Д?ниетану п?нінен Жабайы а?дарды? к?ктемгі тіршілігі
Тексерілді: Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 1
Пән мұғалімі:
Сабақ тақырыбы Жабайы аңдардың көктемгі тіршілігі.
Жалпы мақсаты Жануарлардың көктемгі тіршілігі туралы түсінік беру.
Күтілетін нәтижелер
Оқушыларжануарлардың көктемгі тіршілігі туралы түсініктерін еске түсіреді.
Оқушылар жануарлардың көктемгі тіршілігінбақылайды.
Қоршаған дүниені бақылап, байқағандарын қорытындылай білу арқылы дүниені танып-білуге болатындығын түсінеді.
Сабақ түрі
Топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Керекті жабдықтар Дүниетану оқулығы К.А.Аймағамбетова, Т.С.Идилова,
Алматыкітап баспасы, суреттер, үнтаспа
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
Топтарға бөліну
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық көңіл-күй туғызу. Алақанымызды күнге созып, жылу аламыз. Оны жұбымызға сыйлаймыз.
Топқа бөліну
1, 2, 3, 4 сандары бойынша топқа бөлінеді.
Санау арқылы топтарға бөлінеді.
Тұсаукесер ІІ. Өткен сабақты қайталау:
-Жылдың қай мезгілі?
-Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Қар астынан алғаш шығатын қандай гүл?
-Көктемде бунақденелілердің тіршілігі қандай?
Слайдтан ұяшықтар көрсетіледі. Олар: ақшыл сұр, қызғылт сары, қоңыр, қара түстермен көрсетіледі.
Әрбір топ осы ұяшықтарды таңдайды. Олардың астында жұмбақтар жасырылады.
Сұр ұяшықта:
Қыли көздi,
Қорқақ өзі. (қоян)
Қызғылт ұяшықта:
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу. (түлкі)
Қоңыр ұяшықта:
Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен.(аю)
Қою сұр:
Санай алмай шаршадым,
Найзасы бар қанша мың.
Батыр емес бірақта
Қашып жүрер жырақта.(кірпі)
Жұмбақтың шешуін тапқан топқа суреттері беріледі. Ол сурет топтарының аттары болады.
1- топ: Қоян
2- топ: түлкі
3 –топ: аю
4- топ: кірпі
Қоян-заяц-hare Түлкі-лиса -foxАю-медведь -bearКірпі-ежик-hedgehogҚандай? сұрағына жауап алу. Сол суреттерді сипаттап айтып береді. Тіршілігі туралы әңгімелейді. Топпен жұмыстанады
Негізгі
бөлім
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жабайы жануарлардың көктемгі тіршілігі»
Оқулықпен жұмыс
Әр топ өз жануалары туралы ақпаратты жеке оқиды , оны жұппен, топпен талдап, бір оқушы оқып, түсінгенін айтады.
Оқушылар өздерінің тақырыпты қаншалықты түсінгендерін "Басбармақ" әдісі арқылы бағалайды.
Мәтін соңындағы сұраққа жауап беру.
1. Жабайы аңдар балаларын қалай күтеді?
2. Жабайы аңдар балаларын тіршілік әрекетіне қалай үйретеді?
3. Аңдардың балалары қалай аталады?
Қоян баласы көжек Түлкі баласы жаутаң, түлкішек, маршай. Қасқыр баласы бөлтірік Аю баласы қонжық
Кірпі баласы жұмсақ.
Қасқыр баласы бөлтірік Арыстан баласы абдан Барыс баласы алан Бұғы баласы бұғышақ Жолбарыс баласы шәншік Елік баласы еңлік
Сергіту жаттығуы
Ей балалар, балалар,Қоян қалай жүреді?Қоян былай, қоян былайДәл осылай жүреді.Ей балалар, балалар,Аю қалай жүреді?Аю былай, аю былайДәл осылай жүреді.Ей балалар, балалар,Қасқыр қалай жүреді?Қасқыр былай, қасқыр былайДәл осылай жүреді.Ей балалар, балалар,Түлкі қалай жүреді?Түлкі былай, Түлкі былайДәл осылай жүреді.
Дәптермен жұмыс.
І топ: Берілген әріптерден жануарлардың аттарын құрастыру.
И, М, Ж, С, Т, Қ, Е, А, П, Ш, К, І, Н, О, Л, Б, Р, Ы.
ІІ топ:“Кім шапшаң?»
Жануарлардың суретін салу, сипаттау.
ІІІ топ: Суретті құрастыр.
IV топ:Суретпен жұмыс. "Қатені түзе"
"Театрдағы әрекет" әдісі арқылы бағаланады.
Балалар өз ойларын ашып айтып, ойларын дәлелдейді.
Өздерін өздері бағалайды.
Жұмыстың соңында топтар бірін – бірін бағалайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Қорытынды
ІҮ.Қорытынды." Сөздер банкісі"
Көжектейді, шөптің, балалайды, аңдар, алтын, гүлдейді, күнге.
Қар, ағаш, күшіктейді, соқыр, қорек, інде, аналық.
Аю, қонжығын, енесін, көктемде, ағаш, гүл.
Тікеніндегі, сілкіп, жапырақ, інде.
Жануарлардың көктемгі тіршілігі туралы түсініктерін тұжырымдау.
Ү.Бағалау: Белсенділік көрсеткен оқушыларды мадақтау,бағалау.
ҮІ.Үй тапсырмасы: тақырыпты оқу,түсінгенін айту. Жабайы аңдар туралы іздену. Сұрақтарға жауап беру. Ойланады, мәтінді естеріне түсіреді,ойларын қорытады.
Рефлексия
-Не ұнады?
-Не ұнамады? Ойларын жазады.