Ашы? саба?. Шо?ан — ?аза?ты? т???ыш ?алымы.
10 сынып. Қазақ әдебиеті.
Сабақтың тақырыбы: Шоқан – қазақтың тұңғыш ғалымы, қазақ әдебиетін зерттеуші.
Сабақтың мақсаты: 1. Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасынан алған білімдеріне қосымша мәліметтер келтіре отырып, жан-жақты талдау жасау, пысықтау.
2. . Оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзіндік пікір, көзқарастарын қалыптастыру.
3. Ұлы ғалымның қазақ халқы үшін жасаған қызметіне, өз халқының мәдени жетістіктеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: пысықтау, қорыту сабағыОқытудың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Өткенді пысықтау.
І. Не білеміз?
1. «Шоқан кім?»
2. «Бізге мәлім деректер»
Шоқан Уәлихановтың өмірі туралы.
Абылай Уәли Шыңғыс Шоқан
Хронологиялық кесте
1835 жылы қараша айында Қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген
1847 – 1853жылдары Омбы Кадет корпусында білім алған
1853 жылы Омбы генерал – губернаторы Г.Х.Гасфорттың адьютанты болып қызмет етеді.
1854 жылы Жетісу, Шығыс, Орталық Қазақстан өлкелерін аралап, саяхатқа шығады.
1856 жылы Шоқан қырғыз еліне, Ыстықкөл аймағына сапарға шығады.
1858 жылы Шығыс Түркістанға (Қашқарияға) сапарға шығады.
1857 жылы 17 ақпанда Орыстың императорлық географиялық қоғамына толық мүше болып сайланды.
1859 – 1861жылдыңкөктеміне дейін Ресей мемлекетінің сол кездегі астанасы Санк – Петербургте тұрады.
1864 жылы Генерал М.Г.Черняевтің әскери жорығына қатысады.
1865 жылы дүниеден озды.
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Өзіндік ізденіс – білім негізі» айдарында Ш.Уәлихановтың әр түрлі ғылым саласындағы еңбектерімен танысайық.
1. Шоқан – ағартушы – демоакрат.
А) Шоқанның демократиялық идеясының қалыптасуына бірден-бір себебін тигізген Кадет корпусы.
Ә) Потаниннің айтуынша, Шоқанның ой-пікіріне көбірек әсер еткен Гонсевский және Костылецкий болған.
Потаниннің айтуы бойынша, оның саяси бетінің айқындалуына тағы бір әсер еткен адам С.Ф.Дуров болады.
Б) Достоевскиймен таныстығының Шоқанға үлкен пайдасы тиеді.
2. Шоқан – филолог.
Шоқан — әдебиет зерттеуші, филолог.
Әдебиеттік лингвистикалық терминдерді тұңғыш қолданған, әдеби шығармалар мен тіл материалдарын әр тұрғыдан талдаған.
Ел аузынан халық шығармаларының үлгілерін жинап, хатқа түсірді, салыстырмалар жүргізіп, орысшаға аударған, түсініктер жазған. «Қазақ
халық поэзиясының түрлері», «Тәңірі», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихынан», «Жоңғария очерктері», «Қазақ шежіресі», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Профессор И.Н. Березинге хат» т.б. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ер көкше» атты халық дастандарын жазып алған.
3. Шоқан – аудармашы.
Шоқанның ғылым саласындағы тағы бір қыры – аудармашылығы.
Шоқан аудармалары
4. «Қызықты қадам» айдарында Шоқанның география ғылымына қосқан үлесі, саяхаттары туралы кестеге көңіл бөлейік.
Шоқан – географ – саяхатшы
5. Шоқан – тарихшы.
«Тарихтан сыр шертсек» айдарында Шоқанның тарихи еңбектерімен танысамыз.
1. Көне дәуір деректері Хонтайшы хақында
2. Қазақ қоғамы туралы зерттеулері
3. Отарлықтың ауыр зардабы жайында
6. Шоқан – құқықтанушы, реформатор.
Шоқанның қарапайым халықтың ел құқығын қорғаушы реформатор екенін дәлелдейік. Сот реформасы туралы жазбалар еңбегі.
7. Шоқан – этнограф
Ш.Уәлиханов өз саяхаттарында елді мекендердің географиялық, тарихи, әдеби мұраларымен қоса этнографиялық жағдайын да зерттеп, жазып кеткен.
8. Шоқан – археолог.
Шоқан өз саяхаттарында зерттеу жұмыстары барысында археологиялық қазба жұмыстарымен де айналысқан.
1. Сарбұлақ төңірегіндегі тас мүсіндер.
2. Ыстық көлдің солтүстік жиегіндегі тас мүсіндер.
9. Шоқан – суретші.
Жан – жақты талант иесі Шоқанның суретшілік қыры туралы да айтпай кету мүмкін емес.
10. Шоқан – музыка зерттеуші.
Қазақтардың басқа халықтардан әнді жақсы айтатынына дәлелді пікірлер келтірген Шоқанның музыка зерттеу саласында еңбегі зор.
«Шоқан тек бір мамандықты ғана жақсы білетін ғалым емес, ол әр жақты ғалым», — деп профессор, зерттеуші ғалым Қ.Жұмалиевтің айтқан пікіріне қосыла отырып, Шоқанның ғылымның қай саласында да өзіндік орны бар қазақтың тұңғыш ғалымы екенін дәлелдейік.
Бүгінгі сабағымыз төмендегідей құрылымнан тұрады.
І. Не білеміз? Бізге мәлім деректер.
ІІ. Не білгіміз келеді? Өзіндік ізденіс – білім негізі. (Шоқанның әр түрлі ғылым саласындағы еңбегімен тереңірек танысу)
ІІІ. Не білуге болады: «Білген сайын келеді біле бергім» (Шоқан мұраларын зерттеушілер; ғалымға қойылған ескерткіштер мен мұражайлары; Шоқан туралы лебіздер)
«Білген сайын келеді біле бергім» айдарында Шоқан Уәлихановтың бүгінгі таңда қоғамдағы алар орнына тоқталамыз.
1. «Шоқан мұраларын зерттеушілер».
2. ғалымға қойылған ескерткіштер мен мұражайлар.
3. Шоқан туралы лебіздер. ІҮ. Не білдік?
Кімде – кім мәдениетті, білімді адам боламын, сол арқылы өз еліме, өз Отаныма бір пайда келтіремін десе Шоқанның өмірі мен ісінен үлгі алуы керек.
Ү. Үйге тапсырма: төмендегі тақырыптардың біріне шығарма жазу.
1. Шоқан – саяхаткер.
2. Жарқын жұлдыз.
3. Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші.
ҮІ. Бағалау.