2 кіші тобында?ы вариативтік са?ат бойынша «Саналы сауса?тар»
Ақтөбе облысы
Қобда ауданы
И.Білтабанов атындағы ауыл
«Болашақ» бөбекжайының
2 кіші тобындағы
вариативтік сағат бойынша
«Саналы саусақтар»
БАҒДАРЛАМАСЫ
2015-2016 оқу жылы
Түсінік хат
Бұл бағдарламадағы тақырыптар балалардың тиісті жас ерекшеліктеріне байланысты құрылған. Апталық жүктемесі – 1 сағат. Бағдарламада дәстүрлі емес тәсілмен өздеріне таныс көркемдік материалдарды пайдаланып сурет салуда балалардың саусақ бұлшықеттеріні дамиды, зейіні тұрақтанады.
Көркемдеуге арналған материалдар, оның ішінде алақанмен, құлақ шұқуға арналған мақталы таяқшамен, саусақпен, таяқпен сурет салуда балалар өз ойларын, сезімдерін қағаз бетіне түсіруіне көмектеседі. Балалардың эстетикалық сезімдері қалыптасып сурет салуға деген құштарлықтары артады. Бастаған істерін аяғына дейін жеткізуге ұмтылады.. Балаларда бір-біріне деген достық қарым-қатынас, бір-біріне көмектесуге ынталы болуына тәрбиелейді.
Баланың ұсақ моторикасының даму деңгейі – баланың мектепке дайындығының бір көрсеткіші болып табылады. Саусақ моторикасы жоғары деңгейде дамыған бала логикалық түрде ойлай біледі, оның байланыстыра сөйлеу тілі дамыған, есте сақтау қабілеті мен зейіні жоғары деңгейде қалыптасқан болып келеді. Ұсақ қимылдарды орындау арқылы баланың шыдамдылығы мен зейіні жаттығады, қиялы дамиды, ойы толығады. Баланың ұсақ моторикасын дамыту жұмысын ерте жастан бастаған дұрыс. Мектепке дейінгі ерте жастағы балаларды тәрбиелеу барысында қол жаттықтыру, қол буындарын, қол қимылын дамыту бағытындағы жаттығулар мен тапсырмаларға көбірек назар аудару қажет. Біріншіден , бұл жұмыстар баланың инттеллектуальдық ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді, екіншіден, оны жаза білу дағдыларына икемдейді.
Бағдарламаның мақсаттары :
Ерте жастағы балалардың жалпы интеллектуальды түрде және қолдың ұсақ моторикасын дамыту,
дәстүрлі емес әдіспен сурет салу арқылы көркемдік – шығармашылық қабілетін барысында еркін ойлауына, еркін жұмыс жасай білуіне мүмкіндік беру.
Білімділік: Дәстүрлі емес сурет салу әдістерін ажырату, атау оны практикада пайдалану. Умаждалған қағаз, тығын, істік, жіп т.б көркем материалдармен жұмыс істеу әдістеріне үйрету. Геометриялық пішіндер мен негізгі түстерді ажыратуға үйрету.
Дамытушылық: ұсақ қол моторикасын дамыту, шығармашылық қабілетін, байқампаздығын, ойлауын, білуге деген құштарлығын дамыту
Тәрбиелік: Сурет салу өнеріне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс істеу дағдысына, еңбектенуге тәрбиелеу.
Бағдарлама келесі міндеттерді шешеді:
қолдың ептілігін дамытады;
қолдың қозғалысын түзейді;
зейінін тұрақтандырады;
көріп қабылдау деңгейін дамытады;
шығармашылық қабілетін дамытады.
Күтілетін нәтиже:
Сурет салудың дәстүрлі емес әдістерін практикада қолдануға, атауға, ажыратуға үйренеді.
Дәстүрлі емес көркем материалдармен жұмыс істеу әдістерін меңгереді.
Негізгі және қосымша түстер мен геометриялық пішіндерді ажыратады, ұсақ қол моторикасы, шығармашылығы, қиялы, байқампаздығы, ойлауы дамиды.
Бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімі қалыптасады.
Қолданылған әдебиеттер:
Рисование с детьми дошколного возраста нетрадиционные техники, сценарии занятий, планирование Р.Г.Казакова, Т.И.Сайганова., Е.М.Седова. 2004г.
Изобразительная деятельность в детском саду младшая группа. (лепка, рисования аппликация) И.А.Лыкова. 2007.
Маленький художник занятия с детьми (рисуем пальчиками) Е.А.Янушко.2003.
Интегрированные развивающиие занятия для детей 3 лет Л.Д. Постоева, Г.А.Лукина. 2010г.
«Саналы саусақтар» бағдарламасының
тақырыптық және перспективті жоспары
№ Тақырыбы Программалық мазмұны Қолданылатын әдіс- тәсілдер
Керекті
құралдар Сағ саны Мерзі
мі
1
«Қызыл-сары жапырақтар» Саусақпен сурет салу әдісімен таныстыру, саусақпен сурет салуға үйрету.Негізгі түсініктерді бекіту сурет салуға деген қызығушылығын туғызу. саусақпен сурет салу ағаштың суреті бар ақ қағаз,сары қызыл гуашь, шүберек 2 «Жау, жау жаңбыр жау жаңбыр» Саусақпен сурет салуды ары қарай жалғастыру. Саусақ бұлшық етін дамыту.Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу Күлгін түсті А4 қағаз әр көлемдегі бұлт жапсырылған көк гуашь, шүберек. 3 «Бұтақтағы жидектер» Балаларды бұтақтағы жидектеркомпозициясын құруға үйрету саусақ бұлшық еттерін дамыту
Қоршаған ортаны аялай білуге тәрбиелеу. саусақпен сурет салу дайын бұтақтардың суреті
қызыл гуашь, шүберек 4 «Көңілді саңырау-құлақтар»
Қағаз бетіне бірдей ритмде толық нүктелерді салуды үйрету.саңырауқұлақ қалпағын әдемі бояу қабілетін бекіту саусақ бұлшық етін дамыту, жұмысына шығармашылықпен қарауға тарту саусақпен сурет салу Саңырау
құлақ ...... қағаздан қиылған саңырауқұлақ пішіні, ақ гуашь шүберек
Саңырауқұлақтардың суреттері 5 «Жемістер»
Дайын пішінді безендіруді үйрету зейін қоя білу, қимыл дәлдігін дамыту түстерді пішіндерді бекіту, эстетикалық талғамға ұқыптылыққа тәрбиелеу. Саусақпен сурет салу Дайын пішіндегі, қызыл сары гуашь, шүберек 6 «Бұршақ жауды»
Үстікпен ноқаттарды жиі, бір-біріне жақын орналастыру арқылы бұршақты, бұлтты салуға үйрету. Маусымдық құбылыстар туралы ұғымдарын бекіту ықыласты болуға достарына көмектесуге тәрбиелеу.
Істікпен сурет салу Көгілдір түсті қағаз ақ және көк гуашь, шүберек. 7 «Құламай
тын қуыршақ»
Заттың пішінін саусақпен әшекелеуге үйрету. Саусақ бұлшық еттерін дамыту ұқыптылыққа тәрбиелеу Саусақпен сурет салу дайын қуршақ пішіндеріқызыл гуашь шүберек 8 «Ертегідегі құс»
Берілген пішіннің сұлбасынан шықпай түстерді үйлесімді пайдалана отырып, ертегі құсын безендіруді үйрету үйренген машықты пайдалана білуін дамыту. Ықыласты болуға тәрбиелеу
Саусақпен сурет салу Дайын ертегі құсының пішіні гуашь, шүберек 9 «Күзгі кілем»
Негізгі түстер туралы түсініктерін нақтылау, сурет салуға деген ынтасын арттыру, өз жұмыстарына деген ұқыптылыққа тәрбиелеу
Саусақпен сурет салу Түрлі- түсті гуашь, қағаз 10 «Піскен алмалар»
Картоптың көмегімен бастыра сурет салуға әшекейлеуге үйрету, сурет салуға деген қызығушылығын туғызу, саусақ бұлшық еттерін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Картоппен мөрлеп сурет салу Дайын пішін ,гуашь, шүберек, картоп 11 «Әдемі тәрелке»
Ұсынылған пішіннің сұлбасынан шықпай дәстүрден тыс әдіспен пробкімен безендіруге үйрету, ойлауын қиялын дамыту ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу
пробкімен сурет салу Дайын тәрелке пішіні ,сары гуашь, пробкі 12 «Сәуленің алжапқышы»
Алжапқыштың жиегіне пробкімен дөңгелектер сала безендіру үйрету, саусақ бұлшық еттерін дамыту, ыждағаттылықпен ұқыптылыққа тәрбиелеу
Пробкімен сурет салу Дайын пішін, пробкі, гуашь 13 «Кішкентай шырша»
