Технология — ?ажайыптар ала?ы


«Опорный орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Технология-ғажайыптар алаңы.
(интелектуалды сайыс)
Өткізген:Шеберхана меңгерушісі Сания Изимова
2016 жыл
Технология –ғажайыптар алаңы.
Мақсаты: Технология пәнінен алған білімдерін қорыту,бекіту.Халқымыздың сан мыңдаған ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес қазынасы-бабаларымыздың өсиет сөздерін ұғындыру. Отансүйгіштікке, адамгершілікке баули отырып, ойын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі:интер тақта, шар, плакат, кітаптар.
Барысы: Қош келіпсіздер,қымбатты ұстаздар! Жаңа заман талабы әрбір көкірегі ояу адамды толғантпай қоймайды,өскелең ұрпақ сендерге жаңа міндет жүктеп отыр. Жаңа ғасыр талаптарына сай болу үшін, салт-дәстүрімізді үйреніп, халқымыздың өткен тарихын оқып ,рухани байлығын әдет-ғұрыпын білу қажет.
Сайысымызды бастамас бұрын технология пәні мұғалімі Маймолдиева Даметкен апайға сөз беріледі. Баяндама: «Адамды адам еткен-еңбек»
Ата-салтым ,асыл мұрам ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім ,
Өткенімді бүгініммен жалғадым.
Ал енді құрметті қауым , қол соғып қошеметтеп сайыскерлерді ортаға шақырамыз. Өнерпаз және Талапкер тобы. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
1.Топты таныстыру.
2.Қолөнер сайысы (құрақ құрау)
3.Сыйқырлы қоржын
4.Аспаздық жекпе-жек
5.Топ басшылар сайысы (әр түрлі салада қойылған сұрақтарға жауап беру.)
Сайысымыз бастамас бұрын әділдікті сүйетін,әділ баға беретін әділқазы мүшелерін сайлап аламыз.
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетсе деймін.
Бәсекеге түскен сайыскерлер кезектесіп.
Таныстырып топтарын өтсе деймін.
1-кезең: «Топты таныстыру»
Топтың аты: Талапкер
Топтың ұраны:Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез.
Топтың аты:Өнерпаз
Топтың ұраны: Шыдамды еңбек алғыр ой,нағыз досың біліп қой.
«Шебердің қолы алтын» -дейді атам қазақ.Сөзге де шебер іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтарының бірі оның қол өнері.Олай болса келесі кезеңіміз «Қолөнер » деп аталады. Бұл кезеңде құрақты осы жерден қйып дайындап, қағазға жапсырады.Құрақтың атын атап жасалуын түсіндіреді.
Еңбек етсе бақ қонады ерге епті,
Еңбекпенен ел өркендей бермекті.
Мұратына жеткен әрбір азамат,
Мәңгі жырлап өтер деймін еңбекті.
Таза мінсіз асыл сөз,ой түбінде жатады дегендей келесі кезеңіміз «Сыйқырлы қоржын» деп аталады. Қоржында асықтар салынған және нөмірленген. Сол асықты тандай отырып сұрақтарға жауап береді. Ереже түсінікті болса сайысымызды бастаймыз.
1.Халықтың өз қолымен жасайтын ұлттық мәдениет пен өнер туындысы қалай аталады? (Қолөнер)
2.Металдан заттар жасайтын шеберді кім деп атайды? (Ұста)
3.Асыл тастардан, алтын күмістен бұйымдар жасайтын шебер.. (Зергер)
4... Киім тігетін шебер.. (Тігінші)
5.Етікші құралы..(Біз)
6.Жүн сабайтын ұзынша,жіңішке ағаш..(Сабау)
7.Қалың бұйымдар тігетін тігін құралы..(Тебен ине)
8.Киіз үй сүйектерін жасайтын шебер..(Үйші)
9.Кимешектің және сәукеленің екі жағына, маңдайына салбырата қадап қойған моншақ қалай аталады? (Бетмоншақ)
10.Түйенің жетек бауы қалай аталады? (Бұйда)
Әділқазылар алқасы бағаларын айтып өтеді.
Қазақ халқы асты жоғары бағалап ,қадірлей білген.Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар,асты қорласаң құстырар» деген ескертпе мақал-мәтелдер осының дәлелі . Қай заманда,қалай айтылғанына қарамастан,халық асты құрметтеудің жолын оны әзірлеудің көзін,ретін таба білген. Олай болса келесі кезеңіміз
«Аспаздық жекпе –жек» деп аталады.
Екі топ өздерінің дайындаған тағамдарын түсіндіреді. Әділқазылар алқасына сөз кезегі беріледі.
Қадірменді халайық сайысымыздың аяқталуына біраз сикунттар қалды.Сондықтан сонғы кезеңімізге өтеміз.
Сонғы кезеңіміз «Топбасшылар сайысы» деп аталады.
«Талапкер» тобы
1.Қазақтың дәстүрлі ұн тағамдарын ата.. ( таба нан,бауырсақ,шелпек)
2.Салат дегеніміз не?(бір немесе бірнеше көкөністерден дайындалған тағам)
3.Кофенің отаны?(Африка)
4.Еліміз егемендігін қай жылы алды? (1991жыл 16 желтоқсан)
5.Қалыңдықтың бас киімі? (Сәукеле)
6.Қойдың пірін ата? (Шопан ата)
7.Біз қай ауданда турамыз? (Бейнеу)
8.Сәбіз қандай көкөніс түріне жатады?(Тамырлы)
9.Қандай ұлттық ойындарды білесің? ( Алтыбақан, қыз қуу,ақсуйек)
10.Жеті жарғынын авторы кім? (Әз-Тәуке)
«Өнерпаз»тобы
1.Қазақтың дәстүрлі сүт тағамдарын ата?(айран,шұбат,қымыз,сүт,құрт,шалап)
2.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3.Адамда туа бітті дарындылық қалай аталады? (Талант)
4.Қыздар тақиясының төбесіне не таққан? (Үкі)
5.Сиырдың пірі кім?(Зеңгі баба)
6.Біз қай облыста тұрамыз?(Маңғыстау)
7.Модельдеу сөзі қандай ұғымды білдіреді?(Сәндеу)
8. Алжапқыш тігу үшін қолданылатын мата? (Шыт)
9.Кристалды ,ақ түсті, исі жоқ,дәмі тәтті өнім? (Шекер)
10.Бес арысты атаңыз? (Шәкәрім Құдайбердіұлы,Мағжан Жұмабаев,Міржақып Дулатов,Ахмет Байтұрсынов,Жүсіпбек Аймауытов)
Қорытынды:Кімдер білгір, кімдер ұшқыр,
Салыстырып біз көрдік.
Қара қылды қақ жарып ,
Әділін тек айтатын ,
Ортамызда тобе би, өзіңізге сөз бердік.
Жеңген топ әділқазылар алқасының шешімі бойынша марапатталады. Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет!