды. Лақ бақырып жіберді. Бір – біріне көңілі қалған достар жан – жаққа кетті.
Достарын ренжітудің дұрыс емес екенін түсінген лақ күшікке барып:
Дос болайық! Мен сені өткенде байқамай сүзіп жібердім, кешір күшік, - деді.
Жарайды, кешіремін, - деді күшік.
Күшік содан соң әтешке барады:
Дос болайық!
Сендерді шоқып алғанымды кешіріңдер, достарым! – деді әтеш.
Сөйтіп үшеуі қайтадан достасты. Қазір олар бір аулада тату – тәтті өмір сүруде.
Әңгімеде әтеш, лақ және күшік қалай достасты?
Бір – бірімен ренжісіп қалғанда қалай тіл табысуға болады?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Балалар, дұрыс айтасыңдар. Адамдар бір – бірімен ренжісіп қалғанда, бірінен бірі кешірім сұрайды. Кешірімді міндет етпей, шын көңілден сұрайды. Түсіністік болмай қалған жағдайда болған істі немесе айтар ойын жымиып тұрып, асықпай түсіндіріп айтады.
Тыныштық сәті
Балалар,денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді, көздеріңді ашсаңдар да болады.
Жағдаяттарды талдау
Балалар, суреттерге қарап, осындай жағдайларда қалай тіл табысуға болатынын талдаймыз.
1 – жағдаят:
Әділ мен Мирас бірлесіп әдемі қайық жасапты. Олар қайықты өзенге жүздірмекші болғанда таласып қалыпты. Әділ мен Мирас ренжісіп қалады.
Тапсырма :
Әділ мен Мирас қалай татуласады деп ойлайсыңдар?
2 – жағдаят:
Айдос пен Марат сыныпта қатар отырады. Мараттың кітабы үйде қалып қойған. Ал Айдостың алдында екі кітап тұр. Марат үндеместен Айдостың бір кітабын алды да оқи бастады. Мұны байқаған Айдос ренжіп қалды.
Мараттың не істегені дұрыс еді.
Тапсырма:
Айдос пен Мараттың қалай татуласқаны жөн?
3 – жағдаят:
Үш дос қыз бірге ойнап жүрді. Кенет олар ойынның шартына келісе алмай, өзара дауласты. Қыздардың біреуі ренжіп қалды.
Тапсырма:
Қыздардың қалай тіл табысуына болады?
Дәптермен жұмыс
Оқушылар сурет бойынша Арман мен Жанардың қалай татуласқанын айтып беріңдер.
Жүректен жүрекке
Балалар, бәріміз шеңбер тұрайық. Бәрі қосылып ән айтады.
Біз бақытты балдырғандар
Асыр салып ойнаймыз да,
Ән шырқаймыз, билейміз,
Үлкендерді сыйлаймыз да
Тентектерді сүймейміз.
Қайырмасы:
Біз – бақытты,
Біз – бақытты,
Біз – бақытты балдырған.
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі
Қ. Төлегенова___________
Сыныптар : 1 сынып:«а,ә,б,в,г,ғ,д,е,»
«02.03.08.27.28» «12» 2015 ж
Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары
12 – сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тіл табыса білейік
Сабақтың мақсаты: «Өзара түсіністік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Сабақтың міндеттері:
- өзара түсіністік, өзара сыйластық, тіл табысу туралы түсінік беру;
-балалардың өзін және басқа адамдарды түсіне білу қабілеттерін дамыту;
-балаларды өзара жағымды қарым – қатынас жасай білуге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: суреттер, дәптер.
Шаттық шеңбері
Балалар, шеңбер құрайық. Бір – бірімізбен сәлемдеейік.
Достар тілін ұғамын
Шәу – шәу үрсе күшігім,
Жат дыбысты білгені,
Мияуласа мысығым,
Тамақ іздеп жүргені,
Қыт – қыттаса тауығым,
Алдына дән шашамын.
Үйшіктің де тәуірін,
Соған арнап жасадым.
Жас болсам да әлі мен,
Достар тілін ұғамын.
Сондықтан да бәрімен
Өте тату тұрамын.
Мәтінмен жұмыс
М. Төрежаноатың «Аяқталмаған ойын» атты әңгімесімен жұмыс жүргіземін.
Аяқталмаған ойын
Ауылдың шеті. Қарлы төбешікке су құйылып, сырғанақ жасалған. Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр. Олардың ішінде ағайынды Ахметовтар де бар. Ақан мен Асан екеуі бір шанаға отырып алып, таудан төмен зымырайды. Беттері қызара бөртіп, сырғанап ойнаудан жалығар емес.
Ақан мен Асан тау басвна шықты.