Саусақпен сурет салу қабілетін бекіту, қағаз бетіне толық ноқаттарды салуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Саусақпен сурет салу Дайын шыршаның пішіні жасыл, қызыл, көк түсті,гуашь, шүберек. 14
«Мыршайларға арналған қолғаптар»
Заттың бөліктерін тануға атауға үйрету,(бармағы, алақаны жылы қалың ) қолғап пішінінен пробкімен әшекейлеуге үйрету.(ортасына жиегіне ұқыптылыққа тәрбиелеу. Пробкімен әшекейлеу Қолғап үлгісі,пробкілер,көк, қызыл,жасыл, гуашь 15 «Саптаяқтағы әдемі бұршақтар»
Балаларды ыдыс-аяқ заттарын тәрбиешінің үлгісі бойынша безендіруді үйрету,ырғақты сезінуін дамыту,сурет салуға деген қызығушылыққа тәрбиелеу. Пробкімен әшекейлеу Ыдыс-аяқ суреттері
Саптаяқтың дайын пішіні
Пробкі ,гуашь ,шүберек. 16 «Менің сүйікті ойыншығым құлыншақ» Ұсынылған сұлбаны түрлі-түсті ноқаттарменбейнелеу үнінсаусақты пайдалануды бекіту,қиялын дамыту,ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу. Саусақпен сурет салу Дайын пішін ,гуашь, шүберек, «үй жануарлары»
суреттер жинағы, 17 «Достарыма арналған қалың жиде»
Қарапайым өрнек салуға үйрету, саусақпен сурет салу техникасын әрі қарай жалғастыру, түстерді бекіту, саусақ бұлшық етін дамыту,эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
саусақпен сурет салу жиденің пішіні, гуашь,екі қуыршақ 18 «Бөкебайды әсемде»
Жолақшаны қарапайым өрнекпен(гүл,нүкте)кезектестіре отырыпбезендіруге үйретушығармашылығын, қиялын дамыту, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу
Картоппен мөрлеп істікпен сурет салу гуашь, печать ,істік 19 «Кішкентай шыршаға қыста суық»
Суреттің барлық бетіне саусақпен ноқаттарды салуды жаттықтыру, түстерді қабылдауын дамыту, шыршаның бейнесі арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
саусақпен сурет салу шыршаның дайын пішіні, ақ немесе көгілдір гуашь. 20 «Қар жауып тұр»
Саусақпен сурет салуды ары қарай жалғастыру , саусақ бұлшық етін дамыту, табиғатқа қоршаған айналаға деген сезімге тәрбиелеу
саусақпен сурет салу ақ гуашь,ағаш, шүберек 21 «Менің сүйікті ойыншығым»
Берілген сұлбадан шықпай бейнені тығынмен әшекейлеуге жаттықтыру, саусақ бұлшық етін дамыту ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
тығынмен саусақпен сурет салу гуашь,ыдыстар,доптардың суреті 22 «Шыршадағы шамдар» дәстүрлі емес әдіспен сурет салуды ары қарай жалғастыру, саусақ бұлшық еттерін дамыту,әдемілікті сезінуге, эстетикалық талғамға тәрбиелеу
саусақпен сурет салу гуашь,ыдыс,су,шүберек,шыршаның дайын суреті 23 «Қонжыққа көпшік сыйлайық» Шаршы пішіндес заттарды бұрыштарына бастыру әдісі бойынша безендіруге үйрету, зейін аударуын қиялдауын дамыту,сурет салуға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
тығынмен салу гуашь, тығын, ыдыс,шүберек,қонжық дайын пішін 24 «Өз ойлары бойынша сурет салу» Өз ойларымен сурет салу қабілетін дамыту, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу көрме ұйымдастыру 25 «Анамызға арналған гүл» батыру әдісі бойынша гүлдерді алақан мен алақанның қырымен салуға үйрету шөптерді өз бетімен салуға қызығушылығын туғызу.Негізгі түстерді бекіту алақанмен сурет салу гуашь, ақ қағаз, шүберек, гүлдердің әртүрлі қағаздан қиылған түрлері 26 «Күн»
күн салуды үйрету Дәстүрден тыс әдісті пайдалана отырып бояуды үйлестіру жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру қолдың ұсақ бұлшық етін дамыту аңғарыппаздыққа тәрбиелеу
алақанмен гуашь сары түсті шүберек 27 «Әдемі балықтар»
Балықтар олардың тіршілігі туралы түсінік беру. Жетіспейтін бөліктерін жетістіре отырып, алақанмен балық бейнесін жасауға үйрету. Елестету қабілетін қолдың ұсақ, бұлшық еттерін дамыту ынталы болуға тәрбиелеу.
