Та?ырыбы: Сый?ырлы шаралар (5 сынып)


Пікір.Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау.Ғылым мен техниканың қарыштап өсіп тұрған шағында жастарды белгілі бір білім саласындағы білімін жетілдіруге,ғылыми ізденушілікке деген қызығушылығын қалыптастыруға мұғалімнің ықпалы қажет деп ойлаймын.Менің пікірімше, мұғалімнің басты міндеттерінің бірі оқушының шығармашылық қабілетін ашу,оны дамыту,ғылыми зерттеу әдістерін үйрету,шығармашылық тұлға қалыптастыру.Оқушыларды тәрбиелеуде олардың жан-жақты дамуын,азаматтық белсенді позициясын қалыптастыруға және рухани құндылықтарды бойына сіңіре өсуіне,елін, жерін,тілін сүйетін нағыз азаматтар тәрбиелеуіміз керек.Осы тұрғыда мен үнемі балалармен жұмыс жасайтындықтан бар білетінімді соларға жеткізіп,солар арқылы шабыттанамын,рахатқа бөленемін.Ертеден келе жатқан «Сиқырлы шаршылар»атты сандардың белгілі реттерімен орналастыру арқылы бірдей сандардың қосындысы шығатындығын білдіретін тоғыз ұяшықтарды толтыру.Мен балаларды 5-сыныптардан дарынды деген балаларға үйге тапсырма беруден бастаймын.Жыл бойына дамыта отырып, пәнге қызығушылығын арттырамын.Солай сатылай отырып деңгейлеп тапсырмалар беремін.Биылғы оқу жылында да 5-сыныптардан 10 шақты оқушылармен осы бағытта жұмыстанудамын.Өсе келе балаларға шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыт-бағдар беремін.  Сиқырлы шаршылар Менің шығармашылық тақырыбым «Сиқырлы шаршылар». Бұл тақырыпқа қызығушылық себебім, сиқырлы тоғыз санды әр түрлі ретпен орналастыру арқылы белгілі бір жүйеге цифрларының санын қосқанда тігінен де, көлденеңінен де, диагональ бойымен де бірдей сандар шығады. Бұл менің ойлау қабілетімді арттырып және логикалық ой-өрісімді кеңейту, танымдық дағдыларымды қалыптастыруға көмектеседі. Мысалы: 2,3,4,5,6,7,8,9,10. 1-тәсіл. Осы сандар егер тақ саннан басталатын болса, онда ол шаршының төбелеріне жұп сандарды қойып шығамыз. Қанша сан шығатыны оның диагональ бойында шығып тұрады. Осындай ретпен бірнеше шаршыларды шығарып ала беруге болады. 2- тәсілі. шаршылардың төрт жағына да шаршы қоса отырып,көлденеңінен үш-үштен үш қатарға тоғыз санды ретімен жазсақ болғаны.Сонда төрт ұяшық бос қалады.Қосқан ұяшықтарға жазылған сандарды жаңағы бос ұяшықтарға жазамызда,қосқан ұяшықтарды өшіріп тастаймыз. Мысалы: Мұндай танымдық ойын есептері балаға жаңалыққа жаны құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрселерді ашуға тырысатын болғандықтан оны дамытуға көңіл бөлу керек. Жеке тұлғаның рухани күш қуатымен ерлік жігерінің шығармашылық қабілетінің жалпы мүмкіндіктерін дәл тауып, дамытып отыру білімге және оқуға деген сенімін нығайту іскерлігі мен дүние танымын қалыптастыру ынтасын арттыру басты міндет. Бұл сиқырлы сандарды көбінесе теледидардан көретін «Бинго» ойындарын және де танымдық ойындарды тез түсінуге көмектеседі. Сонымен бірге сиқырлы шаршыларды дөңгелектерменде алмастыруға да болады. Мұның да есептеу ережелері төмендегідей. Мен бұның бірнешесін шығарып көрдім. Бәрі ойдағыдай шықты. Бұл сиқырлы дөңгелекшелерді ары қарай дамытпақшымын.Сондай-ақ өзім де түрлі сандарды әріптерге белгілі бір ретпен орналастыру арқылы танымдық ойындар ұйымдастырғым келеді.Жинақтап басылымдарға беріп,достарыммен бөлісемін деген ойым бар. І-тәсіл 1,2,3,4,5,6,7,8,9.сандарын ұяшықтарға орналастырғанда тігінен де,көлденеңінен де,диоганаль бойымен де қосқанда бірдей сан шығуы керек. 4,5,6,7,8,9,10,11,12 5,6,7,8,9,10,11,12,13 Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.