Информатика.А?парат. А?паратты? алуан т?рлілігі ж?не оларды ??деуді? т?сілдері(5 сынып)


Пән: информатика сынып: 5 күні: 05.10.2016 ж
Сабақтың тақырыбы:Информатика.Ақпарат. Ақпараттың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.
Сабақтың мақсаты
Білімділік:Ақпарат көздерін, типтері мен қасиеттерін білуі тиіс.
Тәрбиелік: Тірі табиғатта, техникада, қоғам мен адам іс-әрекетінде ақпараттарды жеткізу, сақтау және өңдеудің құндылығын түсіну.
Дамытушылық: Ақпарат ұғымымен, оның түрлерімен және өңдеу
тәсілдерімен таныстыру.
Сабақтың түрі теориялық
Сабақ көрнекілігі Оқулық, жұмыс дәптері
Сабақ жүрісі I. Ұйымдастыру
II.Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ
IV. Қорытындылау
V. Үй тапсырмасын беру
VI. Бағалау
XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап шығару ісін жолға қойып адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізу мүмкіндік жасайды. «Иформация» термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретінinformation сөзінен шыққан. Информация алу дегеніміз- біздің қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстарын құрлымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.
Сонымен , информация- белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбы-лыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Информация түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба және т.б
Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылым пән. Информатиканың негізгі обьектісі яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады.Сондықтан «информация» ұғымы информатика мен ЭЕМ –де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі
Ақпарат» ұғымы туралы өтеміз. «Ақпарат»сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан. Бізді қоршаған әлемнің ең маңызды мәні зат, энергия мен ақпарат болып табылады. Зат пен энергия сияқты ақпараттың да мәні өте зор. Оның өсімдіктердің, жануарлардың, адам мен жалпы адамзат қоғамының өміріндегі мәні олардан кем емес.
Ақпарат бұл тек кітаптардан, газет мақалаларынан немесе берілген жаңалықтардан алынған мәліметтер ғана емес, күрделі биологиялық молекулалардың құрылымында, радиосигналдар мен кілт рельфінде сақталатын мәліметтер болып табылады.
дегенмен, ақпарат ұғымы ғылымдар шегінде анықталмайтын ұғым болып табылады. Бұл ұғым барлық салаларда: философияда, жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдарда, биологияда, медицина мен физиологияда, адам мен жануарлар психологиясында, социологияда, өнерде, техникада, экономикада және күнделікті өмірде пайдаланылады. Ақпаратқа үзілді-кесілді анықтама бере алмаймыз. Оны қоршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсінуге болады. Ақпарат – белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы. Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық-саясаттық, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық.
Ақпарат алмасу үшін, жолдаушы мен қабылдаушы болуы керек. Хабар жеткізуде пайдаланылатын құралдарды ақпарат жеткізу арнасы деп атайды.Оған теледидар, радио, компьютерлік желі, басылған құжаттар жатады. Үшіншіден, адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп – ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздестіріп толықтыруды айтады. Сонымен адам ақпаратты сақтай алады, өңдейді және жеткізе алады.Бұл жағдайда адам қандай да бір әрекеттер жасайды, оларды ақпараттық процесс дейдіАдам ишарат, ым мен дыбысты қолдана отырып, ақпарат беріп, оны кез келген сезім мүшесі арқылы қабылдай алады. Адам қабылдайтын ақпаратты таңбалы және бейнелі деп екіге бөлуге болады.
Бекіту сұрақтары:
- «Ақпарат» деген сөз қандай мағына білдіреді?
-Информатика дегеніміз не?
Үйге тапсырма:Информатика.Ақпарат
Бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасына жауап бергеніне және сабаққа қатысына қарап бағалаймын.