алақанмен сурет салу Көгілдір қағаз,гуашь қызыл, жасыл, көк 28 «Сегізаяқтар»
Алақанды пайдалана отырып,сегізаяқтың бейнесін салуды үйрету алақанмен сурет салу көгілдір қағаз гуашь 29 «Әдемі алаң»
Батыру әдісі бойынша гүлдерді алақанмен сурет салуға үйрету, шөптерді өз бетімен салуға қызығушылығын туғызу негізгі түстерді бекіту
алақанмен сурет салу гуашь(жасыл,қызыл ,сары) шүберек ақ қағаз 30 «Алма ағашы гүлдеді»
Дайын бейнені ұсақ ақ гүлдермен толықтыра отырып гүлден алма ағашын көрсете білуге үйрету, істікпен көмкерілген сурет салуды бекіту, гуашьпен жұмыс жасау машығын дамыту эстетикалық талғамға тәрбиелеу
Істікпен сурет салу
(ватная палочка) ағаштың дайын формасы істік, гуашь, шүберек 31 «Марғау»
Балаларды істіктің (мақта таяқшаның)көмегімен түрту тәсілімен мысықтың бейнесін жасауды үйрету, сурет салуға деген қызығушылығын қалыптастыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Істікпен сурет салу Мысықтың пішіні, гуашь,істік , шүберек 32 «Сүйкімді көжек» Бейнені ұсақ бөлшектермен толықтыруды істікпен нүкте қоюды үйрету, қимыл үйлесімділігін бейненің шетін сезінуін дамыту талап танушылыққа тәрбиелеу
Істікпен сурет салу Дайын пішін гуашь, істік 33 «Қанқыз» Әдемі жәндіктердің суретін салуды үйрету.ноқаттарды заттың жоғары жағынабірдей етіп салу қабілетін бекіту пішін мен түсті сезінуін дамыту ұқыптылыққа тәрбиелеу Істікпен сурет салу Дайын пішін,гуашь, қара шүберек істік 34 «Балапан және бақ-бақ» Батыру әдісі бойынша істікпен балапан мен бақбақтың бейнесін жасауға үйрету. Композицияқұру қабілетін дамыту, сурет салуға деген қызығушылыққа тәрбиелеу
Істікпен сурет салу Сары түсті гуашь, фломастер шүберек 35 «Түрлі-түсті шарлар» Гуашьпен ұшатын әдемі шарларды салуға деген қызығушылығынтуғызу. Сопақша пішінді сурет салуға үйрету ұқыптылыққа тәрбиелеу
Істікпен сурет салу Дайын сопақша пішіндер гуашь істік, фломастер 36 Өз ойлары бойынша сурет салу
(көрме ұйымдастыру) Бастаған ісін соңына дейін жеткізуді сурет салу үшін тақырыпты өздері таңдауды үйрету. Елестету қабілетін дамыту өз суреттерін әңгімелеп беруге деген ынталылыққа тәрбиелеу
Гуашь, қажетті құралдар