Балы?тар, ?осмекенділер ж?не жор?алаушыларды? к?ктемгі тіршілігі


Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігіПәні: ДүниетануСабақтың тақырыбы: Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі.Сабақтың мақсаты: Балаларға балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың ерекшелігі, оларды қасиетіне қарай тануға білімдерін кеңейту.Білімділігі: Балаларды табиғатты аялай білуге, табиғат аясында өздерін еркін сезінуге ықпал ету.Дамытушылық: Оларға қамқор болуға, табиғатты тамашалауға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың әдіс - тәсілі: айтыс, сұрақ - жауап, әңгімелеуКөрнекілігі: слайд, қима қағаздар.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру1. Оқушыларды түгелдеу2. Оқу - құралдарын тексеру3. Оқуға зейін аудару(үй құстарының дыбыстары ку - ка - ре - ку, қақ - қақ, қыт - қыт)- Не болды, балалар, бұл ненің дауысы?!- ой, апай білмейсіз бе? Бұл үй құстарының дауысы ғой.- Ия, ия тауық, қораз, қаздың дауыстары ғой- Кәне, онда кім қай құстар туралы бастайды? Балалар, мен байқап тұрмын, сендер барлығыңа дайын сияқтысыңдар! Сондықтан былай істейік!Қазір 3 топқа бөлініп, үй құстары мен оларды көктемде бағып - күту туралыайтыс жүргізейік. Ол үшін мына жұмыртқаның ішінен әр топтан бір оқушы келіп, дәмін көрсін1топ - тауық2топ - қаз3топ - үйрек(Слайдтан тауық, қораз, балапандар туралы суреттер көрсетіліп тұрады)1топ.(оқушылар тауық туралы білетіндерін айтады)Сергіту сәті2 - топ Қаздар(оқушылар қаздар туралы білетіндерін айтады)3 - топ - Үйректер(оқушылар үйрек туралы білетіндерін айтады)Ия, балалар сендер бәрін айттыңдар! Сонымен көктемде үй құстары балапан шығаратын болғандықтан адам оны асырағаннан кейін, үнемі оларға қамқорлық жасап, олардың балапандарына қорғау болып, олардың қоректенуіне, яғни жемін уақытымен шашып, алдына су беріп тұруымыз керек екен.- ал балалар енді сендерге мынадай тапсырма. Қазір мен 3 топқа мынадай суреттер қимасын беремін, соны құрастырып көріңдер, қандай суреттер шығады екен?1топ - балық2топ - жылан3топ - бақа- Олай болса балықтар, қосмекенділер, және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі туралы танысатын боламыз.- балалар сендер қандай балықтарды білесіңдер?(сазан, жайын, шортан, бекіре, жыланбалық)- есімізге түсірейік: