Балы?тар, ?осмекенділер ж?не жор?алаушыларды? к?ктемгі тіршілігі.


№ 19 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі: Сулеймен Қ.Ш.
Сабақтың тақырыбы: Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі.
Білімділік мақсаты: Оқушыларды мәтінді дұрыс әрі түсініп оқуға үйрете отырып, оларды балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігімен танысу.
Дамытушылық: Білімді жаңа жағдайда қолдана білуге дағдыландыру арқылы танымдық ізденістерін, шығармашылық қабілеттерін кеңейту, ауызекі сөйлеу тілін, ойын дамыту, құзырлығын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Айналадағы дүниені қорғауға үйрете отырып, табиғаттың әсемдігін сұлулығын түсіне білуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас, топпен, дербес
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденіс, т.б.
Типі: білімді меңгерту
Формасы: дербес, ұжыммен, топпен
Көрнекілік: тірек сөздер, суреттер, жұмбақтар, алгоритм диаграммасы, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а. психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын зерттеу
ІІІ. Мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыс
1. Кезең: а) Оқушыларға жануарлардың топтарын еске түсіру тапсырылады. (жауаптары экраннан сызба жауап түрінде көрсетіледі)
35236152186305Бунақ денелілер
00Бунақ денелілер
3441702101215Қосмекенділер
00Қосмекенділер
-2190751165860Құстартар
00Құстартар
44062651165860Балықтар
00Балықтар
3523615272415Жорғалаушылар
00Жорғалаушылар
344170272415Аңдар мен малдар Сүтқоректілер
00Аңдар мен малдар Сүтқоректілер
293897217720040020777201771650001152703144239600299213574064600219456074041000376809014630400017479481102006Жануарлар
00Жануарлар

ә) Жұмбақтар жасырып, шештіру.
1. Бар екен үш қанаты ұшып кетпес,
Егін сап жұрт қатарлы кәсіп етпес
Өзінің мекенінен шығып кетсе,
Тіршілік көремін деп үміт етпес(балық)
2. Тарпаң, тарпаң тарбиған
Түрі жаман жарбиған (бақа)
3. Ши түбінде шұбар кездік(кесіртке)
4. Шел басқан шыбық,
Кетті құмға сіңіп(жылан)
б) Балық, бақа, кесіртке, жыландардың экраннан суреттері көрсетіледі. Оқушыларға олардың жануарлардың қай тобыңа жататындығын анықтау тапсырылады.
в) Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Жер гүл-шашақ тағады
Бөбектерім, айтындаршы
Бұл қай кезде болады? (көктемде)
Жұмбақтың шешуі бүгінгі сабақтың тақырыбымен байланысты екенін оқушылар назарына аудара отырып, оларды сабақтың тақырыбымен байланыстыру.
2. Кезең: Жаңа тақырыпты өздігімен меңгеру.
Оқулықпен жұмыс.
Әр топ оқушылары оқулықтағы мәтінді іштей және дауыстап оқу арқылы танысады.
Жұмыс нәтижесін талқылау: Әр топ мәтін бөліктері бойынша ауызша бір-біріне сұрақтар қояды.
І-топ: Қосмекенді.
1. Көктемде су бетінің мұзы қайтеді?
2. Балық, бақа, кесіртке, жыландар қалай көбейеді?
3. Балық немен қоректенеді?
4. Бақаның және жыланның пайдасын айт?
ІІ-топ: Жорғалаушы
1. Бақа мен итшабақтардың мекенін айт
2. Балық пен бақаның жұмыртқасы қалай аталады?
3. Олар уылдықтарын қайда шашады?
4. Бақа немен қоректенеді?
ІІІ-топ: Балықтар
1. Кесіртке мен жылан жұмыртқасын қайда салады?
2. Кесіртке немен қоректенеді?
3. Жылан немен қоректенеді?
4. Кесіртке мен жыланның айырмашылығы неде?
IV. Суретпен жұмыс:
Экраннан жануарлар тобынан қосмекенділердің, балықтардың даму процессін түсіндіруі.
Сергіту сәті:
Жаңа тақырып бойынша алынған білімді практика жүзінде пысықтау. Балық пен бақаны, кесіртке мен жыланды салыстыру жұмысын жазып көрсету.
498729019494504425315194945033489901949450027774901949440V. Салыстыру алгоритмі: Балық Бақа Кесіртке Жылан
1. Жануарлар тобы
2. Мекен ортасы
3. Көбеюі
4. Қорегі
Мұғалім мен оқушының қосымша деректері айтылады.
VI. Бекіту. Тест.
1. Көктем мезгіліндегі ауа-райының шартты белгілерін көрсет:
а) +10*, +20*
ә) +30*, +35*
2. Уылдырық нелердің жұмыртқасы?
а) кесіртке мен жыланның
ә) балық пен бақаның
3. Жұмбақты оқып, шешуін тап:
Асты тас, үсті тас,
Ортасында шақар бас
а) тасбақа
ә) қолтырауын
4. Тасбақа мен қолтырауын қай жануарлар тобына жатады?
а) жорғалаушылар
ә) қосмекенділер
5. Қайсысы дұрыс?
а) Есіңде болсын!
Бақа, кесіртке, жылан өсімдікке зиян келтіретін бунақ денелілерді құртып пайда келтіреді? Оларды қорғау керек.
ә) Көктемде уылдырық шашқанда балықтарды көптеп аулау керек.
VІI. Білімдерін бағалау.
Тест кілті арқылы оқушылар бір-бірін тексеріп, білімдерін бағалайды.
VIІІ. Рефлексия:
1. Сабақ нелер жайлы болды?
2. Сабақта не білдіңдер?
3. Нені үйрендіңдер?
4. Нені білгілерің келеді?
IX. Үй тапсырмасын беру: Мәтінді оқу, мазмұнын айту, тақырып бойынша сурет салу, қосымша мағлұмат жинау.